Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мамандығым мақтанышым !

Жақсылықбай Перизат
2 мин оқу 51 оқылым

Қазір мектеп бітіруші түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді аяқтап үлкен өмірге қадам басуда. Бүгінгі менің мақалам сол асқақ арманның жетегіне еріп жаңа өмірге қадам басқан білім алуды мақсат етіп қойған жандарға арналады. Мамандық таңдау -өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Қазіргі таңда мамандықты таңдау басты өзекті мәселе. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда  Адамзат баласы алдына  мақсат қойып және мақсатқа жету жолында тынбай еңбектенеді. Ойдан ой туып, ойлар арманға жалғасады. Алға қойған мақсаттар қатарында ең ерекшесі және мәндісі -мамандық.  Шынында мамандық  болашақ кәсібіміз. Өміріңнің ажырамас бір бөлігіне айналар істі таңдар алдында ойың сан- жаққа жүгірері анық. Осы орайда егер сіз өзіңізге білім алуға ыңғайлы , білім мен ғылымның орталығы  ең озықты  кәсіби жоғарғы оқу орнын іздеп жүрсеңіз . Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті  әлемнің  ең озық білікті мамандарды дайындайтын  жоғарғы оқу орнының құрамында мамандық саны тағы да толықтырылғаны жайлы айта кеткенім жөн болар.  «Философия және саясаттану» факультеті «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасында  2018  жылдан бастап «Исламтану» мамандығы ашылды. Ислам дінін ,оның қағидаларын ,тарихын, мәдениетін,мұсылман халықтарының құқығын және исламмен байланысты қоғамдық-саяси ұйымдардың , діни-құқықтық жүйелер мен мектептердің өткен тарихы мен қазіргі жағдайын зерттейтін ғылыми пән. Исламтану исламның рухани құндылықтары мен оның ізбасарларының бағдарлары туралы бейтарап ақпарат беретін ғылым ретінде қызмет атқарады. Осыған дейін бұл мамандықты докторантура және магистратура деңгейінде оқуға болатын еді. Исламтану мамандығының ашылуы түлектерге жаңа мүмкіндіктер береді. Ал мамандықтың маңызы - ислам дінінің тарихымен қатар, қазіргі қоғамда таралуын, діннің ақсап тұрған тұстарын жете  зерттейді. Діннің дұрыс бағытта берілуін және қоғамның қалай қабылдауына дейін зерттейді. Мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және арнаулы оқу орындарында,бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде , дін істері комитетінде жұмыс атқара алады. Исламтанушы ретінде әрбір діннің тарихын оның ислам дінімен қалай және қандай жағдайда араласатынын білуіміз керек. Міне, осындай қоғамдық маңызы бар мамандыққа барлық түлектерді ҚазҰУ күтуде!  Осыншама мүміндіктерді  ұсынып отырған ҚазҰУ өз студенттеріне білім алып , білікті маман атануды талап етіп қояды.

                            Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 

 Исламтану мамандығының 3 курс студені    Жақсылықбай Перизат.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жақсылықбай Перизат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Мамандығым – мақтанышым!

Мәтінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2018 жылы ашылған исламтану мамандығының қоғамдағы маңызы мен түлектерге ұсынатын мүмкіндіктері сөз болады.

Жақсылықбай Перизат 2 мин 22 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 78 оқылым