Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі

Танбаева Гулзера
3 мин оқу 720 оқылым

Танбаева Гулзера

Сыныбы: 1 «И» сынып

Пәні: сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. К дыбысы және әрпімен таныстыра отырып, дауыссыз

дыбыс екенін ұғындыру, сауатты жазуға, дыбыстық

талдау  жасай білуге үйрету.

  1. Оқу, жазу, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік

қорын, сөйлеу мәнерін, байланыстырып сөйлеу дағдыла-

рын байыту.

  1. Әсемдікке, еңбекқорлыққа, өзара жағымды қарым-қаты-

насқа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,түсіндіру,тадау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сөздер, әріптер, кітап, тақпақтар, жұмбақтар.

Пәнаралық байланысы: өзін өзі тану, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-түгендеу;

-сабаққа дайындықтарын тексеру;

1.Психологиялық дайындық.

    Амансың ба, алтын күн!

    Амансың ба, көк аспан!

    Амансың ба, достарым!

    Жалқаулықты тастайық,

    Сабағымызды бастайық.

ІІ. Өткен сабаққа шолу.

  1. «Миға шабуыл» стратегиясы.

-Дыбыс деген не?/естиміз,айтамыз/

-Әріп дегеніміз не?/көреміз,жазамыз,айтамыз/

-Дыбыс нешеге бөлінеді?/дауысты,дауыссыз/

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?/созылып/

-Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады?/қысқа/

  1. Үй тапсырмасы: 64 беттегі мәтінді оқу.
  2. Балалар, бізге бүгін қонаққа Қожанасыр келіпті. Қожанасыр деген кім ?

-Қожанасыр, балалар,әңгіме-ертегілердің күлдіргі кейіпкері.

Қожанасыр  өзімен бірге көп тапсырмалар ала келіпті. Бірінші тапсырманы орындап көрейік.

Балалар,  Қожанасырдың  қоржынында  әріптер бар. Сол әріптерді атап, қандай дыбыс екенін айтып беріңдерші./А,Р,О,Л,Ш,С,У,Ы,Д,Т,М,Н,Ң,Ғ,Ж,І,Ә,Ө,Қ/.

Жарайсыңдар, балалар, енді мына Қожекеңнің қоржынындағы екінші тапсырманы көрейік. Мына сөздерге талдау жасап көрейік.

Қанат, тамақ,шанышқы,  қуырдақ, қатық.

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Ал, балалар, енді бізге қонаққа Алдар Көсе келіпті.Алдар Көсені танисыңдар ма? Қайдан?

Алдар Көсе, балалар, қазақ ертегілерінің ақылды айлакері, яғни ол байларды, сараң адамдарды өз ақылдығымен алдайды.

Алдар Көсенің де өзімен бірге әкелген тапсырмалары бар екен. Алдар Көсенің қоржынында не бар екенін көрейік.

Мұғалім:

Табасың көріктен,көліктен,

Ағаш басындағы өріктен.

Қай әріп екен ол,

Ойланып көрші сен?/К/.

  • Олай болса, балалар, бүгінгі бізге келетін жаңа әріп К дыбысы мен әрпі.

1/ К  деп 3 рет айтамыз.

2/ К қандай дыбыс?

3/ Оны қайдан білдіңдер? Неге?

4/ Мына суретте берілген сөздерді атау, неше буыннан тұрып, К әрпі қай буында тұрғанын айту.Оларға  дыбыстық талдау жасау. /Неше буын, неше дауысты, неше дауыссыз К әрпі қай буында тұр/.

5/Енді, балалар,  К әрпінен басталатын сөздерді өздерің айтып көріңдерші.

6/К әрпінің баспа, жазба түрлерімен таныстыру.

7/К әрпі қандай әріпке ұқсайды?

ІҮ. Сергіту сәті.

Қоян шықты далаға,

Жан-жағына қарады.

Секірді, жүгірді,

Отырды, тұрды.

Қайтіп үйіне кірді.

Ү. Жазба  жұмысы.

  • Сонымен, балалар, К әрпінің мынау баспа түрі, ал мынау жазба түрі. Енді К әрпін әдемі етіп жазайық.

ҮІ. Оқулықтың екінші бетімен жұмыс.

  • Балалар, оқулық қалай аталады?
  • Иә, дұрыс айтасыңдар «Әліппе».
  • Балалар, бізде Қожанасыр мен Алдар Көсеге дайындаған тосынсыйымыз бар ғой. Айтайықшы бәріміз. /Әліппе туралы тақпақ хормен айтылады/.

Іші толы әріпке,

Жақсы кітап әліппе.

Әліппені аламыз,

Мектепке біз барамыз.

Әріптерді жаттаймыз,

Есте мықты сақтаймыз.

Ұмытпаймыз бірін де,

Атын, затын түрін де.

  1. «Көл жағасында» мәтінінің 1 абзацын тізбектеп оқып. Кісі аттарын атау, неге олар кісі аттары екенін анықтау және қандай әріптен басталатынын айту.
  2. Та са   ла   шыл   шын   сыр   тақ   ға  буындарымен  сөздер құрастыру.
  • Ал сендер, балалар, білесіңдер ме Қожанасыр мен Алдар Көсе бізге қонаққа не үшін келгендерін? Білмесеңдер, мен сендерге көмектесейін. Қожанасыр қандай әріптен басталады? Ал Алдар Көсенің қандай қатысы бар? Өйткені, бұл ертегі кейіпкерінде К деген әріп бар.
  • Абай
  • Қызыл, сары,қоңыр,көк,
  • Алуан-алуа көбелек,
  • Торға түсіп қалмашы,
  • Торғайға жем болмашы.
  • Ақбөпе
  • Көкем- менің тірегім,
  • Көкем сүйер түлегін:
  • Көп жұмысын оырндап,
  • Көмекші боп жүремін.
  • Қабат-қабат қатпаршақ,
  • Ақыл айтар ақтарсақ./кітап/
  • Армангүл
  • Кітап-досым сыр алғы,
  • Көрсетеді көп тегі.
  • Кейіпкерлер ұнамды
  • Көкейімнен кетпеді.
  • Тілеген
  • Көктем, керік,кереге,
  • Көз, кесе, мереке
  • К әрпінен басталар,
  • Деп жазсаң да, балалар.

ҮІІ. Қорытынды.

-Қандай әріп өткенімізді сұрап,дауысты, не  дауыссыз екенін анықтау.

-Ал бүгінгі сабақта қандай мәтінмен таныстық?

-Жаттауға берілген тапсырмаларын сұрау.

ІХ. Бағалау.

  • Балалар, сендер бүгін Қожанасырды да Алдар Көсені қуанттыңдар, өйткені сендер өткен сабақта өткен Қ дыбысы мен әріпті ұмытпай, К дыбысы мен әрпін меңгергендерің үшін бұл кейіпкерлер сендерді бағалады.

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Танбаева Гулзера

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 2 мин 36 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 4 мин 518 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 6 мин 69 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 5 мин 277 оқылым