Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Әлия Әшім “Орыстандыру. Біз неге орысша сөйлейміз?” деректі фильмі.

Сарсенбаева Айкен
1 мин оқу 70 оқылым

Мақал авторы: Теміртау қаласы №2 жалпы білім беретін мектебі 11”Ә” сынып оқушысы Сарсенбаева Айкен

Еліміздегі мақтан тұтар журналисттеріміздің бірі Әлия Әшім өзінің саласына деректі фильм шығару арқылы үлкен үлесін қосты. Осыдан бір ай көлемінде “Орыстандыру. Біз неге орысша сөйлейміз?” атты деректі фильм жарық көрді. Бұл фильм - өзара араздықты емес, қазіргі өршіп тұрған еліміздегі ішкі мәселенің шығу көздері жайлы сыр шертеді. Жоба авторы Әлия Әшім, өткен мен қазіргі тарих көздеріне жүгініп, ізденіп, тарихтың көзін көрген тұлғалардан сұхбат алған. Солардың бірі, Мұхтар Әуезовтың ұлы Мұрат Әуезов және Сәбит Мұқановтың қызы Жанна Сәбитова. Олардың балалық шағында орыс тілі қалай тарағаны және ата-аналарының, яғни тарихи тұлғаларымыздың орыс тіліне көзқарасы қандай болғаны жайлы айтылады. Сонымен қатар, Әлия Әшім өз зерттеуі бойынша орыс тілі біздің елімізге қай жолдармен келгенінің бес нұсқасына тоқталып кетеді.

Демографиялық орыстандыру - ұлттың орыстануы.

Әскери орыстандыру - орыс тілінен хабары жоқ қазақ балаларының 2-3 жылдық әскерге барып, орысша сайрап келуі.

Экономикалық орыстандыру - индустрияландыру, жаңа қалалар салынуының арқасы.

Тың игеру кезіндегі орыстандыру - тарихта ойып тұрып орын алар тарихи кезеңнің салдарынан Солтүстік Қазақстанда әлі күнге дейін орыстандырудың болуы.

Білім беру кезіндегі орыстандыру - қаны қазақ балалардың орысша білім алып, орыс мектебіне баруы, қазақ тіліне деген сұраныстың азаюы.

Көрермен ретінде өз ойымды айтар болсам, осылайша орыстандыру саясатының қазақ жеріне келуінің себептері мен одан шыққан қорытынды салдары жайлы тарихи жазбалар, тіл жолында жүрген маман иелерінен сұхбат алу арқылы өте пайдалы және пайымды деректі фильм шыққан. Әрбір қазақ баласына және жанашырларына көріп, тарихи білім алуға кеңес беремін дегім келеді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Сарсенбаева Айкен

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақстан тарихы

Қазақ халқында болған жұт жылдары

Мәтінде 1921–1922 және 1930–1933 жылдардағы ашаршылықтың себептері мен зардаптары, сондай-ақ «Бесеудің хаты» туралы баяндалады.

Сарсенбаева Айкен 2 мин 74 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақстан тарихы

«Қазақ» газеті және Әлихан Бөкейханов: ұлттың үнін оятқан басылым

Материалда «Қазақ» газетінің ұлттық баспасөздегі орны, көтерген өзекті мәселелері және Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметімен байланысы баяндалады.

Бекбатыр Назым, Әділқас Күнімай 4 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

«Айқап» журналының қазақ қоғамындағы ұлттық сананың қалыптасуына ықпалы

Мақалада «Айқап» журналының білім беру, жер және әйел тағдыры мәселелерін көтеру арқылы ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының қоғамдық ойы мен ұлттық санасының дамуына ықпалы қарастырылады.

Ильенкова Диана, Бекзатхан Исахан 4 мин 25 оқылым
Қазақстан тарихы

Кенесары Қасымұлы және қазақ мемлекеттілігі үшін күрес

Мақалада Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың саяси мақсаттары, хандық билікті орталықтандыру әрекеттері, әскери және қаржылық ұйымдастырылуы, жеңілу себептері мен тарихи маңызы қарастырылады.

Төлеген Ернұр 5 мин 11 оқылым
Қазақстан тарихы

ҰБТ 2027 Қазақстан тарихынан тест сұрақтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындыққа арналған 20 сұрақтық тест. Жеке және контекстік тапсырмалар базалық, орташа және жоғары деңгейлерді қамтиды.

Bilimger Media 8 мин 1 009 оқылым