Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Аяласаң табиғатты аяла»

Автор

Куралай
4 мин оқу 33 оқылым

ЗАРИПОВА КУРАЛАЙ БАКЫТБЕКОВНА 

Шығыс Қазақстан облысы 

Тарбағатай ауданы 

Ойшілік ауылы 

Тоғас батыр атындағы орта мектебі

Мектеп:                                                                              Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сынып:                                               Қатысқандар:             Қатыспағандар: -

Сабақтың тақырыбы «Аяласаң табиғатты аяла»
Сабақтың

мақсаты

Оқушыларға табиғат ұғымының мәнін ашып, түсіндіру. Танымдық қабілеттерін, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын жеткізе білуге, ортаға сала білу дағдыларын жетілдіру. Табиғатты аялауға, сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі нақыл сөз жазылған плакаттар, шар, слайд, үлестірмелі материалдар, бейнеролик.
Құндылыққа

Баулу

 Командалық жұмыс барысында жауапкершілік , ынтымақтастық орын алады. Өз ойларын дәлелдеумен ашық айтады.
Пәнаралық

Байланыс

Биология, география, экология
Сабақтың жоспарланған кезеңдері  

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер, ресурстар
Сабақтың басы

4 мин

- Сәлемдесу

І. Психологиялық дайындық

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Көк аспан!

Амансың ба, Жер-Ана!

Амансың ба, Сен!

Амансың ба, Мен!

Үлестірме қағаздар
Сабақтың ортасы

6 мин

20 мин

Балалар, табиғат дегенде қандай ой оралады сендерге?

1-оқушы.    Табиғат – ол Су. Суды тіршілік көзі дейді. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. «Сулы жер – нулы жер» деген мақал бекер айтылмаған. Су  -адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.

2-оқушы.   Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емес пе?

3- оқушы.  Табиғат –ол Топырақ. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.

Топырақтан өмір иісі шығады

Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесіне беретін,

Жақсылық та топырақтан шығады.

4-оқушы.  Табиғат – ол Өсімдік. Өсімдік – бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда –тамақ, шөлдегенде – сусын, ыстықта көлеңке сая, суықта – пана, ауырғанда –дәрі, ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі – гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті жасыл желек, орман.

5-оқушы.  Табиғат – ол Жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, дала ажары – ақбөкен, әні мен сәні – бұлбұл, су аруы – аққу табиғатымыздың сәні емес пе?

Ал, ендеше балалар табиғат туралы жұмбақтар білесіңдер ме?

Жұмбақтар шешу

Құрғақ жерде сақтайсың,

Онсыз тамақ татпайсың. (тұз)

Жұртың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарғағысы келмейді. (күн)

Бір нәрсе бетінде жоқ, ой менен қыр

Өзіңнің кіндігіңнен айналып жүр.

Өзіне назар салып қарасаңыз,

Келбеті жер жүзінің көрініп тұр. (глобус)

«Айт» десе жүгірмес,

Су тисе сілкінбес. (шөп)

Жазда жатсаң -  көлеңкесіне алады

Қыста жатсаң- жаның раат табады (ағаш)

Бар ма жоқ па, оны білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүрмейсің. (Ауа)

Еш жерге тұрақтамайды,

Ол жоқ жерде жер құрғайды.   (Су)

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Күн)

Көктемде көгереді,

Жазда ырысқа бөленеді.

Күзде пісіп марқаяды,

Қыста ақ көрпе жамылады. (Жер)

6-оқушы.    Табиғат сенде бәрі ортақ,

Аспаның, күнің, айың да.

Тегінде жаның жомарт-ақ,

Ізгілік жатыр бойында.

7-оқушы.   Табиғат  қызығам сенің суретіңе,

Бас ием сенің құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып

Тұтқасы  тіршіліктің күн бетінде.

-          Ал енді, балалар, мына тақтаға назар аударып, берілген жағдаяттарды талдап көрейік.

1-жағдаят.   Арман бақ ішінде келе жатыр еді. Терек бұтақтарын сындырып жатқан балаларды көрді де, тұрып қалды...

Сұрақ

1.                   Арман не істеді деп ойлайсыңдар?

2.                   Арман қандай бала?

3.                   Бұтақ сындырып жатқан балалр қандай екен?

2-жағдаят.   Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстармен бітеліп қалғанын көрді...

Сұрақ

1.                   Серіктің әрекеті қандай болды деп ойлайсыңдар?

2.                   Серіктің бойынан қандай қасиеттер көруге болады?

3.                   Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?

-Балалар табиғат туралы қандай мақал мәтелдер  білесіңдер?

- келесі кезекті тапсырмаларға береміз

Тапсырма.  Берілген сөйлемдерді жалғастырып, өз көңіл-күйлеріңнің  қандай болатындығын  айтыңдар.

1.                   Жайнаған гүлдерді көргенде...

2.                   Сынған бұтақтарды көргенде...

3.                   Толқыны тербеліп тұрған теңізді көргенде...

4.                   Жарқыраған күнді көргенде...

Интерактивті тақта

Слайд

Бейнеролик

https://www.youtube.com/watch?v=2840RGmVSQg

 

Сабақтың соңы

3 мин

Қорытынды

Қорыта келгенде , адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім – кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашан да табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей қалған шырпы, темекі тұқылы т.б жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін де сүйе алмайды.

Тәрбие сағатын мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын,

Пәк табиғат! Жүрегімнің тамылжыған жырысың

Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың

Ол анаң ғой, ал сен оның ұлысың!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Куралай

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Балабақша- тәрбие мен білімнің баспалдағы

Ертөстік» балабақшасының әдіскері балабақшаның бала тәрбиесі мен біліміндегі орнын, тәрбиешінің жауапкершілігін және бүлдіршінге қолдау көрсетудің маңызын баяндайды.

Куралай 43 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

ДАРА ТҰЛҒА ІЗІМЕН

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ел басқарудағы өнегесі мен білім саласын дамытуға қосқан үлесі сөз болады. Материалда оның өмір жолынан жастар алатын тағылым баяндалады.

Куралай 88 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Мемлекеттік тіл - менің тілім

Ой-толғауда мемлекеттік тілдің мәртебесі, ана тілін ардақтау және қазақ халқының ұлттық құндылықтарын сақтау туралы пайым айтылады.

Куралай 20 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 44 оқылым 2 мин