Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Есенғалиға айтқаны

Мұрат Мөңкеұлы · 1843–1906 · 22 жол

Есенғали болыстың
Арғы атасы Әліғұл.
Қошетер мен Құттыбай,
Тұқымының бәрі құл.
Ас қорыды әкең Боранбай,
Ұяты кеткен кәрі құл.

Боранбай мал бақпайды, ас бағады,
Қасынан төсегінің бас бағады.
Жаманнан жақсы туған жігіт ед деп,
Халыққа хәкім қойды жас баланы.
Мизамда көнді жеген ит көзденіп,
Әкең Боранбай

басына қаптың аузын жастанады.

Есен қашты әуелі,
Темірбекұлы Досымнан.
Артық туған асылдар
Лайықты еді халыққа,
Мырзадан құлды асырған.
Екінші болыс қоймаңыз
Нәсілі жаман құл екен,
Базарында Хиуаның
Тек бес мәнетке сатылған.

Мұрат Мөңкеұлы өлеңдері

Барлық 54 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері