Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұстаз -таудан арқырай аққан тау өзені

Автор

Дина Абдрашовна Тураева
4 мин оқу 31 оқылым

Ұстаз -таудан арқырай аққан тау өзені

Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауымен ұстаз болуым. Ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нәрімен терең сусындаған, тәрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен  алға аттатсам – бұл менің өмірімнің ең шынайы әрі ғажайып мәні. Өйткені мен ұстазбын, келешек ұрпақтың сәулетшісімін. Міне,осындайда «Ұстаз-ұлық емес ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін әрқашан есіме аламын.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.

ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Ұстаздың жан-жақтылығы, үнемі ізденіс пен шығармашылық жолындағы талабының болуы шәкірт жүрегіне бірден-бір жол салады. Ондай ұстаздан шығармашыл, құзіретті және жаңа үлгідегі мұғалім күтіледі.

Иә, қазіргі біз өмір сүріп жатқан ХХІ ғасырдың алғашқы баспалдақтарында білім жүйесінде қарқынды түрде инновациялық жаңғырту процестері жүріп жатыр. Әлемде болып жатқан жаhандану жағдайы бала тәрбиесін зерттейтін педагогика ғылымына да түбегейлі өзгерістер әкелуде. Жаңа заманның жас жеткіншектері жаhандану үрдісіне етене кірісіп кеткендей. Ақпарат легі өте көп. Сондықтан бүгінгі ұстаз олардың сапасымен тәрбиелік көп көңіл бөліп отыруы керек.

Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп,жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастайдомалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз -Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана.Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегіжауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтыпжатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы.

Әрине, ұстаз болу жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіру аздық етеді. Ұстаздық атты ұлы шыңға көтерілу үшін өмір бойы оқисың. Өзің шын мәніндегі үлкен оқушы болғанда ғана кемел ұстаздыққа қол жеткізі аласың деп білемін.   Бұл менің ұзақ жылдар ұстаздық еткен қызметімнің алтын арқауы, бәйтеректей биік діңгегі.

Ұлы ғұламамыз Әбу Насыр Әл-Фарабидің  «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген ұлағатты сөзі есімнен шыққан емес. Басты өмірлік кәсіби ұстанымым ретінде мақсатымды алтын қазыққа байлап келемін.

Мұғалім жайлы Ахмет Байтұрсынов былай деген: «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді,педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім». Демек мектептен балалардың көбірек білім алып шығуы, немесе білім сапасын көтеру арқылы нәтижелілікті арттырудың басты тетігі – кәсіби ұстаз,ұстаздың білім мазмұнының жаңаруы жағдайындағы педагогикалық,психологиялық, дидактикалық, әдістемелік жаңалықтарды өз тәжірибесіне ендіруі.

Ең бастысы, мұғалім шын мәнінде баланы жан тәнімен беріле сүюі керек. Алдымен рухани қуат беруі керек. Мейірімділік, шыдамдылық, кешіре білу, баламен тең жағдайда сырласу, оның мүмкіндіктеріне сену, ойын әрқашан құлақ қоя тыңдау тәрізді қасиеттері арқылы ғана мұғалім өз мәртебесін көтере алады.

Менің ұғымымда,  ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне жақсы үйретуден де тереңірек жатыр. Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, сол зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жандүниесіне жол таба білу – біздердің, ұстаздардың бұлжытпас борышымыз.

Балаға үнемі қолдау көрсету – үлкен мәнді гуманиеті ізгі ұстаным. Оның астарында не бір қағидалар бар: баланы жақсы көру, оның адами өмір сүру ортасын шама жеткенше ұйымдастыру, баланың бойынан өзінің балалық шағын зерделі көзбен көру.

Мұғалім әр оқушының мінез-құлқын, көз қарасын, талғамы мен әдет дағдыларын зерделеп, әр баланың өз шамасына сай дамуын қамтамасыз ететін тәрбие сағаттарына бейімдеу қажет.Бұл сағаттар – ғибратты да әсерлі болуы тиіс- ақ.

Алға қойған мақсаттарға кедергі келтіретін себептерді дер кезінле айқындап, оның алдын алу немесе болған жағдайларға сәйкес тәрбие бағдарын жедел өзгерту, баланың өз белсенділігіне көбірек сүйену – тамаша нәтижелер береді.Ұстаздың асыл да ауыр еңбегінің мұраты сонда ғана ақталады. Мен осы айтылған талап – деңгейінен табылып, отыруға бар күш жігерімді, білімім мен білігімді жылдар бойғы тәжірибемді жұмсап келемін. Егер де қолым өз еңбегіммен нәтижелерге жетіп жатса, соның арқасы деп білемін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Дина Абдрашовна Тураева

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Ұстаз ойы

Болашақ-білімді жастардың қолында!

Мәтінде ұстаздың жас ұрпақ тәрбиесі мен біліміндегі орны, сондай-ақ Ақтаудағы №10 мектептің мұғалімдері туралы ой қозғалады.

Дина Абдрашовна Тураева 452 оқылым 2 мин
Ұстаз ойы

Оқытудың озық технологиясы

Мәтінде орыс мектептерінде қазақ тілін үйретуде жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, топтық жұмыс ұйымдастыру, диалог жүргізу және оқушыларды өзара бағалауға үйрету тәжірибесі баяндалады.

Дина Абдрашовна Тураева 630 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

Омонимдер

Омонимдер тақырыбындағы қазақ тілі сабағының мақсаты, кезеңдері мен тапсырмалары берілген. Оқушылар омоним сөздердің мағынасын ажыратып, оларды көп мағыналы сөздермен салыстырады.

Дина Абдрашовна Тураева 693 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин