Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №6 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №6 мақала қабылдануда·7 орын қалды 7 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

Orazkul
3 мин оқу 26 оқылым

Әбдуохап О.Ү.
Тарих факультетінің 1- курс магистранты
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Профессор м.а Абикенова Г.Е


Қазақ хал­қының азат ел ретіндегі тағдыры, тарихы, мемлекеттік дер­бестігі, жері мен шекарасы, тілі мен діні туралы мәселелер арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, өзектілігін жоғалтқан жоқ. Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше, әрбір азамат осы жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына мүдделі болуға тиіс. Еліміздің тәуелсіздік жолындағы күресте еңбек сіңірген қайраткерлеріміздің саны өте көп. Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пай­да болуымен тұңғыш ұлт­тық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды. Алаш қозғалысының лидерлері халықтың өзіндік санасын жоғары көтеріп, ұлттық бостандық идеясын ұсынды, қазақ халқының ұлттық мүддесін қор­ғау бойынша бірізді бағыт ұстанды. Алаш жетекшілерінің ұлт-азаттық ұрандары сол дәуірдің оқыған талапты, талантты жастарын баурап алды. Туған халқының халін сезіп, біліп өскен өрелі жас буын өкілдері ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің идеяларын қолдап, солармен бірге қимыл жасады. Қозғалысқа қатысты құжаттардан Алаш қайраткерлерінің оларды іске жұмылдырып, қажет жерінде тиісті тапсырмалар беріп отырғандығын байқауға болады. Алаш қозғалысына қатысқан 17-25 жас аралығындағы жастардың ішінен кейін көптеген мемлекет, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар шыққаны белгілі.Осы күнгі Қазақстан Рес­публикасы жерінің тұтастығы мен сақталып қа­луында Алаш қайраткерлерінің орасан зор ең­бе­гі бар. Олардың кеңес үкіметінің басшы­ларымен келіссөздері, әсіресе Ахмет Байтұрсынұлы­ның осы бағыттағы қажырлы еңбегі кейін, Қазақ автономиялық советтік социалистік республикасын құру кезінде осы автономияның аумағын белгілеуде шешуші маңызға ие болған. Қозғалыс көшбасшысы Ахмет Байтұрсынов: «басқалардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек! Бай болуға – кәсіп керек! Күшті болуға – бірлік керек! Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек!» де­ген еді. Әлихан Бөкейхановтың жобасы бойынша, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып, киілуі керек. Яғни мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізілуі тиіс болған. Алаш алыптарының бірі Міржақып Дулатов «Оян, қазақ» деп жар салса,  Алаштың тағы бір қайраткері Халел Досмұхамедов «Өз тілін өзі білмеген ел – ел бола алмайды. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт» депті. Алаш қайраткерлерінің басты мұраты ұлтты жұмылдыру, ояту болған еді.

Алаш  қайраткерлерінің ұстанымының арқасында, талай жастардың патриоттық сезімі оянып, Қазақ елінің тәуелсіз ел болу жолында аянбай еңбек етті. «Алаш идея­сы» – қа­зақтың мемлекеттік, елдің ұлт­тық идеясы. Өйткені Алаш – халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш – ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зия­лы­лар­дың Алаш атауын таңдауы да жай­дан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы айма­ғы­мыз­дың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеядажатыр.

Қазіргі таңда елімізде өте көп қоғам қайраткерлері бар. Оларға “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері” атағы берілді. Бұл құрметті атақ 1999 жылы 29 шілдеде тағайындалған. Елімізге сіңірген зор еңбегі үшін аса көрнекті мемлекет және қоғам, мәдениет пен өнер адамдарына, өндіріс пен әлеуметтік саланың дарынды ұйымдастырушыларына беріледі. Бәрібір де Алаш идеясы ол мәңгі жалғасын табады. Жастарға жол сілтейтін, іштегі патриоттық сезімді өшірмейтін ұстаным десек те болады.

Бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек. Біздің ата рухы алдындағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайық еңбек ету, өткенге құрмет көрсету. Ал құрметтің негізгісі – Алаш идеясын ұрпақ бойына сіңіру. Алаш идеясы – ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге жасайды.

Соңғы жаңарту: 29 қараша 2025, 17:58

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Orazkul

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Университет

Әдебиеттер тізімін ГОСТ бойынша рәсімдеу: 20 дайын үлгі

Әдебиеттер тізіміндегі қате бірден көзге түседі: қиғаш сызық жоқ, бет аралығы түсіп қалған, сайттың қаралған күні жазылмаған. ГОСТ 7.1–2003 мен ГОСТ 7.0.5–2008 талаптарын, мәтіндегі сілтемені, тізімді реттеу тәсілдерін және 20 дайын үлгіні бір жерге жинадық.

Bilimger Media 13 мин
Университет

ӘОЖ коды (УДК): не үшін керек және мақалаға қалай анықталады

ӘОЖ коды мақаланың ең бірінші жолында тұрады, бірақ студенттер оны жиі қате таңдайды. Жүйенің құрылымын, көмекші белгілерді, жиі пәндерге үлгі кодтарды, МРНТИ-ден айырмасын және кодты өз мақалаңызға анықтаудың 6 қадамын түсіндіреміз.

Bilimger Media 10 мин
Университет

Магистрант жарияланым талаптары: қанша мақала, қайда және қашан

Магистрантқа қанша мақала керек, қай басылым есептеледі, қашан жариялау керек? Талапты ЖОО ережесі, кафедра және ғылыми жетекші анықтайды. Нұсқаулықта жарияланым түрлері, екі жылдық жоспар, ресми тізім үлгісі және кафедраға қоятын сұрақтар бар.

Bilimger Media 10 мин
Университет

Аннотация үлгісі: қазақ, орыс, ағылшын тілінде қалай жазылады

Ғылыми мақала мен дипломдық жұмысқа аннотация жазудың толық нұсқаулығы: бес бөліктен тұратын құрылым, көлемі, кілт сөздер, бір мақалаға қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі дайын үлгі, сөйлем клишелері және машиналық аударманың жиі қателері.

Bilimger Media 12 мин