Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·жаңа шығарылым Жаңа шығарылым Жариялау

: «» · ₸

2 мин оқу 43 оқылым

Тәуелсіздікке ұмтылыс жан алып, жан беретін күреспен қатар, рухани өміріне айрықша ықпал еткен ағартушылардың отарлау саясатына қарсы идеялық күресімен де ерекшеленеді. Солардың ең ірі өкілдерінің бірі, ұлтымыздың ұлықты ұстазы – Ыбырай Алтынсарин деп білеміз. Ы.Алтынсариннің қазақ ұлты үшін орны бөлек: қазақ педагогикасының негізін қалаушы, ұлы ағартушы, білім ісінің ұйымдастырушысы, фольклорист, ақын-жазушы, журналист. Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасын, методологиясын саралау оны басқа этнопедагогикалық жүйелермен салыстыруды

Ы.Алтынсарин – ұлт патриоты, тәлімгер-санаткері, халық қызметшісі болды.  Ұлы даланың шартарабына саңқылдап естілген ұлттың ұранындай, келешектің тұлғасын өнер-білімге ынтызар еткен рухтың жанартауындай, таудың таза кәусарындай «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» дейтін классикалық шығармалары – ұлттық сана, тіл, мәдениет тарихындағы баға жетпес байлық еді. Ол «Бір Аллаға сыйынып», «Өнер-білім бәрі де, Оқуменен табылған», «Оқу білген адамдар, Май тамызған қылыштан…» деп, тіреу болар, сүйеу болар оқудың мәнісін ыждағаттайды, содан соң, «өнер-білім бар жұрттардың» өнегесінен үйренейік, «Біз де бекер жатпалық!» бәйгеге түсіп, бақ сынайық, қатардан, саптан қалмайық, сол үшін сендерге батамды бердім дейді

Тұңғыш қазақ педагогы — Ыбырай Алтынсарин екі түрлі ірі мəселені алдына басты мақсат етіп қойды: біріншісі — мектеп ашу, бала оқыту, жалпы халықты ағарту жұмысы; екіншісі — халықтың ой-санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тəрбиелік істері.

Ол кезде надандыққа белшесінен батып жатқан елді оқуға шақыру, мәдениеттілікке үндеу айтарлықтай тарихи іс еді. Сол бір тарихи кезеңде әлеуметтік мәні зор үлкен іс, ауыр жүкті арқалаған адамның бірі Ыбырай Алтынсарин болды.

Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндірді. Есті бала мен ессіз баланы қарама –қарсы қойып, жастарға кімнен үлгі алып, кімнен безу керектігін көрсетті.

Алтынсарин мейілінше қиын жағдайда жұмыс істеді, талай бөгеттерге кездесті. Өтірік арыз, «Жаптым жала, жақтым күйенің» неше түріне жолықты. Бірақ ол күрестен қажыған жоқ. Әсіресе, оның келешекке сенімі зор болды. Аңсаған армандарын өзі орындай алмаса, болашақ жастар орындайды деп білді. Елді қараңғыдан жарыққа шығаратын жастар, тек қана жастар деген қорытындыға келді. Өзін қоршаған қараңғылық, надандықтарды шеней келіп:

«Біз надан боп өсірдік,

Иектегі сақалды,

«Өнер жігіт көркі» — деп,

Ескермедік мақалды.

Біз болмасақ сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды» — деді.

Ыбекең мейлінше қиын жағдайда жұмыс істеді. Талай бөгеттерге кездесті. Өтірік арыз, «Жаптым жала, жақтым күйенің» неше түріне жолықты. Бірақ ол күрестен қажыған жоқ. Əсіресе оның келешекке сенімі зор болды. Аңсаған армандарын өзі орындай алмаса да, болашақта жастар орындайды деп білді.

Ыбырай Алтынсарыұлы қазақ жастарын оқуға үндеумен қатар, адамгершілікке, достыққа, еңбекке, жігерлілікке, халқын сүюге, қысқасын айтқанда, «адам» деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуға үндеді. Ол жастарға бала кезінен бастап дұрыс тəрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын жақсы ұғынды. Сондықтан Ыбырай өзінің оқытушылық, ақындық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын осы мақсатқа бағындырды.

Авторы
Маратова Бану Ерланқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақ тілі

Қазақтың алғашқы ағартушысы – Ы.Алтынсарин

Мәтінде Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы, ағартушылық қызметі және қазақ даласында мектеп ашу жолындағы табанды еңбегі баяндалады.

Маратова Бану Ерланқызы 5 мин 69 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті: сапалы білімнен жаһандық жетістікке

Сексен жылдан астам тарихы бар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бүгінде ұлттық білім беру дәстүрін әлемдік ғылымның озық жетістіктерімен сабақтастырып, халықаралық білім кеңістігіндегі орнын нығайтып…

Бақытжамал Лаханова, Динара Жанузакова 4 мин 15 оқылым
Қазақ тілі

Қазақ поэзиясындағы «Айна» концептісі

Академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарағандыЗерттеу университеті Филология факультеті Қазақ поэзиясындағы «Айна» концептісі Тобы: КО-23-1к Орындаған: Әжіқұл Ұлмекен Қабылдаған: Хасенов Б. Р. Қарағанды, 2025ж Аннотация Бұл…

Әжіқұл Ұлмекен 7 мин
Қазақ тілі

ҰЛТ рухының айнасы: қазақ тілінің заманауи кеңістіктегі рөлі мен болашағы

Әли Мерей Ержанқызы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Тарих және педагогика факультетіне қарасты Бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының 4-курс студенті. Ғылыми жетекші: ф.ғ.к.,…

Әли Мерей Ержанқызы 5 мин 19 оқылым
Қазақ тілі

ҚазҰУ имиджі магистрант көзімен: ғылыми орта және зерттеу бағыты

ҚазҰУ магистранты университеттің ғылыми ортасы мен зерттеу дағдылары туралы ой бөлісіп, қазақ тіліндегі бьюти-дискурста қолданылатын англицизмдерді зерттеу бағытын таныстырады.

Нұршат Айзат 3 мин 26 оқылым