Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Зияты зақымдалған балалармен жұмыс

Автор

Динара
3 мин оқу 93 оқылым

Әлемде болып жатқан жағдайларға көз жүгіртсек  соңғы жылдары ерекше тұлғалардың саны күннен күнге артуда. Баланың дамуы, баланың бойында болып жатқан өзгерістер қандай қоғам болмасын, қандай уақытта болмасын,  әрқашан үлкен маңызға ие және күрделі мәселе екені баршаға түсінікті. Біршама уақыт өтсе де өзгеріссіз қалып отрыған жағдай ол – баланың қоғамға кіруі үшін қарым – қатынас балалар мен  жеткіншектердің әлеуметтенуінің негізгі факторларының бірі болып табылатындығы. Біз халықтың осы ерекше тобының қарым-қатынасында елеулі проблемаларға тап болуымыз мүмкін. Әсіресе, ерекше білім алуды қажет ететін тұлғалардың ты тураалы айтатын болсақ.

Айта кету керек, денсаулығына байланысты проблемалары бар көптеген тұлғаларда ерекшелігін айқындайтын мүгедектік тобы жоқ, бірақ үйде оқытылуда. Мұндай тұлғалардың сыртқы әлеммен байланысы жоқтың қасы немесе өте аз мөлшерде. Отбасы – баланың ең жақын және тұрақты әлеуметтік ортасы және оның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ықпалы зор.Соның себебінен олардың қарым-қатынас шеңбері көбінесе ата-аналармен және жақын туыстарымен шектеледі. Осылайша, мұндай тұлғалардың қарым-қатынас дағдылары жеткілікті түрде жақсы дамымаған.

Қазіргі таңда ерекше білім беруді қажет ететін тұлғалардың қоғамға кіріктіру процесіне аса назар аударылуда. Оған дәлел мемлекет басшысы     Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына айтылған Жолдауында «Біздің білім беру жүйеміз қолжетімді әрі инклюзивті болуға тиіс» делінген . Бұл сөз жолдарынан нақты түйетін ой жалпыға бірдей білім берумен қатар , берілетін білім әрі қолжетімді болуы қажет , бұл біздің жағдайда арнай педагогикада өзекті мәселелрдің шешімін табады. Мемлекет басшысының 2021 жылғы бірінші қыркүйекте жолдаған жолдауында сапалы білім беру мәселесіне үлкен көңіл бөлініп жатқандығымен қатар келешекте жасалынатын жұмыстар тізбегін де баяндаған болатын.

Зияты зақымдалған жеткіншектердің қоғамдағы тәуелсіз өмірге дайындықтың сәтті болуы жалпы білім беретін пәндердің себебінен ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас дағдыларының қалыптасу деңгейіне және басқалармен қарым-қатынас орнатуға байланысты.Зияты зақымдалған жеткіншектердің  мінез-құлығы мен сапалық даму ерекшеліктері арнайы ұйымдастыруды қажет ететді .Бұл жеткіншектердің зияткерлік зақымдалуының болуы олардың өзара қарым-қатынасының дамуына теріс әсер етеді. Сонымен қатар айналадағы адамдар туралы идеяларды қалыптастыруда және олармен толыққанды байланыс орнатуда айтарлықтай қиындықтар әкеледі. Қарым-қатынастағы белсенділік жеткіншек тұлғаның жетекші процессі болып табылады,яғни қарым-қатынас дағдыларының төмен деңгейде болуынан жеткіншектердің ішкі жағдайында, оның білім алуында, құрдастар арасында және жалпы қоғамға кіріктіруін қиындатады. Нәтижесінде жеткіншектің жүйеге салынбаған қарым-қатынасына және оның әлеуметтенуінде қиындықтардың пайда болуына әкеледі. Бірақ қазірдің өзінде дамыған коммуникативтік дағдыларды түзету мүмкіндігі бар, сондықтан зияты зақымдалған жеткіншектерде қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру бойынша әлеуметтік-педагогикалық жұмыс өзекті болып табылады, өйткені осы жастағы ерекшеліктер қызметтің жоғары тиімділігіне сенуге мүмкіндік береді.Адамдар арасындағы бұл процесстің басты мақсаты өзінара түсіністікке қол жеткізу болғандықтын да , ерекше білім алуды қажет ететін тұлғада әсіресе жеткіншектерде  бұл процесстің деңгейін  анықтау тереңнен зерттеп қарастыру қажеттілігі туындайды.

