Мазмұнға өту

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық құзыреттілігін бейнелеудің дәстүрлі емес тәсілдері арқылы дамыту.

Айгерім 4 мин оқу 363 оқылым

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық құзыреттілігін бейнелеудің дәстүрлі емес тәсілдері арқылы дамыту.

Еліміздің білім саласында  жүргізіліп  жатқан реформаның  басты мақсаты-ой-өрісі  жаңашыл, шығармашылық  деңгейде  қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары,  жан-жақты қалыптасқан  жеке тұлға тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі қазіргі таңда мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Шығармашылық  тұлғаны қалыптастыру –  қазіргі кезеңдегі педагогикалық теория мен тәжірибенің маңызды мәселелерінің бірі. Оны мектепке дейін дамыту тиімді.

В.А. Сухомлинский айтқандай: «Балалардың мүмкіндігі мен дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтарынан,

шығармашылық ойын қоректендіретін өте жіңішке жылғалар сынды жіптер тарайды.Баланың қолында неғұрлым шеберлік көп болса, соғұрлым ол ақылды болады».  Педагогтардың пайымдауы бойынша-барлық балалар дарынды.Сондықтан дарынын уақытында байқап, сезіп, тәжірибесінде, нақты өмірінде қолдануға мүмкіндік туғызу қажет. Ересектердің көмегімен көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, бала жаңа туындылар жасайды (сурет, жапсыру,мүсіндеу) .Қайталанбайтын туындыларды ойластыру барысында ол әрқашан заттың жасалу тәсілдерімен тәжірибе жасайды. Мектепке дейінгі жастағы бала өзінің эстетикалық дамуында қарапайым көрнекі-сезімдік әсерінен түпнұсқалық кейіптің жасалуына бейнелеу-мәнерлеу әдістері арқылы өтеді. Сондықтан оның шығармашылығының негізін қалау керек. Неғұрлым бала жақсы  көрсе, естісе, күйінсе, соғұрлым қиялдау әрекеттері маңызды және нәтижелі болады.Балалар ерте жастан бастап өздерінің қоршаған ортадан алған әсерін бейнелеп көрсетуге тырысады. Қай ғасырда болсын ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты ұрпақ тәрбиелеу – қоғам алдында әрбір тәрбиеші ұстаздың басты міндеті болып саналады.

Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Мектепте жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық құзіреттілігін сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін қолдану арқылы дамытуды Психолог Ғалия Зейнуловнаның айтуынша «Сурет бала үшін өнер емес, ол тіл. Сөзбен айтып жеткізе алмағанын, сурет арқылы жеткізуге мүмкіндігі бар. Бейнелеу барысында оңтайлының бәрі екінші орынға кетеді, тыйым мен шектеулер болмайды. Бұл уақытта бала мүлдем еркін.»  деген екен.

Сурет салуда дәстүрден тыс әдістер балалар үшін қызықты, өйткені өзінің қиялын, ықыласын, ойын толық білдіруге үлкен мүмкіндіктер береді.

Алға қойған мақсатыма жету үшін келесі тапсырмаларды орындауды анықтадым:

1.Мектеп жасына дейінгі балаларды сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін қолдануға үйрету;

2.Мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыс дағдыларын және қолдың білезік буынының икемділігін арттыру;

3.Балаларды сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін пайдалана отырып кез- келген сурет салуда өз шығармашылықтарымен ұштастыра білуге үйрету.

Өзімнің ұйымдастырған оқу қызметімде сурет салудың дәстүрден тыс әдістерінің топтамасын, балалардың саусақтарына толықтай демалыс болатын, қимыл қозғалысын арттыратын, жазу дағдыларын қалыптастыратын элементарлық саусақ ойындарын, гимнастика, жаттығуларды пайдаланамын.

Бірнеше жылдан бері мектепке дейінгі балалармен жұмыс барысында мен бейнелеу әрекеттерінің нәтижелеріне назар аудардым. Балалар келесі белгілер бойынша жақсы нәтижелер көрсетті:

  • Штрихтау икемділігі,түрлі түсті қарындаштармен әр түрлі сызықтарды тартуы;
  • Жіңішке және жуан қылқаламмен бояуды жаға білуі;
  • Негізгі түстердің,бояудың реңктерін танып,оларды араластыра білуі;
  • Үлгі мен дақты жұмыста қолдана білуі;
  • Өз жұмыс орнын жинай білуі;

Сонымен қатар балалардың төмен қабілеттері де байқалды:

  • Сабақ барысында,  жауап айтқан кезде өзіне деген сенімсіздік пен бөгеліп қалушылық;
  • Өздігінен бейнелеу құралдарын таңдауда,суретті параққа орналастыруда әректсіздік;
  • Дәстүрлі емес бояу әрекеттерін қолдану кезіндегі жаңғалақтық;
  • Бейнелеу құралдарымен тәжірибе жасау;
  • Танымал сурет салу әдісінде педагогтың анық түсіндіруін күту;
  • Қиялын,көркем шығармашылығын байқату;
  • Суретке жеке көзқарасын жеткізу;

«Бастыру әдісі» әр түрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балаларда жағымды эмоция, қызығушылық тудырады. Бастыру үшін әртүрлі заттарды қолдануға болады. Мысалы:Жапырақ, алақан, поролон, өсімдіктер.

«Құммен сурет салу әдісі». Балаларға құммен сурет салу өте қызықты, қатты ұнады, ол көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Оны төмендегідей жүргізеді:

- Ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылады;

- Желім сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағылады;

- Жағылған желімнің үстіне ыдыстардағы құм себіледі.

Балалармен жұмыс барысында олардың жеке ерекшеліктерін ескеріп, алынған нәтижеге талдау жасадым, жеке жұмысты жоспарладым.

Балалардың ұсақ қол моторикасын дамытып қана қоймай, дәстүрден тыс әдістермен жұмыс жасауды жетілдіріп, ерекше бейнелері арқылы өзінің «Менін» көрсету.

Қорыта келе мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық құзіреттілігін сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін қолдану арқылы дамыту үшін оқып үйретудің сан алуан әдістері және ең алдымен балалар дербестігін, белсенділігін, өмір құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы. Нәтижесінде балада көркем өнер туралы білімі қалыптасады, шығармашылық қабілеттері дамиды, авторлық бағытта бейнелей біледі, отбасы және мектеп ынтымақтастығы орнайды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Айгерім

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Өмір. Өзгеріс

Мадреймова Айгерім Адам өмірінде көптеген өзгеріс болады.Ешкім алда не боларын білмейді.Адамдар жайдан жай өзгермейді,өзгертетіндей бір оқиға,жағдай болады.Мысалға адамның ең алғаш рет өмір есігін ашқан кезінен…

Айгерім 34 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Жастардың айқайы

Жасөспірім айқайы Қазіргі таңда жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы артып келеді.Оның себебі мектептегі буллинг,ата-анамен конфлик.Осылардың бәрі жиналып балаға үлкен стресс болып,соңы қайғылы болып аяқталып жатады.…

Айгерім 25 оқылым 1 мин
Балабақша

Кітаптың маңыздылығы қандай?

Асқар Айгерім Кітап білім бұлағы-білім өмір шырағы деп қаншама білімге деген құштарлықты арттыратын қазақтың нақыл сөздері бар емес пе? Кітап-адамның өмірінде үлкен маңызы бар әрі құнды заттардың бірі деп…

Айгерім 36 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин