Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мектеп қабырғасындағы кезекті жоба.

Мардан Әсем Рахатқызы
2 мин оқу 25 оқылым

 Мардан Әсем Рахатқызы

Бүгінгі таңда елімізде белең алып отырған мәселелердің бірі – тіл тағдыры екені баршамызға аян.Дүние есігін ашқанына едәуір уақыт бола қоймаған бүлдіршіндерімізден бастап,жалынды жастарымызбен ақ самайлы қарттарымызға дейін орыс тілінде сөйлеп,жаргон,сленг сөздерді күнделікті қолданып жүруі ана тіліміздің шұбарлануына әкеліп соғуда.

Өз мақаламда ұлтқа төнген қауіпті шешу жолында қандай жоба ойлап тапқанымды және жасаған жұмысымның қаншалықты нәтиже беріп жүргенін көпшілікпен бөліскім келіп отыр.Мен Ақмола облысы,Шортанды ауданындағы Новокубанка ауылының орта білім беретін мектебінің 9-сыныбында білім алып жүрген жас талапкермін.Менің мектебім шағын, бар болғаны 300 оқушы бүгінде білім алуда. Білім ордамызда аз оқушы болса да,орыс тілінде сөйлесіп,жаргон,сленг сөздерін қолданушылар аз емес және олардың саны күннен күнге артуда.

Мен 8-сынып оқып жүргенімде жетекшіммен бірге “Ана тіліміздің аясының тарылуына сленг сөздерінің әсері” атты жобаны қорғаған болатынмын.Бұл жобада біз түрлі шет тілден енген сөздерді еркін қолданып және өзге тілде сөйлесуді дәреже санап,мансап көріп, өз тілдерінің тапталуына жол беріп отырған жастардың әкеліп отырған зиянын атап көрсете отырып, осы мәселені шешу жолында түрлі іс-шаралар мен жобаларды ұсынып,өз ойымызбен бөліскен едік.

Жасаған жұмыстарымның ішіндегі нәтижесімен қуантқан “Оқуға құштар мектеп жобасы” болды. Менің ойымша жобамның ерекшелігі сабақтан кешіккен,ережені сақтамай тәртіп бұзған оқушыларға жаза ретінде белгілі бір уақытқа дейін кітап оқытқызып,мазмұнын сұрау болды деп ойлаймын.Күнделікті мектепте тәртіп бұзушылар мен кешігушілер саны көп болғандықтан оқушылардың көпшілігі еріксіз кітап оқуға мәжбүр болды.Бастапқыда оларға қызықсыз болғанымен кейін ынталары оянып,кітапты оқуға деген қызығушылықтары ашыла бастады.Осы жобаны дамыту мақсатында апталық жиындар сайын кітап оқу жарыстарын өткізіп,оқушыларға түрлі жанрдағы кітаптар жайлы кеңінен ақпарат беріп,ұсына бастадық.Қысқаша мазмұнымен таныстырып,видеороликтер көрсетуді де қолға алдық.Кейіннен жазаланушылар арасында оқыған шығарманың үзіндісінен көрініс ойнату ойымызға келді.Әрине,мұны да бей жай қалдырмай іске асырдық.Көрініс ойнау арқылы оқушылар сахнада өздеріп еркін ұстауды үйреніп,көрермендердің қызығушылықтарын ашуға әсер етті.Кітап оқудан жарыстар өткізіп,жеңімпаздарға кішігірім сыйлықтар мен мадақтама қағаздарын табыстадық.Бұл білім алушыларды тіптен қызықтыра бастады.Ал бүгінде ұстаздарымыз оқушылардың әлдеқайда жақсарып,өз ойларын еркін әрі таза жеткізе бастағандарын аңғарып жүр.Менде өз ортамдағы балалардың тек орыс тілінде сөйлесулерін азайтып,жаргон сөздерді қолданбай жүргендерін байқадым.Мектебімдегі осындай жақсы көрсеткішті менің жобамның нәтижесі деп білемін.

Елімізде осындай жобалар кеңінен етек жайса, өз тілімізді қастерлеп,еркін сөйлей алатын қара қылды қақ жарған би-шешендеріміздің жолын қуар жастарымыздың көбейетіні анық.Сол себепті де жас оқырман,сенде осындай үлкен істің бастаушысы бола аласың.Ең бастысы алға қойған мақсаттарың айқын болып,өзіңе сенімді бола біл.Мен саған сенемін!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Мардан Әсем Рахатқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 16 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 193 оқылым
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 6 мин 210 оқылым