Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Қазақ әдебиетінің мәдениеті

Shugyla
2 мин оқу 78 оқылым

Асанәлі Шұғыла

Мақала:Қазақ әдебиетінің мәдениеті

Қазақ әдебиеті-қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлігі.Тарих қойнауындағы әдеби мұраларды қазірге дейін жеткізген жәдігер.Қазақ әдебиеті халықтың құндылықтарын,салт-дәстүрінің,ұлттық ерекшеліктерінің,мәдениетінің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Қазақ әдебиетінің шығу тегі Ауыз әдебиетімен тікелей байланысты.Халықтың ауыз екі сөйлеуі арқылы мақал-мәтелдер,жұмбақтар,ертегілер,әңгімелер ұрпақтан ұрпаққа жетіп,қазақ әдебиетінің бастауы болған.Бұл біздің еліміздің даналығын,өмірлік құндылықтарын көрсетеді.

Қазақ әдебиетінің ажырамас бөлігі - Эпостық жырлар.Соның ішінде Алпамыс батыр,Қобыланды батыр сияқты жырлар.Бұл жырлар біздің ұлттық санамыздың өсуіне ықпалын тигізіп,бізге отансүйгіштік,елжандылық қасиеттерді насихаттайды.Батырлар жырлары еліміз үшін қасық қандары қалғанша азаттық үшін күрескен тұлғаларымызды,ел мен жеріміздің маңызын басты құндылық етіп алады.

19-ғасыр мәдениетіндегі қазақ әдебиеті жаңа бағытты ұсынған болатын.Бұл заманда еліміз білім нәрімен енді сусындап,ағартушылыққа қадам басқан кез еді.Абай Құнанбаев,Шоқан Уалиханов,Ыбырай Алтынсарин сынды тұлғалар сол заман әдебиетінде үлкен рөл атқарды.Абай Құнанбаев-еліміздің ұлы ақыны,философы,ағартушысы Қазақ әдебиетіне жаңа леп беріп,әдебиетімізді шыңға шарықтатты.Сол кісінің арқасында елімізді қазіргі таңның өзінде көп елдер таниды.

Кеңес дәуірі қазақ әдебиетіне жаңа жанрлар мен бағыттар әкелді.Саяси-идеологиялық жүйе әдебиетте социалистік реализмді қалыптастырды. Бұл кезеңде қазақ әдебиеті ұлттық мәселелермен қатар кеңестік идеологияның шеңберінде дами бастады. Дегенмен, бұл кезең қазақ әдебиетінің дамуы үшін елеулі болды. Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов сынды қаламгерлер жаңа әдеби бағыттардың негізін қалады.
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы қазақ әдебиетінің ұлы туындыларының бірі болып саналады. Бұл роман қазақ халқының тарихи даму жолын, ұлттық құндылықтарын, Абайдың тұлғалық келбетін жан-жақты аша отырып, қазақтың рухани байлығын әлемге танытты.

Қазіргі заман әдебиеті еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жанданып келеді.Әдебиетімізде Елдің жаһандану барысы,тарихи өзгерістер,ұлттық құндылықтар тақырыбы көтеріледі.Бұл әдебиеттің 19шы ғасыр мәдениетінен айырмашылығы ол жаңа заман талабына сай жазылып жатыр.Жазушылар мен ақындар өз шығармаларында тәуелсіз елдің кескені мен бірлікті көрсетеді.Еліміз әдебиет аршылы бірлік идеялогиясын жүргізу үстінде.

Халықтың ұлттық болмысын,тарихын,жәдігерлерін сақтап тұрған қазақтың қазынасы осы - әдебиет.Қазақ әдебиеті мәдени ұлттық сана-сезімнің қалыптасуына ,ұлттық рухани дамуына,мәдениет саласының бір сатыға болсын көтерілуіне орасан зор үлес қосты.Әдебиетімізді ары қарай да кеңейте беру біздің міндетіміз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Shugyla

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл: білімнің шамын жаққан ұлы тұлға

Мақалада Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, қазақ балаларына білім беру жолындағы еңбегі мен әдеби мұрасы сөз болады. Оның шығармаларындағы білімге құштарлық, еңбекқорлық және адамгершілік идеяларының бүгінгі маңызы көрсетіледі.

Қожабек Амина 2 мин 11 оқылым
Қазақ әдебиеті

Асқар Алтайдың «Сират көпірі» шығармасы: тарихи романның көркем жүйесі мен рухани ұстанымдары

Мақалада Асқар Алтайдың «Сират» романы тарихи-философиялық қырынан талданып, кейіпкерлер жүйесі, көркемдік құрылымы және ұлттық рух мәселелері қарастырылады.

Жазит Алтынай 12 мин
Қазақ әдебиеті

Аңыз әңгімелердегі ұлттық құндылықтар

Ғылыми мақалада қазақ аңыздарының тарихи жадты сақтаудағы және ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне жеткізудегі маңызы қарастырылады.

Сейтхан Ернұр 4 мин 29 оқылым
Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

Шымкент қаласы. Қазақстан Зиятркелік "Бәйтерек мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Тельмаева Назерке Жаскыранкызы 3 мин 123 оқылым