Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мұзафар Әлімбаев «Көктем келді»

Автор

Шарипова Құралай Бекбердиевна
2 мин оқу 1 794 оқылым

Шарипова Құралай Бекбердиевна

Сабақтың мақсаты

Білімділік: М.Әлімбаевтың өмірбаянымен таныстыру, «Көктем келді» өлеңінің мазмұны мен мағынасына түсінік беру.Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру,көркем тілді мазмұндай білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау,табиғат заңдылықтарын біліп, ондағы өзгнрісті,талдау,салыстыру, өз беттерімен ойлау дағдыларын дамыту,білімдерін бағалай білуге дағдыландыру.

Тәрбиелілік: Жауапкершілікке, бірін-бірі сыйлауға, табиғатты сүйіп,аялай білуге тәрбиелеу.

Сабақ әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,ой қозғау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың қөрнектілігі: Тақырыптық суреттер, , қима қағаздар,видеоролик, интерактивті тақта,слайдтар.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

-Салемдесу

-Түгендеу

- Топқа бөлу

I топ «Наурыз»

II топ «Сәуір»

III топ «Мамыр»

I Психологиялық ахуал

Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

-Олай болса балалар,  жақсы сөз жанды жадыратпақшы демекші, алақан жылуы арқылы бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірсек.

Бүгінгі күн терезеден,

Бізге міне тұр қарап

Сондай жақсы көңіл күймен,

Басталады бұл сабақ.

II Үй тапсырмасын пысықтау

-Әнуарбек Дүйсенбиевтың өмірбаянын айту

-Атай өлеңін мәнерлеп жатқа айту.

III Қызығушылығын ояту

-Мен сендерге жұмбақ өлең оқып берейін.Сендер бұл өлеңнің қай мезгілге байланысты айтылғандығын  табыңыздар.

Күркіреді күн, күн-

Терезелер шың-шың.

Жауады жаңбыр топ-топ,

Шелек-шелек көп-көп!

Жон арқаңды тос-тос,

Күнбағыс, тез өс-өс!

(Көктем)

-Демек, біздің бүгінгі жаңа тақырыбымыз жылдың қай мезгіліне байланысты?

-Олай болса балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз Мұзафар Әлімбайдың  «Көктем келді» өлеңі екен.

-Өлеңмен таныспас бұрын  көктем туралы бейнебаянға назар аударайық.

-Бейнебаяннан не байқадық?

-М.Әлімбайдың өмірбаянымен таныстыру.

Мұзафар Әлімбай 29 қазан, 1923 жыл, Павлодар облысы, Шарбақты ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының иегері.

1952 жылы алғашқы кітабы «Қарағанды жырлары» басылып шықты. Оның көптеген шығармалары жарық көрді және 20 дан астам өзге тілдерге аударылды.

“Ақсерек те көксерек”,“Аулақ бол жаман әдеттен”,”Менің Қазақстаным”,  “Құрбыма” атты көптеген шығармалары бар.

Көктем келді

Көлдің мұзын күн тесті,

Аппақ тонын жер шешті.

Жан-жақтан күн күркіреп

Жаңбыр жауды сіркіреп.

Жерді жапты көк кілем,

Ондай кілем жоқ, білем!

Көктем келді күлімдеп,

«Міне, саған гүлім!» деп.

(Өлеңнің мағынасын ашу)

IV  Топтық тапсырма

I  «Көктем» туралы  бір шумақ өлең құрастыру.

II «Көктем» мезгіліне байланысты шығарма жазу.

III Қыс пен  көктем мезгілдерінің айырмашылықтары туралы.

V  Сергіту сәті

-Қимылмен орындау

VI Семетикалық карта

(Сәйкестендіру тесті)

1.Көктем айлары наурыз,сәуір,мамыр маусым,шілде,тамыз ақпан,сәуір,мамыр
2. Көктемде не ериді? мұз су қар
3.Бірінші гүлдейтін гүл бақбақ бәйшешек түймедақ
4. Көктемде қандай мереке тойланады? Білім күні Тәуелсіздік Наурыз мерекесі
5. Көктемде не жауады? қар бұршақ жаңбыр
6.Көктемде ауа райы кандай болады? жылы ыстық суық
7. Адамдар қалай киінеді? қалың жеңіл жылы

VII Сабақты қорыту

- Мұзафар Әлімбай туралы не білеміз?

- Көктемдегі құбылыстарды гүл шоқтарына толықтыру.

- Балық қаңқасын толтыру.

VIII Үйге тапсырма

- Мұзафар Әлімбайдың өмірбаянын әңгімелеу.

- «Көктем келді» өлеңін мәнерлеп жатқа айту.

IX Сабақты қорыту

- Бағалау

- Кері байланыс

Соңғы жаңарту: 1 желтоқсан 2025, 15:32

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Шарипова Құралай Бекбердиевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 36 оқылым 2 мин
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 518 оқылым 4 мин
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 69 оқылым 6 мин
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 277 оқылым 5 мин