Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы 8-сынып Мұғалімі: Жолдасбекова Бағлан

Bilimger Media
3 мин оқу 996 оқылым

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: білімділік – Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен  шығармашылығының қыр-сырларын меңгеруге, мазмұнына тереңдей бойлай отырып,шығармаларына жан-жақты талдау жасауға ықпал ету.

дамытушылық – салыстыру арқылы талдау жасауға дағдыланады, өз пікірін еркін жеткізуге қалыптасады;

тәрбиелік – ақын өмірі мен еңбегінен үлгі алып,елін, туған жерін, тілін сүйе білуге дағдыланады.

       Сабақтың міндеттері:

       Мазмұнға байланысты: өз бетінше іздену,мәтін мазмұнын меңгеру.

       СТО-ға байланысты: Ақын өмірі мен шығармашылығынан үлгі-өнеге алу,бүгінгі өмірімен салыстыру.

      Топқа байланысты: жеке,жұпта,топта жұмыс істеп,бір-бірін тыңдай білуге жұмылдыру.

     Күтілетін нәтиже:әр оқушы өз бетінше іздене алады;мәтін мазмұнымен танысады,ақын өмірі туралы ақпараттарды меңгереді;әр оқушы өз ойын,көзқарасын айтуға мүмкіндік алады,пікірін дәлелдейді,қорғайды,тыңдау әдебін меңгереді.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «ББҮ»әдісі,топтастыру,дыбыстар сөйлейді,бес жолды өлең,семантикалық карта.

Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, шығармалары, тірек сызбалар,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

 Оқушыларды түгелдеу, сабаққа ынтасын аудару.

 Сынып оқушыларын үш топқа бөлу:                         

 І топ - «Алғырлар»,

 ІІ топ – «Тапқырлар»,              

 ІІІ топ – «Білімділер»

 ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ,тексеру ,қорыту.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

І топ: М.Дулатов туралы қосымша деректер;

ІІ топ: Ақын өлеңдерін жатқа оқу;

ІІІ топ: “Ана” тақырыбына эссе жазу;

ІІІ. Жаңа сабақ

І. Қызығушылықты ояту.

ІІ. Мағынаны тану.

ІІІ. Ой толғаныс

І саты .Қызығушылықты ояту.

ББҮ кестесі.  Қосымша мәліметтер тарату. М.Жұмабаев туралы не білеміз?

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

ІІ саты . Мағынаны тану.

М.Жұмабаев (1893 – 1938 ж.) Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі М.Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келеді.Ақын,   қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, 1912 жылы “Шолпан” тұңғыш өлендер жинағы жарық көрді.

       М.Жұмабаев - философ ақын, “Қорқыт” поэмасы бар. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап “Педагогика”, “Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні” еңбектерін жариялады.  Ол орыс ақын – жазушылары И.Гете, Г.Гейне, Әбу Фирас, А.В.Кольцов, М.Ю.Лермонтов, А.А.Фет, А.А.Блок, Д.Н.Мамин-Сибиряк т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударған. “Шолпанның күнәсі” әңгімесі арқылы психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізді

Мағжан Жұмабаевтың хронологиялық кестесі.

1893 жылы

25 маусым

Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы

Булаев  ауданында дүниеге келді.

1905-1910  жылдары

Қызылжардағы медресесінде  12 жастан бастап оқиды.

1909 жылы

Абайдың  Петербургте  жарық көрген өлеңдерін оқып, сонан сусындайды.

1910 – 1912 жылдары

Уфадағы « Ғалия» медресесінде білім алады.

1912 жылы

19 жасар Мағжанның « Шолпан» атты тұңғыш жинағы, Қазан қаласында жарық көреді.

1912 жылы

Омбыдағы мұғалімдер семинариясына оқуға түседі.

1916  жылы

Семинарияны  алтын медальмен бітіріп, мұғалім болып жұмыс істейді.

1916 жылы

« Алаш» партиясын құруға  қатысады.

1919 – 1920 жылдары

Орынборда мұғалімдер  курсында  дәріс береді, дәл сол жылдары «Педагогика» атты кітабы жарық көреді.

