Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ДАРА ТҰЛҒА ІЗІМЕН

Автор

Куралай
2 мин оқу 88 оқылым

Толеушова Куралай Едиловна

Жер жүзіндегі адамдардың өмір сүру салтының сыртқы формасы бір болғанымен, олардың құндылықтары толыққанды ортақ емес. Ол ұлтқа, мемлекетке бөлінудің себебінен деген ойдамын. Кез келген ұлтты жекелеген адамдар құрағанымен, оларды өз ұлты, мемлекеті бірлікке жұмылдырады. Мұның барлығы кімге болмасын айтсаң, таңсық емес. Дәл осы мазмұндағы қарапайым ойға терең үңілуімнің сыры – сол халықтардың бейбіт, алаңсыз өмір сүруі үшін туылатын тұлғалар турасында ой қозғауға бағытталғым келгендіктен деп түсіндіргім келеді. Қазақ халқы үшін дүниеге келген дара тұлға десе бірден Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың жадымызға оралары даусыз.

Аумалы-төкпелі кезеңде басын бәйгеге тігіп, құрбан болған қаншама алыптарымыз бар. Олардың ерлікті істерін ешкімнің жоққа шығармайтыны анық. Десе де Дінмұхамед Қонаевтың дара жолы қазіргі таңда билікте қызмет етіп жүрген жандар үшін зор үлгі болуы тиіс. «Жібі түзу, жаны таза адам кез – келген жағдайда, қандай қызметте істемесін қашан да ар-ожданын – биік ұстап қалады», - деп көзі тірісінде ар-ожданын, халқын бәрінен биік қойған Димекең нағыз басшының үздік үлгісін көрсетіп кеткен тұлға. Бұл биіктікке жету үшін қаншама күш, еңбек, білім, ең бастысы ұлтқа, Отанға деген махаббат қажет екендігін терең түсіну маңызды. Кез келген мемлекет әлемдік аренада білім көкжиегімен, берік экономикасымен, құндылыққа толы мәдениетімен ерекшеленеді. Соны терең түсінген Дінмұхамед Ахметұлы өз билік құрған кезеңде осы салалардың бірде бірін ақсатпай, өсіп-өркендеуіне көңіл бөлгені белгілі. Мысалы, оның кезінде  жоғары оқу орындарының саны 26-дан, 55-ке дейін, студенттер саны 70 мыңнан 275 мыңға дейін, институт мұғалімдерінің саны 9 мыңнан 22 мыңға дейін өсті. Барлық облыстарда мектепке мұғалімдер дайындайтын педагогикалық институттар ашылды. Қарап отырсақ, дәл сондай заманда мынадай үлкен қадамдардың жасалып, орындалуы жай іс емес. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда қаншама мүмкіндіктер легі болса да, бір аймақтағы бір оқу ошағының мәселесі қаралмай, кейінге шегерілетін келеңсіздіктер болып тұрады. Меніңше, ол мәселелер басшы бойында Димекеңдікіндей өрліктің, рухтың болмауынан. Дінмұхамед Ахметұлының білім саласынан бөлек, өзге де салалардағы батыл қадамдары көп. Бабалардың асыл сөзін, үлгілі істерін санаға тоқуға ниетті кез келген жас Дінмұхамед атамыздың өмірдерегінен өн бойына керектіні алатынына еш күмәнім жоқ. Әсіресе, «педагог мәртебесін» асқақтатуға құлшына кіріскен, мұғалімдердің мәртебесін аяқасты етпеуді мақсат тұтқан бүгінгі билік өкілдері Д.Қонаевтың көреген саясатын жандандырса нұр үстіне нұр болар еді деген ойдамын.

«Көрнекті адамдар өз елінің не бағына, не сорына туады» деген мақалмен өз ойымды қорытындылағым келіп отыр. Өз елінің бағына туған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев расында ғасырдың ғажап азаматы. Білім, мінез, имандылық, даналық. Барлығы дерлік өн бойында Димекеңдікіндей топтасқан жан ғана нағыз басшы бола алады. Бұл тұжырым дара тұлғаның әр жасаған ізгі істерінің соңында менмұндалап тұр. Түптің түбінде ізгілікті істер – өз еліңді сүюден басталады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Куралай

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Балабақша- тәрбие мен білімнің баспалдағы

Ертөстік» балабақшасының әдіскері балабақшаның бала тәрбиесі мен біліміндегі орнын, тәрбиешінің жауапкершілігін және бүлдіршінге қолдау көрсетудің маңызын баяндайды.

Куралай 43 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Мемлекеттік тіл - менің тілім

Ой-толғауда мемлекеттік тілдің мәртебесі, ана тілін ардақтау және қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтау туралы пайым айтылады.

Куралай 20 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

«Аяласаң табиғатты аяла»

Сабақ жоспарында су, топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемінің маңызы түсіндіріліп, оқушыларды табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу көзделген.

Куралай 33 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин