Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мәтін құрастыру жолдары

Усакбаева Айткуль Нагашибаевна
2 мин оқу 111 оқылым

Усакбаева Айткуль Нагашибаевна

                                             Мәтін құрастыру жолдары

Усакбаева Айткуль Нагашибаевна

 Қостанай қаласы №3 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

«Білім» — көп мағыналы және күрделі ұғым екендігі баршамызға аян. Ол адамның жүйеленген білім, білік, машықтарды меңгеру үрдісі мен нәтижесі екендігі шындық. Білім мазмұнына тек оқыту нәтижесі ретіндегі білімдік дағдылар ғана кірмейді, әрбір оқиғаға немесе іс әрекетке сыни ойлай отырып ой елегінен өткізу, шығармашылықпен жұмыс істеу болып табылады. Өйткені бүгінгі күн талабы сындарлы оқыту нәтижесінде білім ала отырып өз әрекетіне есеп беріп, алған білімін болашақта қажетінше пайдалана алатын, өзіндік «мені» қалыптасқан тұлға даярлауды талап етуде. Бүгінгі қарқынды өзгеріп жатқан әлемде адамзат дамуының жаңа жүйесіне білім беру мен оқытудың жаңа модельдері сәйкес келуі қажет. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «мәтін – белгілі бір жазылған шығарма немесе соның үзіндісі, әңгіме»деп анықтама береді. Ал тіл білімі сөздігінде мәтін теориясы(грек. treoria – зерттеу) – филологияның мәтінтану саласы деп көрсетеді. Мәтін дегеніміз — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе элементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді деп көрсетеді. Мәтін туралы А.Аркин «Мәтін – білімді дара тұлғаға бағдарлап оқытудың ұтымды құралы» десе, С.И.Львова «Мәтінмен жұмыс – тілдің барлық пәндермен байланысуын қамтамасыз етудің кепілі», ал Ф.Ш.Оразбаева «Тілдік қатынаста өзіндік орны мен маңызы бар қатысымдық тұлғалар: сөз, фразеологиялық тіркестер, сөйлем және мәтін. Мәтін, яғни текст – қатысымдық тұлғалардың ішіндегі мазмұндық тұтастығымен ерекшеленетін бүтін жүйе» деп көрсеткен.

Мәтінді игеру келесі мақсаттардан тұрады:

  • Мәтін түрлерін анықтау;
  • Мәтін құрылымын зерттеу;
  • Мәтін ішіндегі байланыстардың ерекшеліктерін құру;
  • Мәтіндегі семантика-прагматикалық ерекшеліктердің анықтамасы.

Мәтін «жоғарыдан төмен», «төменнен жоғары» қадамына негізделіп талданады. Сонымен қатар мәтінді таза лингвистикалық тұрғыда қарастыру төмендегідей бағыттарда жүзеге асады. Олар:

  • басты белгілері тұтастық пен жүйелілік болып табылатын мәтінді ең ірі тілдік жүйе деп есептеу;
  • қатысымдық параметрлер мен соған қатысты лингвистикалық белгілер негізінде ұйымдасқан мәтіннің типологиялық құрылымын тану;
  • мәтінді құраушы тұлға-бірліктерді айқындау;
  • мәтіннің негізгі категорияларын сипаттау;
  • әр түрлі деңгейдегі тілдік бірліктердің мәтін бойындағы ерекшеліктерін анықтау.
  • Тұлға-бірліктер, бөлшектер құрамындағы фразалық(сөйлем) қатынастарды, байланыстарды зерттеу.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Усакбаева Айткуль Нагашибаевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 17 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 195 оқылым
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 6 мин 210 оқылым