Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақ халқының ұлттық қозғалмалы және спорт ойындарының дене тәрбиесіндегі орны

Тагаев Усенбай Мамадалиевич
3 мин оқу 570 оқылым

Қазақ халқының ұлттық қозғалмалы және спорт ойындарының дене тәрбиесіндегі орны

Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да аса бай халықтардың бірі. Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады. Ұлт ойындары халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайларына үйлесімді жасалған әсер береді.

Ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, бірін – бірі толықтырып, байыта түседі.

Өзінің өлең – жырларында халық ойынды тәрбие құралы деп танып, оның бойындағы жастарды ойландырып, толғандырып қасиеттерін аша түседі. Ойын тек жас адамның дене күш – қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке, т.б. ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл ойының толысуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді.

Ұлттық ойындар өзінің бастауын халықтық педагогикасының тұңғиығынан алады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты ептілікті, тапқырлдықты, табандылықты т.б. мінез – құлықтың ерекшеліктеріен бірге күш – қуаты молдығының, білек – күшін, дененің сомданып шығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары припциптеріне негізделеді.

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.

Қазақ халқының ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмысынан туған. Сондықтан, оның тәрбиелік маңызы аса жоғары, әрі құнды.

Бастауыш мектептердегі балалардың дене тәрбиесі барысында қозғалмалы ойындарға жетекші роль беріледі. Дене тәрбиесінің негізгі құралы мен әдістерінің бір ретінде көп қозғалысты ойындар суықтыру және тәрбие, білім беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік ашады.

Спорттық ойын нышандары бар ойындар балалар қимыл – қозғалыс ойындарына қарағанда балалардың жинақылықты, ұйымшылықты бқылағыштықты, айқын, қолайлы қимыл техникасын ұшқыр қимыл сезімін қөбірек талап етеді. Мысалы: “Ақ серек, көк серек”, “Айгөлек”, “Соқыр теке”, “Орамал тастау”, “Ақ терек”, “Жаяу жарыс”, “Әуе таяқ”, “Жанды дөнгелек”, “Төспа доп”, “Қара құлақ”, “Доп тебу”, “Ақ сандық”, “Тең көтеру”, “Кім түртті”, “Ұшты ұшты”, “Саққұлақ”, “Қуалап соқ”, “Қан көбелек”, “Арқан тарту” спорттық ойын нышалдары бар ойындар қатарына жатады.

Ойынның тіл дамуындағы ролі ерекше. М.Горький айтқандай, бала сөзбен де ойнайды. Осы сөзбен ойнағанда, өз ана- тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғынады.

Қазақтың ұлттық ойындарының тағы бір ерекшелігі – оған өлең сөздің араласып келіп отыратындығы.

Қазақтың ұлт ойындарының бір қыдыруы “ойлануды қажет ететін ойындарға” жатады. Олар көбінесе, логикалықойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделген. Солардың төресі “тоғыз құмалақ” . Оймен келетін ойындарды сөз еткенде шахмат, дойбы ойындарының болғанын да атап өтуіміз керек. Шахмат, дойбы қазақтар мекендеген кезде түрік заманынан белгілі екенін көрсететін деректерде бар.

Ұлттық қимыл – қозғалыс және ұлттық ойындарды үзілістердегі, ұзартылған күн топтарындағы ерптеңгілік, кештердегі оқушылар ұжымында еркін сезіну, саналы тәртіп, еңбексүйгіштік , мақсатқа жетудегі табандылық атмосферасын қалыптастыруға ұмтылу қажет. Осыдан халық ойындарын сыныптан тыс тәрбие жұмысында пайдалану шартары, әдістері мен түрлерін қарастыру қажеттігі туады. Тек осындай жағдайда ғана халық ойындары тек ермекке кетпей, оқу – тәрбие мақсаттарына бағындырылып, пайдасын тигізеді. Халық ойындарын тәрбие жұмысында пайдалану мектеп келесі шарттарды орындаған жағдайда нәтиже береді.

– сынып жетекшілері, тәрбиешілер және тағы басқалар халық ойындарына жауапты қарап, кез – келгенде ғана емес, жоспарлы және күнделікті пайдалану;

– оқу жылы баында тәрбие жұмысының жалпы мектептік жоспарын, басшылыққа алып, сынып жетекшілер және пән мұғалімдері өздерінің жоспарларына міндетті түрде халық ойындарына енгізу.

– тәрбие ісі меңгерушісі халық ойындарының тәрбие жұмысы жоспарларына кіруін бақылау.

– мектеп әкімшілігі халық ойындарын үйрену және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдер мен белменді оқушылар семинарларын өткізу.

– оқушылардың ойынға қызыуын көтеру үшін оларды оларды ұйымдастырушылар мазмұны мен регін біліп қана қоймай, оларды өткізуге өздері де қатысу.

  • халық ойындарын сабақтарда, тәрбие сағаттарында, кештер мен ертеңгіліктерде қолдану мектептің кәсіптік бағдар жұмысының мазмұнына енгізу.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Тагаев Усенбай Мамадалиевич

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Осы тақырыптағы материалдар

Дене шынықтыру

Университет қабырғасында волейбол спортын тиімді дамыту жолдары: ШҚТУ тәжірибесі

Мақалада университет жағдайында волейболды дамытудың жолдары мен ШҚТУ тәжірибесі қарастырылады. Студенттік лига, факультетаралық жарыстар және тұрақты жаттығулар ұйымдастыру ұсынылады.

Серіков Алдияр Рауанұлы 8 мин 90 оқылым
Дене шынықтыру

Баскетбол ойынын оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері

Мақалада баскетболды оқытудың заманауи тәсілдері, соның ішінде ойын арқылы оқыту, саралау, бейне талдау және қалыптастырушы бағалау қарастырылады.

Жұмарстанов Қуаныш Өмірбекұлы 9 мин 10 оқылым
Дене шынықтыру

Футбол ойынын оқытудың заманауи әдістемесі: тиімді тәсілдер мен практикалық маңызы

Мақалада футболды оқытудың заманауи әдістері, практикалық жаттығулар, ойын арқылы үйрету және цифрлық технологияларды қолдану қарастырылады. Білім алушылардың дене дайындығын, тактикалық ойлауын, командалық әрекетін және спортқа қызығушылығын дамыту жолдары сипатталады.

Жұмарстанов Қуаныш Өмірбекұлы, Кауметов Нурлан Кожакпарович 5 мин 11 оқылым
Дене шынықтыру

Топта талдау жасау мен қатысу және құру процессі

"Сындыбала Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталығы" бар орта мектебі ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ Бөлім 3 БӨЛІМ ГИМНАСТИКА АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ ДАҒДЫНЫ ҚҰРАСТЫРУ Педагогтың аты-жөні ҚАНТАЕВ АЗАМАТ НУРЛАНОВИЧ…

Кантаев Азамат Нурланович 2 мин 91 оқылым