Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт жанашыры

Автор

Сәкен Сейфуллин
3 мин оқу 181 оқылым

                                                                   «Ахмет қазақ  ұлтына жанын аямай   

                                                                қызмет   қылды...     Халықтың арын

                                                                іздеп, өзінің ойға алған ісі  үшін бір  

                                                                басын    бәйгеге    тікті»

                                                                                                 Сәкен Сейфуллин

Түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері  Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданында Сарытүбек ауылында дүниеге келген.  Атасы Шошақ, әкесі, әкесінің інісі Ерғазы Ахметтің сауат ашып, білімге қанат қағуына ықпал еткен жандар. Отбасындағы алған тәрбиесі мен айналасындағы игі жақсылардың арқасында  Ахмет ұлт жанашыры болып қалыптасты. Ұлы тұлғаның алған білімі, атқарған қызметі, шығарған туындылары, аударған аудармаларының бәрі халық игілігі мен қажеттілігіне қызмет етті.

Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ»газетінің бірінші санындағы халыққа арнауында: «Аталы жұртымыздың, адуынды ұлтымыздың аруақты аты деп газетіміздің есімін «Қазақ»деп қойдық. Ұлт үшін деген күштің ұлғаюына күшін қосып, көмектесе қызмет ету қазақ баласына міндет. Қызмет етем десеңдер азаматтықтың зор жолының бірі осы»-деп халыққа, ұлтқа деген сүйіспеншілігінің адал қызмет етуінің алғышарты екендігін көрсетеді.     Ахмет Байтұрсынұлының Алаш партиясының құрамында болуы, Алашорда үкіметінің атынан Кеңес үкіметімен келіссөзге баруы, Қазревком мүшесі ретінде Қазақстан-Ресей шекарасын бекіту ісіне белсенді түрде араласуы, Қостанай уезін қайтаруы елі үшін аянбай еңбек еткендігінің дәлелі. Ұлтының жанашыры шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған. Онда ол халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпенді алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. Ақын «Қырық мысал» атты аударма жинағы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Сонымен қатар, әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.

Ақын қазақ балаларының ел қатарына қосылып, білім алуына 1896 жылдары көңіл бөле бастады. Қазақ балаларын ана тілінде сауаттандырып, әрі ана тілінде оқыту үшін жүргізген күресінен, ең соңғысы сол ана тілінде оқытатын оқулықтар жазуынан, халық ағарту кадрларын дайындап, жас қазақ интеллигенциясы өкілдерін баулуынан танылады. Оқу-ағарту идеясы – ақынның әлеуметтік  қызметінің арқауы, азаматтық борышының негізі, идеологиялық платформасының тіреуі. Бұл форманы мықтап ұстауға итермелеген-оның туған халқының тағдырын ойлап, толғанғаны көрінеді.Сондай-ақ, оның қазақ халқын «іргелі жұрт» қатарына қосу үшін жүргізген күресі және сол күресте ұстанған бір қаруы-ағартушылық идеясы болды.Қазіргі таңда біз қолданып жүрген лингвистикалық атаулардың баршасы – ғалымның жазып кеткен мұрасы. Ақын бір естелігінде: «...Орынборға келген соң, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім, одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім; үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім;төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым,»-дейді. Ақынның бұл сөзінен тіл білімін дамытуға ерекше үлес қосқандығын білеміз.

Мен өлсем де өлемін жөнімменен,

Тәннен басқа немді алар өлім менен?!

Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын,

Ел – бүгіншіл, менікі ертең үшін,- деген ақын жазықсыз жаланың құрбаны болып, 1937 жылы 8 желтоқсанда атылады. Жарты ғасыр есіміне жағылған қара күйе өшпеді. Ақталған соң халық оның өлшеусіз еңбегін көріп, «Қайран Ахаң, қазақты сүюдің үлгісін көрсеткен екенсің ғой» деп «аһ» ұрды... Ұлы тұлға жайлы, ұлт жанашыры жайлы, халқының ұлы перзенті жайлы айтылар сөз, жазылар жыр, шертілер мұң көп, есімі ел есінде қалып, жүрегімізде мәңгі сақталады

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Сәкен Сейфуллин

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Ахмет Байтұрсынұлы

Ахметтің мұрасы мәңгілік жадымызда...

Мәтінде Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық мұрасы, «Қырық мысал» жинағы және қазақ әліпбиін дамытуға қосқан үлесі баяндалады.

Арапова Гүлнұр 38 оқылым 2 мин
Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы -ұлт ұстазы

Мәтінде Ахмет Байтұрсынұлының ұлт ұстазы ретіндегі еңбегі, ағартушылық және қоғамдық қызметі, қазақ әліпбиі мен «Қазақ» газетіне қосқан үлесі баяндалады.

Абахан Нұрзия 78 оқылым 1 мин
Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақ үшін әлемдік дара тұлға

Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ үшін киелі де қасиетті есім. Қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдызы, ұлтының ұлы тұлғасы, алаш ардақтысы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының есімі қашан да өшпес жарық боп, жанып тұрар жалын…

Серік Әлия Біржанқызы 45 оқылым 2 мин
Ахмет Байтұрсынұлы

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – АУДАРМАШЫ, ҒАЛЫМ

Ахмет Байтұрсынұлының ақын, аудармашы, ғалым және қоғам қайраткері ретіндегі еңбектері баяндалады. Материалда «Қырық мысал» жинағы мен ғалымның қазақ тілі мен әдебиетіне қосқан үлесі сөз болады.

мақала 119 оқылым 4 мин