Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мен өмірді сүйемін

Айдана
3 мин оқу 552 оқылым

«Мен өмірді сүйемін» тренинг –сабақ
Мақсаты:
- Өмір адам баласына бір-ақ рет берілетін қымбат сый екенін түсіну;
- Адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту. Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту.
- Балалардың ойын ашу, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.
Бірінші біз іс-шарамызды бастамас бұрын Ереже қабылдап алайық.
Ереже:
- Біз тыныштықты сақтаймыз;
- Бір-бірімізді тыңдаймыз;
- Өз ойларымызбен бөлісеміз;
- Сезімдерімізді сыйлаймыз;
- Бір-бірімізді мазақ етпейміз;
- Уақытымызды үнемдейміз, қысқа да нұсқа жауап береміз;
- Тәртіппен, өз кезегімізбен сөйлейміз;
- Мектеп ережесін бұзбаймыз;

Психолог сөзі: Өмір-ол адамға бір-ақ берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды саған сыйлаған кім?
Әрине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың, ол сенің ата-анаң. Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек, айтады ғой, «Анаңды үш рет Мекеге арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың» - деп. Себебі, біріншіден ол саған өмір сыйлады, саған жарық дүние көрсетті, сені өсірді, сенің ыстығыңа күйді, суығыңа тоңды, түн ұйқысын төрт бөліп сені аялады, тәрбиелеп өсірді.
Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен, сәттілік пен сәтсіктен көтере білуі керек. Жаңа, жақсы ойлар ойлау керек.
1. «Ойлануға арналған балықтар» жаттығуы
Шарты: тақтадағы «Өмір» деген сөзге ассосация жасай отырып, әр әріпті жеке-жеке талдау. Мысалы: өмір-өзен, өмір-мейірім, өмір-ірге тас, өмір-рахат.
Өмір- өзен...
Өмір-м...
Өмір-і...
Өмір-р...
- Өмір дегеніміз не? Қалай түсінесің?
- Өмір сүру жақсы ма, әлде жаман ба?
- Сен бақыттысың ба?
- Сені не қобалжытады, сондай кездерің болады ма?
- Өз-өзіне қол жұмсау ерлікпе, әлде әлсіздік пе?
- Егер саған біреу қатты дауыс көтеріп ұрысса, сен не істейсің?
- Сенің мінезіңнің жаман, жақсы жақтары қандай?
- Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің?

2. Қымбатты балалар! Қызықты өмір сүру үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар? Мен қазір сіздерге психологиялық кеңес беремін, естеріңе ұстаңдар.
Психологиялық кеңес:
 Ай сайын жаңа кітап оқы, оқығандарыңды көңіліңе тоқы;э
 Икемің бар іспен айналыс, мысалы ән айту, би билеу, шеберлік істер;
 Әрбір демалыс күніне жоспар жасап, қызықты өткізуге тырыс;
 Ертеңгілік жаттығу жаса,сергек жүресің;
 Ата-анаңа, бауырларыңа, жақынарыңа көмектесіп тұр;
 Әр күні кешке «мен бүгін не істедім?» деп өзіңе есеп беріп үйрен;
 Күнделік жазуға дағдылан, ол сенің ең сенімді серігің бола алады.
Олай болса балалар бүгінгі күнімізге ризамыз ба?
Бәріміз РИЗАМЫЗ деп үш рет қайталап айтамыз.

3. Топтық шығармашылық жұмыс
І топқа тапсырма : «Менің бақытты балалық шағым» тақырыбына берілген ақ ватман, түрлі газет журналдардан қиылған суреттерді және скочты пайдалана отырып, сурет құрастыру, қорғау.
ІІ топқа тапсырма: «Менің қазіргі шағым» тақырыбына берілген параққа сурет салу. Нұсқау: суреттің әрбір бөлігін әр қатысушы салып, қорғау керек.
Талқылау сұрақтары: Тапсырманы орындау қиын болды ма? Берілген тапсырма бір адамның ойымен ғана шықты ма? Немесе топ мүшелерінің ойы бір жерден шыға алды ма?

4. «Өмірге тек оң көзқараспен қара» Бейнеролик.
- Бейнеролик ұнады ма?Несімен?

5. «Мен өмірді таңдаймын»
Балалар «Мен өмірді таңдаймын» деп отырып өмірге деген құлшыныстарыңды біздің мектеп оқушыларына үндеу жолдайық. Әр қайсымыз өз ойларымызды мына күннің тұсына ілейік.
Күн-денсаулықтың, қуаныштың, жылылықтың символы. Ал сендер мемлекетіміздің болашағысыңдар. Республикамыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскедеріңе байланысты. Шындығын да мемлекетті құрайтын адам, ал ертеңгі күні сендер әрқайсың әр мамандықтың иесі боласыңдар, белгілі бір қызмет атқарасыңдар.

6. «Флипчартпен жұмыс»
- « Мен өмірді сүйемін» флипчартқа өмірді не үшін сүйетіндерін жазу, талдату.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Айдана

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

“Yassawi” инкубациялық бағдарламасы

Нұрғали Кіріспе Қазіргі уақытта әлемде инновациялар мен кәсіпкерлік қызметтер экономиканың дамуына елеулі үлес қосуда. Әсіресе, жоғары оқу орындарында студенттердің бизнес-инкубаторлары мен стартап жобаларын қолдау…

Айдана 4 мин 28 оқылым
Жалпы рубрика

Волонтер болу – жастардың ізгі ниеті, игі іс

Материалда жастар волонтерлігінің қоғамға пайдасы, қайырымдылық дәстүрі және Арыс оқиғасы мен пандемия кезіндегі еріктілердің еңбегі баяндалады.

Айдана 4 мин 103 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Альфа ұрпағының ерекшеліктері: цифрлық әлемде өскен жаңа буын

Альфа ұрпағының цифрлық ортадағы ойлау ерекшеліктері, психологиялық қиындықтары және өзін-өзі бағалауы қарастырылады. Баланы технологияны дұрыс пайдалануға үйрету мен ересектердің қолдауының маңызы баяндалады.

Борбасова Гүлнұр Нұрсайынқызы 3 мин 16 оқылым
Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Мақалада мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамытуда цифрлық технологиялар мен электрондық ресурстарды қолдану жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 8 мин 103 оқылым
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 1 мин 43 оқылым
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 4 мин 74 оқылым