Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

3 мин оқу 486 оқылым

Көпбергенов Бейсембай Сырлыбайұлы

Бұл өмірде адам үшін өміріндегі ең маңызды құбылыс, ол - оның болашақ мамандығы.

Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», - деп халқымыздың ұлы ақыны, ойшылы, сазгері, қара сөздің қас шебері Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез келген адам «Өмір» деген атты дүниеде өз орнын табуға тырысады, яғни өседі,көреді, өнеді,тәрбиленеді. «Еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, қалаған мамандықтарының жемісін, қызығын көреді. Мемлекетке әр мамандық қажет. Алайда оны дұрыс таңдау – бағыңның ашылғаны. Мамандық иесі болу үшін ең алдымен білім мен қабілет қажет. Өйткені, білім арқылы адамның қабілеттілігі артса, ал қабілеттілік білікті маман болуыңа өз үлесін тигізеді.

Мен мамандық таңдауда  болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін - ол қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабардар болуы керек деген ой болды. Мен таңдаған мамандық мақтанышыма айналды.

Шәкәрім Құдайбердіұлы: "Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз болады. Олар - адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек" десе, ұлы Абай "Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда адам боларсың елден ерек" деп толғаған. Міне, осы  пікірлер ұстаз хақында айтылған секілді. Себебі, осы қасиеттер өз бойынан табыла отырып, оны ұрпақ бойына дарытатын да, дамытатын да ұстаз. Яғни, ұстаз - мемлекетіміздің бірінші байлығы деп саналатын халықтың,  ұрпақтың санасын қалыптастырушы, мол жауапкершілік пен қоғамның ауыр жүгін арқалаған тұлға болса дәрігер болу адам жанының арашасысы.

Мен - осы қиын болғанмен қасиетті, ауыр болғанмен абыройлы - қос мамандықты  таңдағаныма мақтан етемін, мақсатына жеткен бақытты жандардың бірімін деп санаймын.
Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейіндегі сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қаблетінің негізгі шарты болып табылады. Нарық бәсекесіне түсе алатын адами және кәсіби құндылық қасиеттерімен қатар ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңның кезек күттірмес мәселелерінің бірі екенін ұмытпаған абзал. Сондай құзыретті мамандық иелерін «Мейіргерлерді» дайындауға өз үлесімді қосып жатқанымды мақтан тұтамын.Қазіргі заманда мейірбикелік үрдіс мейірбикелік білім берудегі өзегі болып табылады.

Мейірбикелік іс пен мейірбике мамандығының дамуы қазіргі кезде денсаулық сақтау саласында  мейірбикенің ролін ерекше нығайтып келеді. Бұрын дәрігер көмекшісі саналса және дәрігер тағайындауын, медбикелік күтімді орындаса, қазіргі кезде  ғылыми тұрғыда негізделген және тәжірибеде дәлелденген заманауи теориясы бойынша дәрігермен тең құқықты  серіктесі ретінде мейірбикелік шешімдер қабылдай алады. Бұл әрине мейірбикелер үшін үлкен мәртебе болса, сол бәсекеге қабілетті, білімді, білікті  маман мейірбикелерді дайындау біз үшін зор міндет.

Еліміздегі  жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік
және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп,
жаңаша реңге ие болуы, жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себепті еліміздің ертеңін дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халықымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Осындай қоғамға қажетті мамандарды тәрбиелеуде қанатымыз талмай, жаңалық жаршысы боп, шығармашылығымыз шыңдалып, жетістікке жете берейік.

Авторы
Көпбергенов Бейсембай Сырлыбайұлы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Дене шынықтыру

Жеңіл атлетикада алыс қашықтыққа жүгіру нәтижесін ұтымды арттырудың физиологиялық-әдістемелік негіздері

Мақалада алыс қашықтыққа жүгіру нәтижесін физиологиялық бейімделу заңдылықтарына сай арттыру жолдары қарастырылады. Жүктемені жоспарлау, мониторинг және қалпына келу бойынша әдістемелік ұсынымдар берілген.

Сәрсенбаев Еркебұлан 13 мин
Дене шынықтыру

Волейбол: мектептегі волейбол үйірмесін дамыту

Ғылыми-әдістемелік мақала · дене шынықтыру және спорт Волейбол: мектептегі волейбол үйірмесін дамыту Негізгі авторы Қайратбекұлы Талғат Бірлескен авторы Коммунизм Абылай Аннотация. Мақалада жалпы білім беретін мектепте…

Коммунизм Абылай 8 мин
Дене шынықтыру

Университет қабырғасында волейбол спортын тиімді дамыту жолдары: ШҚТУ тәжірибесі

Мақалада университет жағдайында волейболды дамытудың жолдары мен ШҚТУ тәжірибесі қарастырылады. Студенттік лига, факультетаралық жарыстар және тұрақты жаттығулар ұйымдастыру ұсынылады.

Серіков Алдияр Рауанұлы 8 мин 129 оқылым
Дене шынықтыру

Баскетбол ойынын оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері

Мақалада баскетболды оқытудың заманауи тәсілдері, соның ішінде ойын арқылы оқыту, саралау, бейне талдау және қалыптастырушы бағалау қарастырылады.

Жұмарстанов Қуаныш Өмірбекұлы 9 мин 13 оқылым