Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Өнерлінің қолы алтын

Есимова Айжан
5 мин оқу 381 оқылым
Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім: Сәулет өнері

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Жамансор бастауыш мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Танбаева Марал

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Өнерлінің қолы алтын      Мұзафар Әлімбаев «Он саусақ», Шона Смаханұлы «Он саусақ»
 Оқу мақсаты 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін, сөйлемді табу;

3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу.

Сабақ мақсаты Барлық оқушылар: өлеңге тақырыбын анықтай алады.

Көптеген оқушылар: өлеңнің негізгі ойын анықтайды; өлеңнен көркем сөздерді табады.

Кейбір оқушылар:  өлеңнің негізгі ойын анықтайды, өлеңнен көркем сөздерді  анықтайды;  өз ойын білдіруде көркем сөздерді қолданады.

Бағалау критерийлері ·         өлеңге тақырыбын біледі;

·         өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;

·         өлеңдегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді, бөлікті  анықтайды;

·         өлеңнен көркем сөздерді (теңеу,эпитет) табады.

Тірек сөздер Оқушылар: Еңбек түрлерін атай алады. Өлеңнің негізгі ойын анықтайды. Өзі таңдаған мамандық туралы ойын жаза алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Он перне, он саусақ, қала салсақ, жол салсақ.

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Күшіңе сенбе, ол сені алдауы мүмкін, сондықтан  - ...-

Құндылықтарды дарыту Бұл сабақ академиялық адам еңбегіне деген құрмет, ұйымшылдық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Пәнаралық байланыстар Мамандық түрлерін ажырата алуы барысында дүниетану пәнімен байланыс пайда болады. Өлеңнен теңеу сөздерді теріп жазуы барысында қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады.
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта
Алдыңғы білімді игерулері Өлеңді мәнерлеп оқи алады, тақырыбы мен  негізгі идеясын түсінеді, өз ойын айтады.  Өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін біледі.

Өтілген тақырыпты тізбектей сұрау әдісі арқылы тиянаұтау

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

0-4 минут

Ширату тапсырмасы

Оқушыларды еңбектің түрлері бойынша 2 топқа бөлу

1 Ой еңбегі

2 Дене еңбегі

Оң жағымда бес сарбаз,

Сол жағымда бес сарбаз.

(Он саусақ) жұмбақ жасыру арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.

Саусақ аттары жазылған парақша суреттері, интербелсенді тақта

Сабақтың ортасы

5-10 минут

11-13 минут

14-26 минут

27-31 минут

32-37 минут

1-тапсырма

(МК, Ұ, ОТ) «Балапан және оның достары» - мамандық туралы  мультфильмді тамашалайды және жетелеуші сұрақтар арқылы сабақ тақырыбына болжау жасайды.

Мазмұнын ашатын  үлгі сұрақтар:

-Мультфильмде адам еңбегінің қандай түрлері әңгімеленеді?

-Қандай мамандықтар аталып өтті?

-Осыдан да басқа мамандықтар жөнінде не білесің?

-Саған мамандықтың қайсысы ұнайды?

-Мультфильмге ат қояйық, қалай атар едіңдер?

Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.

(Б) «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау

Авторлар: Мұзафар Әлімбаев - Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты Павлодар облысы, Шарбақты ауданында дүниеге келген. (1923ж.- 2017ж.)

Шона  Смаханұлы - Қазақтың белгілі сықақшысы, ақын. Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген. (1924ж.- 1988ж)

2-тапсырма

(МК,Ж,ОТ)

Ш. Смаханұлының  «Он саусақ» өлеңін  үнтаспадан тыңдайды. М.Әлімбаевтің «Он саусақ» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқиды.

Әр жұп «Салыстыру картасына»  өлеңдегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтайды, екі өлеңнен де  көркем сөздерді (теңеу,эпитет) тауып, картаны  толтырады.

«Салыстыру картасы» Үлгі:

Өлең авторлары
Тақырыбы
Өлеңге тақырып қой (өзің қалай атар едің?)
Өлеңдегі негізгі ойды  жаз
Он саусақ туралы тіркестер жаз
Өлеңнің әр шумағына ат қой
Өлеңде аталған адам еңбегінің түрлерін жаз
Көркем сөздерді теріп жаз

Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.