1920-1921 жылдары

Ташкентте тұрып, «Сана», «Шолпан» журналдары мен «Ақ жол» газетінде еңбек етеді.

1923 – 1927 жылдары

Мәскеудегі жоғарғы әдебиет – көркем өнер институтында оқыды.

1929 жылы

«Алқа» астыртын ұйымды құруды жаламен            10 жылға   сотталады.

1936 жылы

Максим Горькийдің араласумен бостандық алады .

1937 жылы

Желтоқсанның 30-ында қайта тұтқындалып

1938 жылы

Кеңес өкіметіне қарсы  деген айыппен атылады.

Мағжан

Жұмабаев

шығармалары

Өлеңдері

“Түркістан”,

“Жазғытұры”,

“Сағындым”,

“Толқын”,

“Қазақ тілі”,

“Анама” т.б.

Поэмалары

“Батыр Баян”,

“Ертегі”,

“Қорқыт”,

“Жүсіп хан”,

“Қойлыбайдың

қобызы”,

“Тоқсанның тобы”

Ғылыми

 еңбектері

“Педагогика”

Прозалық

шығармасы

“Шолпанның

 күнәсі”

  Мағжанның ақындығын аса жоғары бағалап, таңырқанған М. Әуезов былай деген: «...Мағжанды сүйемін! Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін, менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан... Бұдан соң Мағжанды сүйемін, Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Мағжан мәдениеті зор ақын» М.Әуезрвтың пікірі.

Топтық тапсырмалар таратылады.

1-тапсырма:  «Топтастыру»әдісі.

2-тапсырма: « Бес жолды өлең» әдісі.

3-тапсырма: Кейіпкерге хат.

ІІІ саты . Ой толғаныс.

Сабақты қорыту: Көрнекті жазушы,ақын,публицист,қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі-Мағжан Жұмабаевтың қысқыша өмірі мен шығармашылығы туралы танысып,өз ой-пікірлеріңді ортаға салдыңдар ,балалар. Олай болса сендердің де білуге құштарлықтарың талмасын деп бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз.

Интерактивті тақта арқылы тірек сызбалар, «дыбыстар сөйлейді» кестесін толтырады.

Бүгінгі сабақтан қандай ой түйдім? Неге үйрендім ?

М

Мағжан еліне қамқор, адал жан.

А

Ғ

Ж

А

Н

Ж

Ұ

М

А

Б

А

Й

Бағалау: Топ басшыларының толтырған бағалау парағындағы мәліметтерді қорытындылап,журналға түсіру,жариялау.

Үйге тапсырма.

1.М.Жұмабаевтың сыршыл өлеңін жаттап келу.

2.Мағжанның «Түркістан» өлеңі туралы деректер жинап,танысып келу.

№ 51 М.Қаратаев атында

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл: білімнің шамын жаққан ұлы тұлға

Мақалада Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, қазақ балаларына білім беру жолындағы еңбегі мен әдеби мұрасы сөз болады. Оның шығармаларындағы білімге құштарлық, еңбекқорлық және адамгершілік идеяларының бүгінгі маңызы көрсетіледі.

Қожабек Амина 2 мин 11 оқылым
Қазақ әдебиеті

Асқар Алтайдың «Сират көпірі» шығармасы: тарихи романның көркем жүйесі мен рухани ұстанымдары

Мақалада Асқар Алтайдың «Сират» романы тарихи-философиялық қырынан талданып, кейіпкерлер жүйесі, көркемдік құрылымы және ұлттық рух мәселелері қарастырылады.

Жазит Алтынай 12 мин
Қазақ әдебиеті

Аңыз әңгімелердегі ұлттық құндылықтар

Ғылыми мақалада қазақ аңыздарының тарихи жадты сақтаудағы және ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне жеткізудегі маңызы қарастырылады.

Сейтхан Ернұр 4 мин 29 оқылым
Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

Шымкент қаласы. Қазақстан Зиятркелік "Бәйтерек мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Тельмаева Назерке Жаскыранкызы 3 мин 123 оқылым