Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Орыс тілі бізге қайдан келді?

Автор

Аяжан
2 мин оқу 40 оқылым

Тақырыпты оқи салысымен мына «қазақ сымақтар» қайдан шыға береді деген ойға келген боларсыз?! Біз қандай да бір ұлт пен тілді кемсітумен емес, өз ана тілімізді дәріптеумен айналысамыз. Еліміздің болашағы мен тағдыры тіл мәселсімен қатар шешім табатынына сеніммен қараймыз.

«Қазақ» болып танылғанымызға биыл 558 жыл толып отыр. Халқымыз тарихында жеткілікті азап көрді. Жоңғар шапқыншылығы мен Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресей территориясына өткізуі, осының әсерінен Патша үкіметінің қазақ халқына туған жерінде қысым жасауынан орын алған көтерілістер бізді әбден әлсіретті. ХХ ғасырда КСРО құрамына кірер-кірместен дауыс беру немесе өз ойын айту құқығынан айырылды. Ал аталмыш одаққа түпкілікті мүше бола салысымен, ұлтымызды жойып жіберуге дейін жеткізу шаралары ұйымдастырылды.
Бұл оқиғалардан соң не болғанын барлығымыз білеміз...Соғыс пен тоқырау жылдары елімізге өзге ұлт өкілдері жаппай эмиграцияланды. Поляктар, дүнгендер мен ұйғырлар, орыстар мен украиндер, немістер мен кәрістер және т.б. Осылайша, көп ұлтты мемлекет болуға деген алғашқы бастамалар орын алды. Алайда, ұлттардың барлығы сол заманның мемлекетттік тілі – орыс тілін ұстануға мәжбүр болды.

Қазақ тіліне қарсы жасалған шаралардың ішінде білім ордаларын жабу немесе мешіт-медреселердің жұмысын тоқтату бұқараға аса ауыр тиді. Біле білсеңіз, қарапайым ауыл балалары, тіпті ересектері де молдадан ғибрат алу арқылы көздерін ашқан. Сәбидің бойына бала-бақшаға барған сәтінен бастап орыс тілі дарытты. Отандық тарихымыздағы тіл тарихының легі осындай.

Қазіргі таңда біз тәуелсіз, ешкімге бас имейтін мемлекет болып табыламыз. Бірақ бала-бақшадағы балалар әлі күнге дейін орысша сөйлейді. Неліктен? Өйткені халқымыз ұлттық сананы оятпай, жауып қойды, яғни сол уақыттың орыс тілімен ғана шектелді. Онымен қоймай, ана тілін білмейтін отандастарымыз өздері сөйлейтін тілге балаларын да үйретіп жатыр. Теледидарды, телефонды орысша қараған адам тілден мақұрым болмасқа не амал? Бұл тақырып үлкен-кіші демейді. Өз тағдырымыз, еліміздің тағдыры әрбіреуімізге тікелей байланысты.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» дейді. Ана тіліңе құрмет көрсету – ана тіліңде сөйлей білу. Сондықтан, бұл мәселені шешу үшін барлығымыз бір ұлт болып, жұмыла атсалысайық!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Аяжан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Ғылым

Орталық Азия елдеріндегі су секторының дамуы: ерекшеліктері, болашағы және қиындықтары

Мақалада Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару, трансшекаралық мәселелер мен климат өзгерісінің ықпалы қарастырылады. Тұрақты шешімдер мен аймақтық ынтымақтастық жолдары ұсынылады.

Аяжан 45 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Нәзір Төреқұлов

Нәзір Төреқұловтың өмір жолы, ұлтына қатысты пікірталас және мемлекеттік қызметтері баяндалады. Материалда оның ағартушылық пен тіл мәселесіне қатысты бастамалары да қамтылған.

Аяжан 76 оқылым 5 мин
Ұстаз ойы

Тілі өлген ел-тірі өлген ел

Ой-толғауда ана тілін сақтау, жастардың қазақ тіліне көзқарасы және ұлттық мұраны келер ұрпаққа жеткізу жайы қозғалады.

Аяжан 160 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 16 оқылым 3 мин
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 193 оқылым 6 мин
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 210 оқылым 6 мин