Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Менің отбасым

Мулдир
3 мин оқу 536 оқылым

Пәні: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің есімі:Сарсенова Мулдир Танатаровна

СЫНЫП: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

1.1.1.2. Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

·         Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:

·         Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтайды, ажыратады.

Кейбір оқушылар:

·         Отбасындағы орны туралы өз пікірін білдіреді.

Бағалау критерийлері:

- Отбасы мүшелеріне қатысты туыстық атауларды ажыратады.

- Туыстық қатынастарда өз орнын анықтайды.

Тілдік мақсат

Диалог құра отырып, үйдегі өзге мүшелерге қатысты  туыстық байланыстар жүйесін айта алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

«Отбасы» ұғымы, туыстық байланыстар жүйесіндегі өз орны, отбасылық дәстүрлер, отбасы мүшелері арасындағы қамқорлық қарым-қатынас.

Тілдік дағды

Отбасы – семья – family, ана- мать- mother, әке - отец – father, бала – ребенок- baby

Құндылықтарды қалыптастыру

Сыйластық, өзара түсіністік, татулық, ынтымақтастық, ауызбіршілік

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу – өлең айту, денешынықтыру- жаттығу жасау

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы оқу

Отбасы туралы біледі, отбасы мүшелерін атайды. Отбасы туралы әңгімелейді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

4 минут

Психологиялық ахуал

Оң қанатым әкем де,

Сол қанатым анашым.

Қанатымның екеуі,

Аман болсын әрқашан.

Топтастыру. Отбасы мүшелерінің атауымен топқа біріктіру.

1 – топ «Әке», 2 – топ «Ана», 3 – топ «Бала»

http://allart.kz/wp-content/uploads/2016/02/%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D0%B8.jpg

http://allart.kz/wp-content/uploads/2016/02/%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D0%B8.jpg

http://allart.kz/wp-content/uploads/2016/02/%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D0%B8.jpg

Суреттер

Ортасы

32 минут

5мин

5мин

3 мин

5мин

6 мин

4 мин

4мин

Ой қозғау. Түрткі сұрақтар.

-   Балалар, әке, ана, бала бұл үшеуі  біріккенде нені құрайды?

-     Сенің отбасыңда кімдер бар?

1- тапсырма. Жеке жұмыс.

Сұрақтарға жауап жазыңыз.

1.  Әкеңіздің анасы сізге кім болады?

2.  Әкеңіздің әкесі ше?

3.  Өзіңізден үлкен бауырыңызды қалай атаймыз?

Дескриптор:  Білім алушы

-          сұраққа қатысты туыстық атауларды ( әже) дұрыс жазады.

-          сұраққа қатысты туыстық атауларды ( ата) дұрыс жазады.

-          сұраққа қатысты туыстық атауларды ( аға, әпке ) дұрыс жазады.

«Бас бармақ» арқылы өзін- өзі бағалау.

Сергіту жаттығу. Қимыл- қозғалыспен көрсету арқылы бір шумақ өлең айту.

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені жазайық.

Уықтарды шанышып,

Қараша үйді құрайық.

2- тапсырма. « Суреттер сөйлейді» әдісі. Оқулықпен жұмыс.

1.  Суретте кімдер бейнеленген?

2.  Өзіңнің отбасың туралы әңгімелеп бер.

3.  Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер сақталған?

4.  Сенің отбасыңдағы міндеттерің қандай?

« Жұлдызша» арқылы бірін- бірі бағалау.

3-тапсырма.Топтық жұмыс. Белсенді оқу.

«Сахналау» әдісі. Рөлдік ойындар.

Әр топ өздері отбасындағы өзге мүшелерге қатысты қандай қамқорлық  көрсететінін сахналайды.

Мысалы, әжесіне базарға барып келуге көмектеседі немесе қарындасын иә болмаса інісін балабақшадан алып келеді, т.с.с.

« Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі бойынша бағалау.

4-тапсырма. Жұптық жұмыс

«Кел, талқылайық» әдісі

Отбасы мүшелерінің арасындағы қамқорлықты бейнелейтін суреттерді белгіле.

«Отшашу» арқылы жұптар бірін – бірі  бағалайды.

Қалыптастырушы тапсырма

5- тапсырма

Сызбаны өзіңізге қатысты отбасы мүшелерінің атауларымен толықтырып жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- туыстық атауларды дұрыс жазады (ата);

- туыстық атауларды дұрыс жазады (нағашы әже);

- туыстық қатынастарда өз орнын анықтап жазады (немере);

Үлестірме қағаз

Интербелсенді тақта

Үлестірме қағаз

Аяқталуы

Кері байланыс

4 минут

Картинки по запросу Рефлексия: «Бағдаршам»

Қосымша ақпарат

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

·      Отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байла-ныстар жүйесіндегі орнын біледі.

·      Отбасындағы өзге мүшелеріндегі туыстық қатынастарда орнын түсіндіреді.

·      Отбасындағы орны туралы өзінің пікірін білдіреді.

·      Басбармақ, жұлдызша, Отшашу

·      Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

·      Партада дұрыс отыруы.

·      Интербелсенді тақтамен жасауда абай болу.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Мулдир

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 2 мин 37 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 4 мин 518 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 6 мин 69 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 5 мин 277 оқылым