Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мамандығым – мақтанышым!

Жақсылықбай Перизат
2 мин оқу 22 оқылым

Қазіргі білім-ғылым жетілген жаһандану кезеңінде білім жарқын болашақтың есігін ашар кілт іспеттес. Алдымызға қойған мақсаттарға жету жолында білім алу арқылы арманымызға бір қадам жақын боларымыз анық. Өз ісінің маманы атана отырып, тәуелсіздігін алып, дамып, көркейіп келе жатқан, жас, сонымен қатар білікті мамандарды талап ететін мемлекетімізге өз үлесімізді қосамыз. «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты – Қырандай күштi қанатты, Мен жастарға сенемiн!» - , деп өз ұлтының болашағы үшін күрескен ұлы қайраткер, ақын Мағжан Жұмабаев жырлап өткендей, болашақ жастардың қолында. Арман қуып, асқақ арманның соңына еріп аңсаған оқу орнына түсу кімнің де болсын арманы емес пе?! Ия, қазіргі таңда мамандықты таңдау басты өзекті мәселе. Мамандық ол болашақтағы берер үлкен жеміс , табар табыс. Адамзат баласы алдына қойған мақсаттар қойып және соған қол жеткізгісі келеді.Ойдан ой туып, ойлар арманға жалғасады.Алға қойған мақсаттар қатарында ең ерекшесі және мәндісі -мамандық. Шынында мамандық болашақ кәсібіміз.Өміріңнің ажырамас бір бөлігіне айналар істі таңдар алдында ойың сан- жаққа жүгірері анық. Осы орайда айта кетерім егерде сіз өзіңізге білім алуға ыңғайлы , білім мен ғылымның орталығы ең озықты кәсіби жоғарғы оқу орнын іздеп жүрсеңіз . Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті әлемнің ең озық білікті мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орнының құрамында мамандық саны тағы да толықтырылғаны жайлы айта кеткенім жөн болар. «Философия және саясаттану» факультеті «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасы  2018 жылы  «Исламтану» мамандығы ашылды. Осыған дейін бұл мамандықты докторантура және магистратура деңгейінде оқуға болатын еді. Исламтану мамандығының ашылуы түлектерге жаңа мүмкіндіктер береді. Ал мамандықтың маңызы — ислам дінінің тарихымен қатар, қазіргі қоғамда таралуын, дінің ақсап тұрған тұстарын жете зерттейді. Діннің дұрыс бағытта берілуін және қоғамның қалай қабылдауына дейін зерттейді. Исламтанушы ретінде әрбір діннің тарихын оның ислам дінімен қалай және қандай жағдайда араласатынын білуіміз керек. Міне, осындай қоғамдық маңызы бар мамандыққа барлық түлектерді ҚазҰУ күтуде!

Осыншама мүміндіктерді ұсынып отырған ҚазҰУ өз студенттеріне бір ғана талап қояды , ол-сапалы білім алып , білікті маман атануды.

Жақсылықбай Перизат

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  4 курс студенті .

Жетекшісі:  Бағашаров Құдайберді

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жақсылықбай Перизат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Мамандығым мақтанышым !

Мақалада ҚазҰУ-да ашылған исламтану мамандығының мазмұны, қоғамдағы маңызы және түлектерге ұсынатын кәсіби мүмкіндіктері баяндалады.

Жақсылықбай Перизат 2 мин 51 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 43 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым