Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мемлекеттік тіл - менің тілім

Автор

Куралай
2 мин оқу 20 оқылым

Толеушова Куралай Едиловна

Жер жүзінде алуан түрлі ұлт бар. Олардың түрі де, түсі де, тілі де бір-бірін қайталамайды. Өзіне тән ерекшелікке ие. Ол ерекшелікті жасап тұрған -  ең әуелі  туған тілі деп ойлаймын. Өзінің туған тілін қастерлеуге үндемейтін халық жоқ деуге болады. Өйткені, әр ұлт өзінің ана тілін мемлекеттік тіл ретінде жариялап, халқын сол тілді қастерлеуіне шақырады. Ал мемлекеттік тілдің мәртебесі қашан да жоғары екендігі даусыз. Ана тілі туралы ойды мемлекеттік тілмен байланыстыруымның себебі де – сол!

Өз тарихында түрлі аумалы-төкпелі кезеңдерден өткен қазақ халқы тартысты кезеңдерді артта қалдырып, түбінде Тәуелсіз мемлекетке айналды. Еліміз еңсесін тіктеп, егемендігіне қол жеткізгеннен кейін барлық күрес соңына жетті деген сөз емес. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әр 14 күнде бір тіл өмір сүруін тоқтатады екен. Демек, еліміз тәуелсіздігін алса да, өз тілін, ділін, ұлттық келбетін сақтауда мәдениетті күресті тоқтатпайтыны белгілі. Оны қазіргі дәуір тілімен  «бәсекеге қабілеттілік» деп атайды. Бүгінде бәсекеге қабілеттілік білімнің тереңдігімен өлшеніп отыр. Адамзаттың жалпы кеңістікте басты қаруына айналған -  сапалы білімді ұрпақ бойына сіңіру үшін ана тілінің, ұлттық құндылықтардың алдыңғы қатарда тұруы жазылмаған заңдылық. Себебі, ана тілін ардақтап, ұлтын сүйіп өскен адамның жалпы адамзатқа деген мейірім сәулесі де бойында қалыптасады. Ал өз ұлтын және тілін сүйе алмаған адамнан одан артық нәрсені күту де әбестік. Осы пайымды үнемі ойда ұстап, мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің еліміздегі мәртебесіне алаңдаймын.  «Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтын-ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына, - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай, біздің ана тіліміз қолдағы теңдессіз қазынамыз. Оны ардақтайтындар қатары өз арамызда азайса алысқа бармаймыз. Міне, мемлекеттік тілге айрықша мән беруімізді осы үшін де үдете түскеніміз жөн.

Шешендіктің шынайы қуаты болмысына боямасыз дарыған қазақ халқы қашан да, қай істе болмасын мәселенің тамырынан басып, келелі ойлар айта білген. Өз ойымның қорытындысында бабаларымыздың ана тілін ардақ тұтуға қатысты қаншама құнды ойлар айтқандығын тілге тиек еткім келеді. Демек, елдігіміздің басты белгісіне айналып, қаншама ғасырлардан бері ештеңеге бергісіз қазынамызға айналған мемлекеттік тіліміз бізге ғана тиесілі. Оны аялау, ардақтау, мақтан тұту тек біздің асыл міндетіміз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Куралай

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Балабақша- тәрбие мен білімнің баспалдағы

Ертөстік» балабақшасының әдіскері балабақшаның бала тәрбиесі мен біліміндегі орнын, тәрбиешінің жауапкершілігін және бүлдіршінге қолдау көрсетудің маңызын баяндайды.

Куралай 43 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

ДАРА ТҰЛҒА ІЗІМЕН

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ел басқарудағы өнегесі мен білім саласын дамытуға қосқан үлесі сөз болады. Материалда оның өмір жолынан жастар алатын тағылым баяндалады.

Куралай 88 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

«Аяласаң табиғатты аяла»

Сабақ жоспарында су, топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемінің маңызы түсіндіріліп, оқушыларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу көзделген.

Куралай 33 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин