Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақ халқында болған жұт жылдары

Сарсенбаева Айкен
2 мин оқу 74 оқылым

Мақала авторы: Теміртау қаласы №2 жалпы білім беретін мектебі 11”Ә” сынып оқушысы Сарсенбаева Айкен

Тарихымыздағы ең ауыр кезеңдердің бірі - ашаршылық. Көптеген құнарлы жерлерді ғана емес, миллиондаған адам мен мал жанын жалмып өткен сұм жылдар.

Ең алғаш қайғы әкелген кезең 1921-1922 жылдары Азаматтық соғыстан кейін көрініс тапқан еді. 1921 жылы 20 млн астам адам аштыққа ұшырады деген мәлімет шықты. Биліктегілер бұл аштықты жердің құрғап, керекті астықтың шықпауынан көрді. Алайда, халықтың ішкі жағдайы одан да қорқынышты еді. Яғни әскери күш пен соғыстан кейінгі қиындықтардың орын алуы. Сол кезеңдегі ең ірі Орал, Қостанай, Ақтөбе және Орынбор губернияларында астық шықпай, мал шаруашылығы күрт нашарлап, күн өте аштықтан өлгендер саны көбейе түсті.

Одан кейінгі 1930-1933 жылдар арасын қамтыды. Бұл ашаршылықты ел тарихында “қолдан жасалған ашаршылық” деп атап кеткен. Оның өз себебі де бар. Ол сталиндік-голощекиндік реформа, яғни міндеттелген қаулылардың шығуы еді. Өз қол астындағы елдерді тәркілеу үшін, салық төлеу, жекеменшікті жою, шаруашылықтан қандай да бір пайда өндіріп алу жолы еді. Соның кесірінен, қазақ жерінде 1930-1933 жылдар арасында 3 млн 379 мыңға жуық адам азайған.

Осы ашаршылықта халқына жаны ашыған тұлғаларды да айтпай кетпеске болмас. Тарихқа көз жүгіртсек, 1932 жылы 4 шілдеде қазақ зиялылары Ф.И.Голощекинге хат жолдаған. Сталиндік-голощекиндік реформа болғандықтан, ең алғашында И.В. Сталинге жазылған болатын. Аталған бұл хат “Бесеудің хаты” деп ел аузында да, тарихта да ойып тұрып орын алған. Оның авторлары - жазушы Ғабит Мүсірепов, Алматы Комвузының басшы қызметкерлері Емберген Алтынбеков пен Мұташ Дәулетқалиев, Қазақ мемлекеттік баспасының меңгерушісі Мансұр Ғатаулин және Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының сектор бастығы Қадыр Қуанышев болатын. Бұл хаттың жетуіне тілектес болғандардың бірі - жазушы Тұрар Рысқұлов болатын. Ол Сталинге тікелей ашаршылық, ел жағдайы, халық тауқыметі туралы ашық айтып, барынша бұл мәселенің шешілгенін қалаған. Алайда, Сталин Тұрарға емес, Голощекинге сеніммен қараған еді. Қазақ әдебиетіне көз жүгіртсек, бұл хат туралы Шерхан Мұртаза “Бесеудің хаты” атты кітап жазған болатын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Сарсенбаева Айкен

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақстан тарихы

Әлия Әшім “Орыстандыру. Біз неге орысша сөйлейміз?” деректі фильмі.

Мақалада Әлия Әшімнің «Орыстандыру. Біз неге орысша сөйлейміз?» деректі фильмі мен орыс тілінің таралуына әсер еткен бес бағыт туралы айтылады.

Сарсенбаева Айкен 1 мин 70 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 25 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 009 оқылым