Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақстандық өнертапқыштар

Bilimger Media
6 мин оқу 1 658 оқылым

Қысқа мерзімді сабақ  жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

«Роботтар мен киборгтар әлемі» бөлімі

Мектеп:

«№35 ЖОББМ» КММ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Айшукенова Данагул Ермековна

Сынып: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы  «Қазақстандық өнертапқыштар»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) О.9.3.1.1 мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау;

Ж.9.4.3.1 жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып жазу;

ТБ.9.5.2.1 жазба жұмыстарында (қимыл-сын бағыныңқы) сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:

«Қазақстандық өнертапқыштар»  мәтініндегі ақпараттың өзектілігін анықтайды, қорытынды жасайды.

Өнертапқышқа берілген афоризмдерді тиімді қолданып  хат  жазады.

Үлестірмеде берілген бағыныңқы, басыңқы сыңарлардан қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастырып жазады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Өнертапқыштан сұхбат алу үшін сұрақтар тізбегін құрастырып жазады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Электронды бесік жайлы тұтынушыларға  арналған жарнама жазады.

Бағалау критерийі - ақпараттың өзектілігін анықтайды, қорытынды жасайды;

- афоризмдерді тиімді қолданып хат жазады;

- үлестірмеде берілген бағыныңқы, басыңқы сыңарлардан қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастырып жазады;

- сұхбат алу үшін сұрақтар тізбегін құрастырады;

- электронды бесік жайлы жарнама жазады.

Тілдік мақсаттар Оқушылар орындай алады:

- ақпараттың өзектілігін анықтап,қорытынды жасайды;

- афоризмдерді тиімді қолданып хат жазады;

- үлестірмеде берілген бағыныңқы, басыңқы сыңарлардан қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастырып жазады;

- сұхбат алу үшін сұрақтар тізбегін құрастырады;

- электронды бесікті жарнамалап жазады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Өнертапқыш, бесік, электронды, режим, жоба, көрме, жетістік.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Қазақстандық өнертапқыш, электронды бесік,ақылды бесік,  электр тогы.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Өнертапқыштар деп кімдерді айтамыз?

Қандай қазақстандық өнертапқыштарды білесіздер?

Өнертапқыш болу үшін қандай пәндерді жақсы оқу керек?

Шаймардан қандай бесікті ойлап тапты?

Бесікті ненің көмегімен басқарады?

Дыбысты ескерту қандай жағдайдан хабардар етеді?

Шаймардан шығарған бесік не себепті ақылды бесік деп аталды?

Не себепті бесікті «Smart Бесік» деп аталды деп ойлайсыз?

Құндылықтарға баулу Білім алуға, ғылымға, техникалық жаңалықтарға құштарлықтарын арттыру.
Пәнаралық  байланыс Информатика, физика,  робототехника
Алдыңғы оқу Техникалық терминдер, роботтар, электронды құрылғылар жайында ақпараттар біледі.
Жоспар
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың

басы

7 минут

4 минут

3 минут

Ұйымдастыру сәті

Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Жылы лебіз» әдісі

Топқа бөлу

«Пазл» әдісі арқылы білім, ғылым тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жазылған қиындыларды құрастырып, 3 топқа бөлінеді.

Қызығушылықты ояту

«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі

(жаңа тақырып бойынша үш сөз немесе сөз тіркестері жазылған парақтардағы атауларға қатысты сұрақтар беріледі.

(техникалық жаңалық,  робот, өнертапқыш)

Қайда? Бұл сөз тіркестерін сіз қайда және қандай мағынада кездестірдіңіз?

Қалай? Осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

Сабақтың тақырыбын, мақсатын және бағалау критерийлерін түсіндіру.

 

Тіркестер, сұрақтар жазылған

үлестірме

Сабақтың ортасы

26 минут

9 минут

 8 минут

9 минут

1-тапсырма ТЖ; Ж

«Сканерлеп оқу», «Ішкі, сыптқы шеңбер» әдісі

«Қазақстандық өнертапқыштар» мәтінін оқып,

Флипчарттағы ішкі шеңберге өнертапқыш, электронды бесік, ақылды бесік, режимді таңдау,баланың жай- күйінен хабар беретін құрылғы, дыбысты ескерту тетігі туралы ақпараттардың өзектілігін анықтаңыз, сыртқы шеңберге электронды бесіктің пайдасы туралы қорытынды жасаңыз.

Тілші ретінде өнертапқыштан интервью алу үшін сұрақтар тізбегін құрастырып жазыңыз (көпшілік).

