Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мен жастарға сенемін

Bilimger Media
2 мин оқу 490 оқылым

Еліміздің жарқын болашағы жастардың қолында. Елбасымыз «Жастар жылы» - деп, бекерден бекер жариялаған жоқ. Қазақ елінің жастары, еліміздің өркендеуі жолында аянбай өз үлестерін қосуда. Жалынды жастық шақтарында шуақтарын шаша, білім нұрымен нұрландырып, жарқырап жанар шамшырағы болып, тәуелсіз еліміздің туын көкке мәңгілік желбірете берсін! Жастар әрдайым шығармашыл, көшбасшы, дара қабілетке ие. Даралықты дамытып, шығармашылықты шыңдап, көшбасшылық қабілеттеріңді көрсетіп, жарқын елдің болашағы болар, артынан ерген іні, сіңлі, әпке, қарындастарына жол көрсетер, үлгі тұтар  азамат болу. «Мен, болашағы жарқын елдің жұлдызы, ата – анамның ардақтысы, Отанымның озық ойлы азаматымын» деп, өз арман тілегіне қол жеткізу мақсатында аянбай еңбек етіп жүрген жастарды қолдаған, Елбасының салиқалы саясатының кепілі деп білемін. Қазіргі жастардың рухы биік. Олар, жаһандану дәуірінде өздерінің арман мақсатына, іскерлік қабілеттеріне, бойындағы тулаған қазақ қаны үшін аянбай еңбек ететініне, сапалы білім беретініне сенемін. Өз ана тілін бәрінен жоғары қойып, ұлттық құндылықтарымыз бен салт – дәстүрімізді дәріптеп, жас ұрпаққа сапалы білім беру жолында биік шыңдарды бағындырып, болашаққа айқын мақсат қоя отырып, дұрыс бағдармен алға жылжуда. Елбасының болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында, үштілділік заман талабы, латын әліпбиіне көшу, цифрлық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, білім мазмұнының жаңаруы жолында жастар белсене қатысады. Олар көбіне көшбасшылық қабілетімен ерекшеленеді. Қазіргі жас маман ұстаздарымыздың әрбір шығармашылық ізденісі мен талпынысы, жасаған жұмысы арқылы іске асады. Жаңартылған білім мазмұнына сай оқушыларға білім беруде әрбір тақырып төңірегінде қандай әдіс – тәсілдерді тиімді әрі, қандай ресурстарды қолданып, тереңірек түсіндірсек деп, үнемі ізденіс үстінде болады. «Көздері жәудіреп отырған қара домалақ қарагөздеріміздің сапалы білім алып, биік шыңдарды бағындырып, мол жетістіктерге жеткенін қалаймын» деп айтқан сөздері, ерекше қанат бітіреді. Соның нәтижесінде қазіргі жастардан мол үміт күтуге болады. Олар ұстаз болсын, мейлі дәрігер болсын іскерлік қабілеттері ерекшеленіп тұрады. Қаншама жыл ұстаздық қызметін атқарып жүрген мамандар, кей жағдайда жастардан үйренері көп болып тұрады. Олар жаһандану дәуірінде өзгерістерге бейім тұлға. Кез – келген өзіне жүктелген жұмысты жауапкершілікпен атқарып, өздеріне түрлі сауалдарды қоя отырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелеп,  өздерін шыңдай түседі. Адам алдына мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа жету жолында аянбай еңбектенсең ғана болашақта толағай табыстарға, мол жетістіктерге жетесің, еңбегіңнің жемісін көресің. Болашағы жарқын елдің жастары дарынды, арманы асқақ, мақсаты айқын болмақ.

Авторы: Битабарова Гульхан Койшановна

Мамандығы:  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Түктібай ауылы

№12 Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебі

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 16 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 193 оқылым
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 6 мин 210 оқылым