Қарым-қатынас арқылы біз әр түрлі байланыс құралдарын қолдана отырып, әлеуметтік ортаға баланы бейімдейміз.Мектепке бармайтын немесе оған сирек баратын балалар мен жеткіншектерде сыртқы әлеммен байланысы, құрдастарымен қарым-қатынас жасау процесі төмен дәрежеде. Уақытылы тиімді қарым-қатынастардың болмауы, яғни сыртқы байланыстар санының кемуінен келесі проблемалар туындауы мүмкін. Біріншіден, әлеуметтік байланыстар орната алмау. Бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін:

-бейтаныс адамдармен қарым-қатынастан қорқу;

-байланысқа бейімделе алмау;

-басқа адамдарды тыңдай және түсіне алмау;

-ұялшақтық, жасқаншақтық.

Екіншіден,эгоцентризм. Эгоцентризм — айналадағы болып жатқандарды ескермей, адамның зейіні мен ойлауын тек өзіне ғана бағыттауы, арнауы Қоғамда емес тек отбасында өсумен шектелген жеткіншектерде сыртқы әлеммен байланысы жеткілікті түрде емес, әсіресе ата-анасының қамқорлығындағы зияты зақымдалған жеткіншектер жалғыз өзінің көзқарасын дұрыс деп санайды. Бұл жеткіншектің тәжірибесінде қайшылықты көзқарастардың болмауына байланысты. Біреудің көзқарасын қабылдай алмау  тұлғалар мен әлеуметтің арасындағы қақтығыстардың дамуына әкеледі. Бұл сонымен қатар қарым-қатынас дағдыларын дамытуға кедергі келтіреді де және қарым-қатынас жасау барысында қиындық тудырады.

Үшіншіден, байланыс мүмкіндіктері шектеулі болуы. Бұл проблема есту қабілеті нашар зияты зақымдалған, сөйлеу аппараты бұзылған, сондай-ақ сөйлеу қабілетінде ерекшеліктері бар балалар мен жеткіншектер тобына тән.

Төртіншіден, байланыс орнату барысында туындайтын кедергілер.Мысалы, коммуникативті кедергілер. Ерекше білім алуды қажет ететін зияты зақымдалған тұлғаның немесе жеткіншектердің өзінде де немесе онымен қарым-қатынас жасаған адамда да пайда болуы мүмкін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Динара

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Балабақша

"Су туралы не білеміз?"

Балалар зертханалық тәжірибелер арқылы судың қасиеттерін танып, оның адамға, жануарлар мен өсімдіктерге қажеттігін біледі. Іс-әрекетте суды үнемдеу дағдылары қалыптастырылады.

Динара 120 оқылым 5 мин
Жалпы рубрика

Пайдалы сілтемелер

Бағдарламалау, мобильді қосымша әзірлеу, роботтехникасы, 3D модельдеу, оқу тапсырмалары мен жасанды интеллектке арналған пайдалы онлайн ресурстар жинағы.

Динара 73 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Ертегі терапиясы

Балалар ертегі еліне саяхат жасап, кейіпкерлерге көмектеседі. Сабақта сөздік қорды, ойлауды және қиялды дамытуға арналған тапсырмалар қамтылған.

Динара 113 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Дефектология

Дефектологтың жылдық жоспары 2026: қалай құрылады, бөлімдері және дайын үлгі

Дефектологтың жылдық жоспары дегеніміз не? Дефектологтың жылдық жоспары — арнайы педагогтың оқу жылы бойы атқаратын жұмысын жүйелеуге арналған жоспарлау құжаты. Жылдық жоспар арқылы маман өзінің негізгі жұмыс…

Bilimger Media 180 оқылым 7 мин
Дефектология

Дефектологтың құжаттары 2026: толық тізімі, үлгілері және дұрыс рәсімдеу тәртібі

Дефектолог маманы жүргізетін негізгі құжаттардың толық тізімі, жылдық жоспар, КТЖ мен ҚМЖ құрылымы және құжаттарды дұрыс рәсімдеу тәртібі берілген.

Bilimger Media 321 оқылым 3 мин
Дефектология

Нейропсихологический подход в коррекционной работе с детьми с ЗПР, ЗРР и нарушениями слуха (слуховыми аппаратами икохлеарными имплантами).

Учитель-дефектолог, сурдопедагог, педагог-исследователь. Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого-педагогической коррекции № 1" акимата города Астаны. АННОТАЦИЯ В статье представлен авторский опыт…

Нургазина Макпал Омирузаковна 75 оқылым 3 мин