"Н" дыбысын қою . Ерекше балалармен жұмыс жоспары
«Н» дыбысын қою
| Білімділік мақсаты: | «Н» дыбысын сұрақтарға ауызша жауап беру арқылы, буындар мен сөздерді оқу негізінде қою. Есту қабілетін дамыту арқылы «Н» дыбысын ажырата білу. |
| Дамытушылық мақсаты: | Сұрақтарға ауызша жауап беру баланың есту қабілетін дамыту. Жаңа сөздермен таныстыру және соның негізінде баланың сөздік қорын молайту. |
| Тәрбиелілік мақсаты: | Үлкендерді тыңдауға және сыйлауға үйрету. Бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру. |
| Көрнекіліктер: | Суреттер, кеспе сөздер, табличкалар, «Балық аулаймыз» ойынына қатысты материалдар. |
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ:
| - Бекжан, тұр. Амандас.
- Отыр. - Мені тыңда. Сұрақтарға жауап бер. - Сенің атың кім? - Сенің тегің кім? - Сенің жасың нешеде? - Сен не істедің? |
- Салем апай!
- Менің атым – Бекжан. - Менің тегім – Мұхан. - Менің жасым бесте. - Мен сұрақтарға жауап бердім. |
ІІ. АРТИКУЛЯЦИЯЛЫҚ ЖАТТЫҒУ
| - Бекжан, қазір біз тілге жаттығу жасаймыз.
- Жаңғақтар жаттығуы. - Тәтті тосап жаттығуы. |
ІІІ. ЖАҢА САБАҚ
«Н» дыбысының шырайын көрсету
| - Бекжан, мені тыңда. Жауап бер.
- Мынау не? - Дұрыс. Суретте не бейнеленген? - Бекжан, мынау не? - Мынау не? - Жарайсың Бекжан. Сен не істедің? |
- Мынау – сурет. - Суретте шырай салынған. - Мынау – тіс. - Мынау – тіл. - Мен жауап бердім. |
«Н» дыбысының шырайын түсіндіру
| - Тілдің ұшы үстіңгі тістердің артында.
- Мұрын қанаты дірілдейді. - Дауыс желбезектері дірілдейді. |
«Н» әрпінің таңбасымен таныстыру
| - «Н» дыбысы дауыссыз дыбыс. |
ТЫНЫСПЕН ЖҰМЫС
| - Бекжан, қазір тынысыңды бөлмей, буындарды оқы.
- Жарайсың. Сен не істедің? |
- НА
- НА ___ НО - НА ___ НО ___ НУ - НА ___ НО ___ НУ ___ НЕ - Мен оқыдым. |
ДАУЫСПЕН ЖҰМЫС
| - Бекжан, мынау не?
- Дұрыс. - Қазір буындарды оқимыз. - Мынау буындарды дауыстап оқы. - Мына буындарды жай оқы. - Мына буындарды сыбырлап оқы. - Жарайсың Бекжан. |
- Мынау – буындар.
- НА ___ НО ___ НУ ___ НЕ - АНА ___ ОНО ___ УНЕ ___ЕНЕ - АНО ___ УНО ___ ЕНА |
- ЖАҢА СӨЗДЕРМЕН ТАНЫСТЫРУ
| - Бекжан, мынау – нан (суретін көрсету, сәйкес табличканы қою). Нанды біз жейміз.
- Мынау – нар (суретін көрсету, сәйкес табличканы қою). - Міне, мынау – науа (суретін көрсету, сәйкес табличканы қою). Науадан жануарлар су ішеді. - Міне, мынау – сенің анаң (суретін көрсету, сәйкес табличканы қою). |
- НАН
- НАР - НАУА - АНА |
- ЕСТУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
| - Бекжан, мені дұрыстап тыңда.
- Мен қазір сөздер айтамын, сен суретін көрсет. - НАР - НАУА - НАН - АНА - Өте жақсы. |
- Бала сәйкес сурет пен табличканы тауып, оқиды. - НАР - НАУА - НАН - АНА |
- VI. «БАЛЫҚ АУЛАУ» ОЙЫНЫ
| - Бекжан, қазір біз ойын ойнаймыз?
- Бұл – не? - Дұрыс. Қазір сен балық аулайсың. Балықтардың артында сөздер бар. Соларды оқы. - Бекжан, жарайсың. |
- Мынау – балықтар. - НА ___ НАН. - НА ___ НАР. - НА ___ НАУА. - НА ___ АНА. |
VІI. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
| - Бекжан, сен қандай дыбыспен таныстың?
- «Н» дыбысы бар сөздер айтшы. - «Н» дыбысы қандай дыбыс? |
- Мен «Н» дыбысымен таныстым.
- Нар. Нан. Ана. - «Н» дыбысы дауыссыз дыбыс. |
VII. БАҒАЛАУ
| Бекжан, сен бүгін сабаққа өте жақсы қатыстың. |
VІІІ. САБАҚТЫ АЯҚТАУ
| - Бекжан, сен сабақта не істедің?
- Жарайсың. Апайлармен қоштас. |
- Мен оқыдым.
- Мен тыңдадым. - Мен ойнадым. - Сау болыңыздар! |
Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз
Мақаланы телефонда ашыңыз
Осы материал бойынша
AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.
Автор
Кайпова Гулраушан. Сурдопедагог