Дескриптор:

- мәтінді оқыңыз;

- берілген ақпараттардың өзектілігін анықтаңыз;

- бесіктің пайдасы туралы қорытынды жасаңыз;

- сұрақтар тізбегін құрастырыңыз.

ҚБ.  «Неліктен үздік» (топтар бір-бірін  бағалайды)

2 – тапсырма ТЖ; Ж

«RAFT» әдісі

Өнертапқышқа афоризмдерді (алдына жан салмады, ана сүтін ақтау, мерейі үстем болды, атағы жер жарды) тиімді қолданып, авторға хат жазыңыз.

Рөл – оқушы

Автор – өнертапқыш Шаймардан

Пішін – хат жазу

Тақырып - «ЭКСПО -2017» көрмесіне электронды бесікті жоба ретінде апарып қатысқан, қатыспағандығын сұрау.

Дескриптор:

- хат құрастырып жазыңыз;

- афоризмдерді тиімді қолданыңыз.

ҚБ: «Жасыл қалам» әдісі

Әр топ бір-бірін флипчартта жазған мәтіндерімен алмасып, бағалайды.

3 – тапсырма ЖЖ

«Сыңарын тап»  әдісі

Үлестірмеде берілген бағыныңқы, басыңқы сыңарлардан қимыл-сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдер құрастырып жазыңыз.

Өнертапқыш Шаймарданның жасаған  электронды бесігі жайлы тұтынушыларға  арналған жарнама жазыңыз. (кейбір).

Дескриптор:

- қимыл – сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын біледі;

- үлестірмеде берілген бағыныңқы, басыңқы сыңарлардан қимыл – сын бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем құрайды;

- электронды бесік жайлы тұтынушыларға  арналған жарнама жазады.

ҚБ: «Жапондық бағалау» әдісі

О- О- О – құрастыра алды;

М-М-М – құрастыра алмады;

- айтарым бар.

оқулық

үлестірме

флипчарт

Флипчарт,

түрлі түсті маркерлер

О- О- О

М-М-М

Сабақтың

соңы

7 минут

4 минут

3 минут

С. Сиқырлы қобдиша» әдісі

«Қазақстандық өнертапқыштар» тақырыбы бойынша  сиқырлы қобдиша ішіне жасырылған сұрақтарға жауап беру, жауабын білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға ұсыну.

Сұрақтар:

1.Өнертапқыштар деп кімдерді айтамыз?

2.Қандай қазақстандық өнертапқыштарды білесіздер?

3.Өнертапқыш болу үшін қандай пәндерді жақсы оқу керек?

4.Шаймардан қандай бесікті ойлап тапты?

5.Бесікті ненің көмегімен басқарады?

6.Дыбысты ескерту қандай жағдайдан хабардар етеді?

Рефлексия. Ж

«Белгілер» әдісі

- көңілді, қызықты болды;

- бәрі  түсінікті;

- сұрағым бар;

- жаңа мағұлматтар білдім;

-көңілсіз, қызықсыз болды.

Қосымша мәлімет
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)
Тапсырмаларды түсінікті және жүйелі түрде беремін.

Көпшілік оқушылар  оқылым  мәтінінен өнертапқыштан сұхбат алу үшін сұрақтар тізбегін құрастырып жазады. Ал кейбір оқушылар электронды бесік жайлы тұтынушыларға  арналған жарнама  жазады.

Сабақта қалыптастырушы бағалаудың  «Неліктен үздік» әдісі  (топтар бір-бірін  бағалайды) , «Жасыл қалам» әдісі

(әр топ бір-бірін флипчартта жазған мәтіндерімен алмасып, бағалайды), «Жапондық бағалау» әдісі сияқты

түрлері қолданылады.

Информатика, физика,  робототехника пәндерімен тақырып арқылы бaйланысады.

Сынып ішінде, топтық жұмыс жасау кезінде оқушылардың еркін қозғалуына, бір бірімен жақын қарым қатынас жасауына жағдай жасалған.

Оқушылар  ғылым, ғылыми техникалық жаңалықтар, қазақстандық өнертапқыштар жайлы, оның ішінде Шаймарданның жасаған  электронды бесігін халықтық қазына ретінде құрметтеп, ардақтау туралы пікірлерін айтады.

Сабақ бойынша рефлексия

·     Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма, қолжетімді болды ма?

·     Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқу мақсатына қол жеткізбеген болса неліктен деп ойлайсыз?

·     Сабақ қалай және қандай деңгейде өтті?

·     Жоспарланған саралау дұрыс іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

·     Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

·     Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма, неліктен?

·     Осы жоспарға қандай өзгеріс енгіземін және неге?

 
Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты):

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 16 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 193 оқылым
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 6 мин 210 оқылым