Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиялары.

Дина Абдрашовна Тураева
3 мин оқу 605 оқылым

Тренинг тақырыбы: Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиялары.

Мақсаты:

Білімділік: Мұғалімдердің жаңа технология туралы ойын және оқыту мен тәрбиелеудің жаңа жетілдірілген әдіс-тәсілдерін қаншалықты қолданылатынын байқау, тақырып аясында өз пікірлерін ортаға салуға шақыру.

Дамытушылық: Қазіргі қоғамдағы білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың тиімділігі туралы пікір алысу.

Тәрбиелік: Топпен жұмыс жасай отырып, бірауыздыққа, ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға шақыру.

Көрнекіліктер: Ұлы адамдардың қанатты сөздері және анализ жасау бәйтерегі.

Өту барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.
  2. Танысу.

Ұстаз – ол өз кәсібін, өз пәнін, барық шәкірттің, мектебін сүйетін адам. Қазіргі таңда ұстаздың жетістігі шәкірттің білімімен көрінеді. Олай болатын болса, бүгінгі танысуымызды шәкірттерімізбен байланыстырайық.

  • Психологиялық жаттығу:

Барлық мұғалімдерге  бір – бірден қағаз сулық таратылып беріледі. Олар қолдарындағы сулықтарын ортасынан бір бүктеп, оң жақ бұрышын қырқып алып тастайды. Тағы да бүктеп сол жақ бұрышын қырқып алып тастайды. Осы процесс сулық бүктеліп, қырқылмайтындай дәрежеге жеткенге дейін қайталанады. Соңында сулық толық ашылады. Жаттығуға қатысқан мұғалімдердің сулықтары әр түрлі болып шығады.

Жаттығуды қорытындылау:

Қазақта мақал бар «Бес саусақ бірдей емес» деген. Осы жаттығуға қатысқан барық мұғалімдерге бірдей түсіндірілді, бірақ әр мұғалім әр түрлі қабылдады. Ал егер біз бірігіп, топ болып, ақылдасып бірге істесек, онда нәтижесі бірдей болған болар еді. Сондықтан ендігі тапсырмаларды топтасып шешуге шақырамын.

I бөлім: «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

1-топ сұрағы: «Жаңа адам» немесе «жаңа тұлға» дегенді қалай түсінесіз?

2-топ сұрағы: «Жаңашыл ұстаз» қандай болу керек?

Қорытындылау:

Қазіргі таңда білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамыуында жетекші роль атқарады. Ал болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін – жаңа тұлғаны, білікті, намысты, рухты, алғыр, жан-жақты жетілген, интелектуалды және эрудициялы адамдарды шығару – жаңа формация мұғалімінің қолынан келеді. Жаңашыл мұғалім – рефлекцияға қабілетті, өзін - өзі ілгері ұмтылдыратын әдіснамалық, зерттеушілік, коммуникативтік, ақпаратты, рухани – адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

II бөлім: «Сабақ беру үйреншікті нәрсе емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер». Ж. Аймауытов.

1 – топ сұрағы: «Жаңашыл адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді» дегенді қалай түсінесіз?

2 – топ сұрағы: Оқыту мен тәрбиелеуге жаңа технологиялар, жаңа әдістемелер қажет деп ойлайсыз ба?

Қорытындылау:

Қоғам бір орында тұрмайды. Қоғамға жаңа адам керек. Оны оқыту мен тәрбиелеу үшін жаңашыл ұстаздардың еңбектері арқылы іске асатын жаңа заман талабына сай инновациялық технологиялар, жаңа әдістемелер қажет.

Елбасымыз өзінің Жолдауында «Болашақта өркениетті елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» деген екен. Бұл істі атқару - өз кәсібін жақсы меңгерген ізденпаз, өзін - өзі жетілдіруге ұмтылған рухани дамыған, жаңашыл ұстаздың қолынан келеді деп ойлаймын.

III бөлім: «Сәулелі ойдың шуағы» Сергіту сәті:

Ортақ тапсырма: Білім – ғылымға байланысты бір шумақ өлең шығару.

IV бөлім: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор еңбекшісін де, кеншісін де  ұстаз өсіреді». Б.Момышұлы.

Ортақ тапсырма: Сіз өз шәкіртіңіздің болашағын қалай суреттеген болар едіңіз? Берілген суреттерді пайдалана отырып, өз шәкірттерінің болашағын болжау және өз ісінің нәтижесін көру, сезіну.

Қорытынды:

Б.Момышұлы айтқандай, «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор еңбекшісін де, кеншісін де өсіретін ұстаз».  Сондықтан бәріміздің ойлаған  мақсатымыз, атқарар ісіміз біреу, ол – бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу. Біз әрқайсымыз ізденпаз ғалымбыз, нәзік психологпыз, тынымсыз еңбекқормыз, өз ортамыздың ұйытқысымыз. Жан-жақты шеберміз, білімдіміз, жалпы айтқанда сегіз қырлы, бір сырлымыз. Олай болса, біздің қолымыздан бәрі келеді. Біздің әрбір сабағымыз қызықты өтеді. Сондықтан сабақтарымызда пайдаланып жүрген технологияларымыз бен әдіс-тәсілдерімізді, жұмыс түрлерін арнайы жапырақтарға жазамыз.

Сабақты жалпы қорытындылау:

Алдымызда тұрған алып бәйтерекке мән беріп қарайтын болсақ, 7 бұтағы бар. Бәйтеректің 7 бұтағы – облысымыздың 2 қаласы мен 5 ауданы. Облысымызда жаңашыл мұғалімдердің саны көбейіп, осындай бас қосуларда тәжірибе алмасып, өлкеміздің білім сапасының жақсаруына өз үлесімізді қоссақ, онда біз жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде өз мақсатымызға жетіп, тамыры тереңге кеткен мына бәйтеректей желкілдеп өскен білімді ұрпағымызды мақтан тұтамыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, сіздерді бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Дина Абдрашовна Тураева

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Ұстаз -таудан арқырай аққан тау өзені

Ұстаздың қоғамдағы орны, шәкірт тәрбиесіндегі жауапкершілігі және өмір бойы іздену қажеттігі туралы толғаныс.

Дина Абдрашовна Тураева 4 мин 31 оқылым
Ұстаз ойы

Болашақ-білімді жастардың қолында!

Мәтінде ұстаздың жас ұрпақ тәрбиесі мен біліміндегі орны, сондай-ақ Ақтаудағы №10 мектептің мұғалімдері туралы ой қозғалады.

Дина Абдрашовна Тураева 2 мин 452 оқылым
Ұстаз ойы

Оқытудың озық технологиясы

Мәтінде орыс мектептерінде қазақ тілін үйретуде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, топтық жұмыс ұйымдастыру, диалог жүргізу және оқушыларды өзара бағалауға үйрету тәжірибесі баяндалады.

Дина Абдрашовна Тураева 2 мин 630 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 150 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 63 оқылым