Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Жанақ пен Сәдір қақтығысы

Жанақ Қамбартегі · 53 жол

Соятын қонағыңа қойың жоқ па?
Əлі тоймай отырсың дүние боққа.
Мал деген адамзатқа қатты дұшпан,
Ақыр иесін салады жанған отқа.

Естіген жоқ па еді Қарынбайды,
Мал берген ұмытып еді бір Құдайды.
Қораңда қойың тұрып, ешкі сойдың,
Пиғылың Қарынбайға дəл ұқсайды.

Сонда Жанақ табақты көтеріп тұрып, былай дейді:
Уа, тоқты менен ешкінің қаны бірдей,
Жаман менен жақсының жаны бірдей.
Ел ақтаған есерсоқ, делбе ақын,

Бет алдына сөйлейсің мұны білмей.
Қонаққа мал соям ба, сараң болсам,
Құдай Жанақ қыла ма жаман болсам.
Сатпай деген бір бай əні, сараң,

Енегімді жер едің соған қонсаң.
Кеңірдектеп отырмас па ең,
«Ешкі еті» деп қомсынбай, майға тойсаң.
Өз етім өзіме олжа, жемей-ақ қой,

Өңешінен еті өтпес ешкі сойсам, –
деп, табақты ала жөнелгенде, төрені қошаметтеген ауыл
адамдары: – Мына жанды бақсының отына жылынар-
мыз, – деп тұра жөнелгенде, төре: – Тоқта, Жанақ, сен

жеңдің, Сəдір сен жеңілдің, істің ағы жеңді, сөздің шыны
жеңді, «ешкі мен тоқтының қаны бірдей» деді, «жақсы
мен жаманның жаны бірдей» деді, ешкі етін жемеген кінə
менде, басқа бата қыламын, менен өзгелері жесін, «тойған

да бірдей, татқан да бірдей», – деп құйқадан бір татып, жата
кетті. Жұрт етті не жерін, не жемесін білмей отырғанда,
Жанақ мынаны айтады:
Баласы Санияздың атың Қамбар,

Сəуірдің бұлтындай мінезің бар.
Кедей ақын сыйларын менсінбейтін,
Тəкаппар қып жаратты сені жаппар.
Атың төре дегенмен асылың кем,

Жарлы байға əрқашан болмай ма жем?!
Төре деген атақты демесеңіз,
Сипатыма қарасаң, қай жерім кем?
«Сый сыйға, сыраға бал» деген сөз бар,

Қисайып, болмаған сен, тəкаппар!
Қолым қысқа болғанмен, көңілім ақ,
Отырған мына бізді халық сынар.
Жұрт қадірлейді аруақтың аты үшін,

Əйтпесе, Құдай сүйер қай мінезің бар?!
Бүгін төре болғанмен ертең мəсен,
Халайық, не де болса бір сыналар.
Хан-төре, бек пен билер ақын ертер,

«Кет!» деген кекті сөзің жанымды өртер.
Сол сөзіңнің есесін бүгін алдым,
Бір түнге аш жатқанға неңіз кетер.
Таң атса түстікке тай соямын,

Қисаймай, əділ төрем, басың көтер! –

Жанақ Қамбартегі өлеңдері

Барлық 7 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері