Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Оқылымның стратегиялары

Автор

Тумабаева Ақерке Берікқанқызы
3 мин оқу 309 оқылым

Оқылымның стратегиялары

Тумабаева Ақерке Берікқанқызы

№35 гимназия

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Мақалада сыныпта үлкен әлеумет пен құндылыққа ие әр түрлі оқыту стратегиясы бар.Білім беру және білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер осы белсенді және терең білім алуға көмектеседі . Білім беру психологиясының бізге әкелетін нұсқауларына және дәлелдемелерге бағынбау қателік болмас еді.

Оқылымның стратегиялары:

  • Шолып оқу: мәтін тақырыпшасын, бөлімдер аттарын, абзац сандарын шолу.
  • Болжап оқу: мәтіннің құрылымдық бөліктерін жекелеп оқып, ары қарай не болатынын, автор ойын болжау.
  • Көз жүгіртіп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымын жылдам, жалпылай көз жүгіртіп оқу.
  • Зерттеп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымдық бөліктерін шолып оқуға қарағанда күрделі оқу түрі. Зерттеп оқу оқушыдан назарын шоғырландырып оқуды талап етеді. Оқылым мәтінінің астарлы ойын, автор көзқарасын, мәтіндегі көтерілген мәселені, факті мен көзқарасты зерделеп ажырату зерттеп оқудың ерекшелігі болып табылады.
  • Детальді түрде оқу: әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.
  • Түсініп оқу стратегиясы: мәтіннің мазмұнын, автордың айтпақ болған ойын, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну үшін әр ақпаратты ұғынып оқу.
  • Талдап оқу стратегиясы арқылы стилі мен жанрын, кімдерге арнап жазылғанын талдап оқу.
  • Астын сызып оқу немесе белгілеп оқу стратегиясы арқылы мәтіннің тілін, автордың оқырманмен байланысын анықтау.
  • Комментарий жасап оқу стратегиясы арқылы автордың айтпақ болған ойын, мәтіннің кімдерге арналғандығын анықтау, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну.
  • Рөлге бөліп оқу стратегиясы арқылы мәтін ойын рөлге кіріп оқу арқылы саралау.

Оқылым дағдысының әр мақсаты «шиыршық» принципі негізінде жеңілден күрделіге қарай ұсынылады. Мысалы:

Оқу мақсаты 6-сынып 7-сынып 8-сынып 9-сынып 10-сынып
О4.Мәтіндерге   салыстырмалы анализ жасау 6.О4. Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру. 7.О4.Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын,  мазмұнын,  тілдік ерекшелігін  салыстыру. 8.О4. Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем  әдебиет стиліндегі  мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін  салыстыра талдау. 9.О4. Тақырыбы ұқсас ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің тақырыбын, түрлерін (әңгімелеу,сипаттау, талқылау),құрылымын салыстыра талдау. 10.О4. Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін,құрылымын, тілдік ерекшелігін  салыстыра талдау [3].

Қазақ тілі пәнінде мәтінтану (оқылым/тыңдалым) мен мәтінтудыру (айтылым/жазылым) – қатар жүретін үдеріс. Барлық дағдыларда мәтін ұғымы қолданылады. «Мәтін – аяқталған толық мазмұнды білдіретін қарым-қатынастың, әсер етудің ерекше бірлігі. Ол – хабарды сақтаушы және жеткізуші болып саналады» [4]. Оқылым дағдысын арттыруда мәтіндерге салыстырмалы анализ жасау мақсаты көп ізденісті қажет етеді. Ұсынылған мәтіндерді оқи отырып, оқушылар екі мәтінге салыстырмалы талдау жасайды: мәтіндердің формасы мен түріне, стилі мен жанрына, мақсаты мен мазмұнына, аудиториясына, тіліне сараптама жасайды.

«Мен еш уақытта өз оқушыларыма ешнәрсе үйретпеймін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын»,- деп Альберт Эйнштейн айтқандай, еліміздің ертеңін, тәуелсіз ел тірегін, саналы ізбасарларымызды білім нәрімен сусындатуда олардың оқуы үшін жағдай жасау қажет. Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасамас бұрын ұсынылған мәтінді Оқылым стратегияларының тиімдісін қолданып оқуға бағыттау керек. Себебі мәтінге талдау жасамас бұрын оқырман оқудың тиімді тәсілін меңгеріп, содан кейін ғана сол тәсілдерді сараптама жасауда ұтымды пайдалануға дағдылану тиіс. Осыған орай оқылым дағдысын жақсартудың технологиясын пән мұғалімдері жетік білуі керек. Себебі оқылым барлық дағдылардың негізі болып табылады. Ал оқылым стратегияларын тиімді қолдануға бағыттай отырып, оқушылардың мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау дағдысының сапасы арттыруға болады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Тумабаева Ақерке Берікқанқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Қазақ тілі

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ- қазақ тілі

Мәтінде қазақ тілінің қалыптасу тарихы, түркі тілдері арасындағы орны, әдеби мұрасы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретіндегі мәртебесі баяндалады.

Тумабаева Ақерке Берікқанқызы 477 оқылым 17 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 16 оқылым 3 мин
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 193 оқылым 6 мин
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 210 оқылым 6 мин