·         өлеңге тақырыбын біледі;

·         өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;

·         өлеңдегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді, бөлікті  анықтайды;

·         өлеңнен көркем сөздерді (теңеу,эпитет) табады.

3-тапсырма

(МК;ОТ;Т) «Көршіңе хабарлас» әдісіне сүйеніп оқушыларға телефонның әр түрлі түсін таратып беріп, «Өнерлінің қолы алтын» дегенді қалай түсінесің?  бір-бірімен осы сұрақ төңірегінде  пікірлеседі.

Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі.  Қарасөзбен өз ойын жеткізуде  кейбір топтарға  мұғалім қолдау көрсетеді. (Б) «Бағдаршам » арқылы өзара бағалау

4- тапсырма

(ОТ,Ө,МК) «Рефлексия» әдісі бойынша оқушыларға «Өзің қандай мамандықты ұнатасың?» мысалдар келтіріп жазу ұсынынылады. (5-6 сөйлеммен)

Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады. Жұпта, топта бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау

https://www.youtube.com/watch?v=LHZJr7CxPzA

интербелсенді тақта,маркер, слайд №4

Ақын суреті және шығармалары,

интербелсенді тақта, оқулықслайд № 5,6

Оқулық 113-115- беттер, интербелсенді тақта, «Салыстыру карта» кестесі,маркер, салйд № 7,8

Оқулықтағы 6,7-тапсырма кестеге кіріктірілген. 8-тапсырма бірігіп жасалған

Түсті телефондар суреті Оқулықтағы 1-тапсырма, слайд № 9

дәптер,

слайд № 10

 Сабақтың соңы

38-40 минут

Кері байланыс

«Бес саусақ» тәсілі

Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар мынадай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады.

Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?

Балалы үйрек- бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?

Ортан терек- ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек – шынайылылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?

Кішкентай бөбек – көңіл күй ахуалы.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Парақтар, маркер, қалам, слайд №11
Саралау

Төмендегі  саралау тапсырмаларын сынып оқушыларының қажеттілігіне қарай мұғалім өз өзертіп отыруы қажет.

Бағалау Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
1,2 тапсырма – «Тапсырма бойынша саралау» негізінде «Салыстыру картасы, Көршіңе хабарлас» әдісіне сүйеніп тапсырмалар  орындалады. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әртүрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

«Уақыт арқылы саралау» негізінде «Рефлексия» әдісі арқылы тапсырма орындалады. Бұл тапсырма кезінде  пікірлерді дәлелдеуде  мұғалімнің көмегін қажет ететін оқушыларға  қолдау беріледі.

Өзін –өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы, «Бағдаршам», «От шашу» , «Шапалақ», әдісі

Дескриптор

-өлеңге тақырыбын біледі;

-өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;

-өлеңдегі негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді, бөлікті  анықтайды;

-өлеңнен көркем сөздерді (теңеу,эпитет) табады.

Демалыс кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, өз заттарына ұқыптылықпен қарау.
Сабақ бойынша рефлексия
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:  

2: 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Есимова Айжан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Мақтанышым – Астанам Ермек Өтетілеуұлы.

3-сыныпқа арналған сабақ жоспарында оқушылар Ермек Өтетілеуұлының «Мақтанышым – Астанам» өлеңін оқып, талдайды және шығармашылық тапсырмалар орындайды.

Есимова Айжан 6 мин 676 оқылым
Бастауыш сынып

Заттар қандай болады?

3-сыныптағы жаратылыстану сабағында оқушылар заттарды шығу тегі мен агрегаттық күйі бойынша жіктеп, денелердің қандай заттардан жасалатынын түсінеді.

Есимова Айжан 5 мин 656 оқылым
Жалпы рубрика

Жазбаша көбейту және бөлу

3-сынып математика сабағына арналған жоспар. Оқушылар екі және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолданады.

Есимова Айжан 5 мин 475 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 2 мин 37 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 4 мин 518 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 6 мин 69 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 5 мин 277 оқылым