Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мен азаматпын

Автор

Динара
3 мин оқу 816 оқылым

                                                      Тексерілді: _______________

                                                                 «____»______________________

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: ____________________

Күні: _______________

№: 23

Мұғалімі:

Сыныбы: 4

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Мен Азаматпын

Құндылығы: Ақиқат

Қасиеттері: Әділдік, адалдық, шыншылдық.

Мақсаты: Оқушыларға азаматтық парыз туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға әділдік ұғымы туралы түсінік беру.
  2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы шыншылдық қасиеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды адал болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.bilim-all.kz

2.https://infourok.ru

[1]https://angimeler.wordpress.com

Сабақтың барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі.

5        Т – ережесі:

1.      Тәртіп.

2.      Талап.

3.      Тыныштық.

4.      Тазалық.

5.        Татулық.
     Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

  «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

2. Үй тапсырмасы.

1. №22 – сабақ. 6 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №23, «Алтын бала» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

• Көрші Зәукенді неліктен «азамат екен» деп айтты?

• Нағыз азаматтың бойында қандай қасиеттер болады?

• Азаматтық парыз дегенді қалай түсінесіңдер?

• Өзің азаматтық парызыңды қалай орындап жүрсің? Айтып бер.

3. Сабақтың дәйексөзі.

Парыздан биік шың жоқ.

Бауыржан Момышұлы

Сұрақтар:

1.      Парыз дегенде нені түсінесіз?

2.      Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Ар, Ұят, Намыс

Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен-кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды.

– Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін, – дейді Ұят.

–Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың істеріне жауапкершілікті сезіндіремін, – дейді Ар.

Сонда Намыс тұрып:

– Мен болсам, адамға өзі, досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, сыныбы, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілікті сезіндіремін, – дейді. Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп:

– О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың – адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам – нағыз адам. Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер, біріңді-бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар, деп бата беріпті. Содан бері намыс – ағасы, ар – інісі, ұят – кіші інісі болып, бірге өмір сүреді екен. Сондықтан да «ұяты бар бала арлы бала болып, арлы бала намысшыл бала болып өседі» деген осыдан қалған екен.

·         Әңгімеде қандай қасиеттер туралы айтылады?

·          Олардың құндылық ретіндегі мәнін қалай түсінесіңдер?

·          Адамның өмірде Ар-ұжданды басшылыққа алуы қандай игіліктерге жеткізеді?

·          Осы қасиеттерді өмірде ұстанасыңдар ма? Қалай?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

3-тапсырма Мәтінді оқыңдар және сахналап көрсетіңдер.

6.      Топпен ән айту.

Байқоңыр

Өлеңін жазған Әбжан Омарқұлұлы

Әнін жазған Мэлс Керейбаев

Байқоңыр, Байқоңыр,

Бұл – ғарыш алаңы.

Ғажайып сонда өмір,

Паш еткен даламды.

Қайырмасы:

Ұшамыз алысқа,

Шолпанға, Марсқа.

Құс жолы құпия,

Жетеміз ғарышқа!

Боламын ғарышкер

Тоқтар мен Талғаттай.

Көк жүзі күлімдеп,

Ер ұлын тапқандай.

Қайырмасы:

Ұшамыз алысқа,

Шолпанға, Марсқа.

Құс жолы құпия,

Жетеміз ғарышқа!

7. Үй тапсырмасы.

1. №23 – сабақ. 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №24 – сабақ, «Азамат» мәтінін оқып келу

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м   а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Динара

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Балабақша

"Су туралы не білеміз?"

Балалар зертханалық тәжірибелер арқылы судың қасиеттерін танып, оның адамға, жануарлар мен өсімдіктерге қажеттігін біледі. Іс-әрекетте суды үнемдеу дағдылары қалыптастырылады.

Динара 120 оқылым 5 мин
Жалпы рубрика

Пайдалы сілтемелер

Бағдарламалау, мобильді қосымша әзірлеу, роботтехникасы, 3D модельдеу, оқу тапсырмалары мен жасанды интеллектке арналған пайдалы онлайн ресурстар жинағы.

Динара 73 оқылым 1 мин
Дефектология

Зияты зақымдалған балалармен жұмыс

Материалда зияты зақымдалған жеткіншектердің қарым-қатынас дағдыларын дамыту, әлеуметтенуі және қоғамға кірігуі сөз болады.

Динара 93 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Өзін-өзі тану

Сабақ жоспары BOPPS

Өзін-өзі тану сабағына арналған жоспар шынайы көшбасшының қасиеттерін анықтау, интеллект-карта жасау және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы бойынша шығармашылық тапсырмаларды қамтиды.

Ералиева Сабыркуль 43 оқылым 3 мин
Өзін-өзі тану

Тема: «Быть честным»

Мектепалды даярлыққа арналған сабақта адалдық, шындықты айту және өзгенің жақсы қасиетін көру тақырыптары қарастырылады. Сабақта Николай Носовтың «Фантазерлер» әңгімесі ұсынылған.

Исайынова Жулдыз Жаслановна 26 оқылым 4 мин
Өзін-өзі тану

Журналистиканың маңызы

Эсседе журналистің халық пен билік арасындағы алтын көпір ретіндегі рөлі, жаңалықтың қоғамға ықпалы және автордың мамандық таңдауы туралы баяндалады.

Еркежан Әуесбекова 34 оқылым 5 мин
Өзін-өзі тану

Урок самопознания : МИР ДУХОВНО-НРАВСТВЕННОЙ КУЛЬТУРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСТВА

4-сыныпқа арналған сабақ жоспарында рухани-адамгершілік мәдениет, ізгілік пен кішіпейілділік талқыланып, өмірлік жағдаяттарды шешу тапсырмалары ұсынылады.

Келдибекова Гульзада Серикбаевна 34 оқылым 3 мин