Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мәртебелі маман иесі

Диана
2 мин оқу 84 оқылым

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» (Халық даналығы)
Біз өмір сүретін алып ғаламда адамзат баласы өз игілігіне қолданып, ғұмырына азық ететін мамандық түрлері өте көп. Жүрек қалауымен таңдаған саланың білгір маманы болу адамның өзіне де, айналасындағы қоғамға да пайдалы. Себебі, әр мамандықтың өзінің атқаратын рөлі, алатын маңызы бар. Десе де, заман өзгеріп, дәуір көші алға жылжыған сайын кей мамандықтарға деген сұраныс азайып, тіпті, кейбіреуінің орнын өзге жаңа мамандықтар басып жатыр. Сәт сайын дамып, бір орында тұрмайтын өзгермелі заманда өз құндылығын жоғалтпайтын бір мамандық бар болса, ол - барша мамандықтың анасына айналған мәртебелі мұғалім мамандығы.
Мұғалімнің алдынан кімдер өтпейді? Сөзден маржан өретін ақын да, ізденімпаздығымен жаңа ашылулар жасайтын ғалым да, ел қорғайтын батыр да, абзал жан атанған дәрігер де, бәрі-бәрі мұғалімнің тәлімді тәрбиесі мен сапалы білімі арқылы қанаттанып шығады. Қасиетті білім ордасы – мектептің жүрегіне айналған ардақты мұғалімдерге деген құрмет қашан да жоғары болған.
Мұғалім – тәрбие мен мәдениеттің үлгісі. Бұл барлық уақытта мұғалім деген ұғыммен астасып келе жатқан маңызды нәрсе. Ең алғаш мектеп табалдырығын аттаған шәкірттерімен жүздесетін ұстаз өз оқушылары үшін көркем мінез-құлықтың, сөз бен іс бірлігінің, мейірбандылық пен сұлулықтың озық үлгісі. Мұғалім мамандығының көтеріп келе жатқан ауыр жүгі оның жауапкершілігімен өлшенеді. Адам баласы пенде болған соң, шалыс басады, қателік жібереді. Мұғалім де ет пен сүйектен жаратылған адам. Десе де, осы жауапты мамандықты алған соң, мұғалімге қателесуге болмайды. Ұстаздың әрбір іс-әрекеті, сөйлеген сөзі, өзін ұстауы, тіпті, киім киісіне дейін алдында отырған шәкірттеріне үлгі болады.
Заманымыздың келешегі жас ұрпақтың қолында болса, өскелең ұрпақтың білімі мен тәрбиесі мұғалімдердің қолында. Осыдан-ақ, мұғалімге жүктелген жауапкершіліктің ауырлығын байқауға болады. Бүгінгі жаңартылған білім беру саласының талаптарына сәйкес, мұғалім бейнесі білім мен біліктің, жаңашылдық пен ізденімпаздықтың, кәсіби құзыреттілік пен бәсекеге қабілеттіліктің нышанына айналуы қажет. Заманауи әлем заманауи мұғалімді талап етеді.
Сөзімді қорытындылайтын болсам, мәртебелі ұстаздық мамандығына деген сұраныс кеше де болған, қазіргі уақытта да бар, болашақта да бола бермек. Мән-маңызы жоғары маман иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, барша педагог мамандарға шығармашылық табыс, ең бастысы білімді шәкірттерінің көбейе беруін тілеймін. Дана Абай: «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан», - деп айтып кеткендей, тәуелсіз еліміздің келешегіне тұтқа болар білімді ұрпақ тәрбиелейтін жақсы ұстаздар қатары өсе берсін.

Соңғы жаңарту: 1 желтоқсан 2025, 15:32

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Диана

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақ әдебиеті

Үш бәйтерегімізге 130 жыл

Мәтінде қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі атанған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров пен Бейімбет Майлиннің өмір жолы мен әдеби мұрасы баяндалады.

Диана 2 мин 64 оқылым
Жалпы рубрика

Түстердің психологиясы: олар біздің подсознание туралы айтады

Мақалада түстердің ықтимал мағынасы, пайда болуы және психикаға әсері сөз болады. Сондай-ақ Фрейд пен Юнгтің көзқарастары, түс терапиясы мен шығармашылық байланысы қарастырылады.

Диана 1 мин 102 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 2 мин 37 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 4 мин 518 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 6 мин 69 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 5 мин 277 оқылым