Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

2 мин оқу 66 оқылым

"Сіздің өлмейтін шығармаларыңыз сізді әлемдік көркем прозаның үздік өкілдерінің қатарына қосады. Мен сіздің замандасыңыз, жерлесіңіз болу құрметіне ие болғаныма қуаныштымын", – деп Мұхтар Әуезовке осы сөзді көрнекті совет жазушысы Всеволод Иванов арнады.
Мұхтар Әуезов-қазақтың прозаик, ақыны, драматург, жазушы және ғалымы. М.Әуезовтің әңгімелері мен романдарының негізгі тақырыбы – қарапайым халықтың қасіреті, езгі ғана емес, халықтың рухани оянуы, азаттыққа ұмтылуы. Жазушы рулық алауыздықты айыптайды, оны халықтың бірлігі мен ынтымағына қарсы қояды.
Оның кітаптарында 19 ғасырдың ортасынан 20 ғасырдың ортасына дейінгі қазақ халық өмірінің панорамасы,көрінісі көрсетілген. Оның кейіпкерлері аты аңызға айналған батырлар, тарихи тұлғалар, 60-шы жылдардағы замандастары болды.
Әуезов шығармашылығының шыңы – «Абай жолы» қоғамдық-тарихи роман-эпопеясы. Жазушыны бала кезінен кемеңгер қайраткер – Абайдың шығармашылығы мен өмірі қызықтырды. Одан кейін М.Әуезов өз есімін" Абай жолы" романын жазып, ұлы адамның есімімен мәңгілік байланыстырды. Әуезовтің ауызша поэзияны, қазақ халқының шығармашылығын,классиктерді зерттеуі қазақ әдебиеттану ғылымына елеулі үлес қосты.М.Әуезов абайтанудың негізін салушы және қырғыздың «Манас» эпосына монография арнаған алты томдық «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші кітабының редакторы болды. Ғалым КСРО халықтары әдебиеттерінің өзара байланысы мәселелеріне көп көңіл бөлді. Бұл көзқарастар «Әр жылдар ойлары» кітабында айтылған.Мұхтар Әуезовтің «Абай» роман эпопеясы үшін бірінші дәрежелі Сталиндік сыйлық пен Лениндік сыйлық сияқты марапаттарды алудағы жетістіктеріне тәнтімін. Сондай-ақ екі баласы бар адам ретінде ол жақсы отағасы мен әкенің үлгісі болып табылады. Қазақстан әдебиетінде Мұхтар Әуезов драматург ретінде құрметті орын алады. Әуезовтің ең алғашқы туындысы – екі жастың қайғылы тағдыры туралы халық аңызына негізделген «Еңлік-Кебек» пьесасы.Мұхтар Әуезов Луи Арагон, Фаиз Ахмад Фаиз, Назим Хикмет, Анна Зегерс, Альфред Курелла сынды тұлғалардың құрметіне, достық жанашырлығына ие болды. Ол барлық түркі тілдерінде, орыс және парсы тілдерінде сөйлеген, қазақтың әдеби және гуманитарлық-ғылыми тілін бұрын-соңды болмаған биікке көтерді, бұл да қазақ тіліне өлшеусіз және маңызды үлес болып табылады және оның көптеген тілдерді білуі тағы бір мәрте оның зерделігін көрсетеді.
Мен үшін Мұхтар Әуезов – нағыз ұлы, өз ісін жетік білетін, менің жадымда ұзақ сақталатын жазушы, өйткені оның шығармалары Бейжің мен Ыстамбұлдан Париж мен Нью-Йоркке дейін ризашылықпен қабылдануы тегін емес. Ал Мұхтар Әуезов «Бүгінде Аристотель, Авиценна, Леонардо да Винчи сияқты әмбебап тұлға жоқ және бола алмайды» деп жазғанымен, оның өзі дәл сондай тұлға болып табылады.

Авторы
Сабитова Меруерт

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Оралхан Бөкей. «Қайдасың, қасқа құлыным!»

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Зерттеу университеті Филология факультеті Орындаған: Қожаназар Шұғыла Қабылдаған: Хасенов Болат Тақырыбы: Оралхан Бөкей « Қайдасың , қасқа құлыным !» Қарағанды, 2025 Аннотация Бұл…

Әжіқұл Ұлмекен 10 мин 13 оқылым
Қазақ әдебиеті

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл: білімнің шамын жаққан ұлы тұлға

Мақалада Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, қазақ балаларына білім беру жолындағы еңбегі мен әдеби мұрасы сөз болады. Оның шығармаларындағы білімге құштарлық, еңбекқорлық және адамгершілік идеяларының бүгінгі маңызы көрсетіледі.

Қожабек Амина 2 мин 58 оқылым
Қазақ әдебиеті

Асқар Алтайдың «Сират көпірі» шығармасы: тарихи романның көркем жүйесі мен рухани ұстанымдары

Мақалада Асқар Алтайдың «Сират» романы тарихи-философиялық қырынан талданып, кейіпкерлер жүйесі, көркемдік құрылымы және ұлттық рух мәселелері қарастырылады.

Жазит Алтынай 12 мин 11 оқылым
Қазақ әдебиеті

Аңыз әңгімелердегі ұлттық құндылықтар

Ғылыми мақалада қазақ аңыздарының тарихи жадты сақтаудағы және ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне жеткізудегі маңызы қарастырылады.

Сейтхан Ернұр 4 мин 38 оқылым