Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 353 оқылым

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін
         Қазіргі кездегі қоғамның басты дерті - нашақорлық. Нашақорлық бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып саналады. Нашақорлық деген не? Жалпы адамды нашақорлыққа итермелейтін не нәрсе? Одан айығудың жолдары қандай?  Міне, осы сұрақтар төңірегінде өз ойымды ашып айтып көрейін.
         Қазіргі қоғамда көзге көрінбей еніп, іштей үлкен әлекке салып жатқан айықпас аурудың, адамзатқа кесірі мықты кеселдің бірі - ол өрімдей жасөспірім балалардың есірткінің құрбанына  айналуы. Есірткінің адам ағзасына тигізер зияны мен өміріне әкелер зардабы қанша жазылып та, айтылып  та жүргенмен,  есірткі тұтынушылардың саны көбеймесе азаяр емес. 
         Есірткі деген не? Тарихқа көз жүгіртер болсақ, грек тарихшысы Геродоттың еңбектерінде  алғаш Египетте діни ғұрыптарда және емдік қасиеті үшін пайдаланғаны туралы мәліметтер беріледі.  Ертеректе есірткіні емдік шаралар үшін пайдаланған болса, қазіргі уақытта еріккеннің ермегі ретінде қолданылады.  Адамның есірткіні  шамадан тыс  пайдаланғаны  кесірінен оның  жүйке жүйесіне кері әсерін тигізумен қатар, физиологиялық тепе-теңдікті бұзады, оған  деген тәуелділікке жол ашылады.  Соның салдарынан  адам рухани құлдырауға ұшырайды.  Осыншалықты есірткінің зиянын біле тұра оны қолданушылар саны неге азаймай отыр?  Әсіресе, жасөспірімдердің  оған әуес болуының себебі неде? 
         Үлкендердің айтуынша жасөспірім шақтағы балалар әрнәрсеге  әуес, тез бейімделгіш болып келеді. Сондай әуестікпен есірткінің дәмін бір рет татқан жасөспірім кейін онымен қалай  "дос" болып кеткенін өзі де аңғармай қалады деседі. Ал оны тұрақты қолданған адамның  ақыр соңында нашақор аталуының себебі осында жатса керек.
         Есірткіге тәуелділіктің соңы қылмысқа апарып соғады. Өйткені алғашқыда тегін болған дүние, кейін ақша талап етеді. Ал оңай ақша табудың жолы ол қылмыс жасауға апарады.
         Мектептегі құқық пәнінен алған білімім бойынша мына мәліметтерді мысалға келтіре кетейін. Есірткі заттарын заңсыз тасымалдау, онымен сауда - саттық жасау, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылады делінген. "Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы Кодексінің 420, 421, 422 және  423-баптары осы есірткі заттарына арналған.
         Менің ойымша, жасөспірім балалардың нашақорлыққа салынуының бірнеше себебі бар. Соның бірі Абай атамыз айтқандай: "Тамағы тоқтық, қайғысы жоқтықтан" азады. Өйткені көп ата-аналар балаларына ерекше қамқорлық жасайды. Олардың "тамағын тоқ, көйлегін көк" етіп өсірсем болды деген көзқараста.  Жас балалардың жат қылықтармен әуес болуының бір себебі, олардың отбасындағы рухани тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің кемшін болуынан деп ойлаймын.

#УПНДПКЗО

Орынбасарова Айым

66 орта мектебі

9-сынып оқушысы

Шөмішкөл ауылы

Авторы
Орынбасарова Айым

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақ тілі

Мен саған есірткі туралы айтып беремін

Ой-толғауда нашақорлықтың себептері, есірткінің адам ағзасы мен өміріне зияны, жасөспірімдерге төнетін қауіп және заң алдындағы жауапкершілік сөз болады.

Айым Орынбасарова 2 мин 454 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

ҚазҰУ имиджі магистрант көзімен: ғылыми орта және зерттеу бағыты

ҚазҰУ магистранты университеттің ғылыми ортасы мен зерттеу дағдылары туралы ой бөлісіп, қазақ тіліндегі бьюти-дискурста қолданылатын англицизмдерді зерттеу бағытын таныстырады.

Нұршат Айзат 3 мин 19 оқылым
Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин 10 оқылым
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 18 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 197 оқылым