Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақ тілі - Қазақстанның болашағы!

Медешова Аружан
3 мин оқу 455 оқылым

Нарық-ғасыр бәрін сатып жібере ме алтынға,

Кім қалады сол алтынға сатылмайтын қалпында?

Жалғандық бар ұлтсыздардың беделі мен даңқында,

Ана тілін сыйламаған сыйламайды халқын да.

Мұхтар Шаханов Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар іргелі ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат, мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Қазақ халқы -ертеден өз дәстүрін, өз мәдениетін, өз тілін, өз ұрпағын қадірлеп, қастерлеп келеді. Көненің көзі болған, елдің ұйытқысы болып, қаймақтай ұйыған,туған тілді қадір тұтқан, ағаларымыздың қазақ әдебиетінде  орны бөлек, әрі зор. Ал ұлт қазынасы болған, халық санасыздығын жойған, білімдіні шыңға шығарып, «Қазақ» деген сөзді қанға құйған  ол әрине- тіл. Ұлт тілі, қазақ тілі, халық тілі!

Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай Қазақ халқының үнін тасытты, мәртебесін көтерді, Қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Жауын өткір тілмен торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қайсар рухпен -қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы.

Тіл-әрбір ұлттың мақтанышы, жан дүниесінің айнасы.Ол қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті.  Міне сондықтанда ұлттың болашағы - оның ана тілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып-«Мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Ана тілі – тағдырдың басымызға жазған тылсым күші. Ол- ең ұлы ,  тамаша тіл. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Осыдан кейін өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де, саналы ұрпақпен кеңеймек. Әлемдегі мүйізі қарағайдай елдердің санатына енуді көздеген халықтың басты мақсаты  сауатты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ. Бірақ елдің  бүгінгі күні бұрынғы КСРО қоғамыменде байланысты. Кешегі орыстандыру саясаты, бүгінгі тіл өркениетінің өспеуіне кері әсерін тигізуде.Сондықтанда бұл -қазіргі, көкейкесті мәселенің бірі. Шындығын айтсақ, тәтті өтірікті айтқанша, ащы шындықты айтқан дұрыс болар. Себебі елдің ертеңгі тұтқасы бүгінгі жастар. Қарапайым ғана мысал алсақ, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің қазақ тілінде еркін сөйлей білуі міндет болып табылады.Бірақ қазіргі күні екінің бірі , мемлекеттік қызметте бола тұра оны білмеуі. Кейбір дүкендер, жұмыс бөлімдерінің тақтайшаларындағы сөздер, сонымен қатар ресми құжаттарда ( логикалық тұрғыдан алып қарасақта) қарапайым  «Қазақстан» деген сөздің теріс жазылуы.  Бұл үлкен қателік. Қазақ тілін біле тұра өзге тілде сөйлеу ол бүгінгіге сән, кешегіге ұят нәрсе болған. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» - деп ойлансақ бұл - туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі. Ал осыған қарап жас ұрпақтың  бойына , ойына түзері көп.Солай дей тұра қазіргі күні қазақ тілінің қоғамдағы рөлін арттыруға үлкен жұмыс жасалынуда. Соның бір кепілі латын әліпбиіне ауысымыз болса, ал осы тұрғыда облыс көлемінде жасалып жатқан жұмыстарды санап жеткізе алмаспыз. Бұл ана тіліміздің кішкентай болсын бүршік жарғанының белгісі.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Медешова Аружан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 16 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 193 оқылым
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 6 мин 210 оқылым