Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

М.Қабанбаев "Бауыр" әңгімесі

Мейрамкул
4 мин оқу 780 оқылым
Сабақтың тақырыбы:

 М.Қабанбаев   «Бауыр» әңгімесі»

Ақтөбе қаласы, №60 ЖББОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Романова М.К

Күні:    03.03.2020

СЫНЫП:  5 «Ғ» Қатысқано қушылар  саны:  27 Қатыспаған оқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары . 5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу;

Б/С2.5. Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.

Сабақ  нәтижесі: Оқушылардың көпшілігі:

- Сұрақтарға толық әрі нақты жауап береді;

- Шығарма желісімен байланыстыра алады;

- Кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді;

Оқушылардың кейбіреуі:

- Қазіргі өмірмен байланыстыра алады;

- Топтық жұмысқа белсенді қатысады.

Бағалау  критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік Құрметтеу: оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;

Тәрбие: Отбасы мүшелерін құрметтеу, бауырдың орнын білу, отбасы қадірін түсіну, бауырмалдылық қасиетін дәріптеу.

Ресурстар Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтадан бейне материал тамашалайды, слайд арқылы тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі, тарих
Алдыңғы оқу «Бауыр» әңгімесі
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы

5  минут

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды тексеру, назарын сабаққа аудару. Қызығушылық ояту. Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа білім

10 минут

«Бұрыс,дұрыс» әдісі

Әңгімені толық оқыған не оқымағанын тексеру мақсатында «Дұрыс-бұрыс» ойыны ойнатылады. Оқушылар қағаздың екі жағына дұрыс/бұрыс деп жазады. Мұғалім сұрақтарды рет-ретімен оқиды, қай сұрақтың жауабы дұрыс болса, оқушылар парақтың дұрыс деген жазуын, ал жауап қате болса, бұрыс деген жазуын көтереді.

1. Қалидың ағасы – Манап. - дұрыс

2. Директордың аты-жөні - Эльжбета Сергеевна. - бұрыс

3. Қалидың фамилиясы – Төрекелдиев. – дұрыс

4. Қали ән айтып, би билегенді ұнатады. – бұрыс.

5. «Ойнайтын да, қайнайтын да спорт залымыз осы. Балалар қазір жаттығып жатыр. Орындыққа тізе бүгіп, тоса тұрыңыз. Мен Қалиды ертіп шығайын». Виктория Ивановнаның сөзі. – бұрыс.

6. «Тығыз қара шашы ұсақ-ұсақ бұйра, қол-аяғы таралып қалған, кең иықты болмаса да ешкімнен қарызға жауырын сұрай қоймайтын кішірек көзді ақ сұр бала». Манаптың портреті. – бұрыс.

7. «Түу, Эльжбета Сергеевна, терді жаңа ғана үгіп, тырыс-бырысты жаза бастағанымыз сол еді. Басқа қолайлы уақыт табылмады ма?». Қалидың сөзі. – дұрыс.

8. Қали жетінші сыныпта оқиды. – бұрыс.

9. Балалар үйі Өскеменде орналасқан. – дұрыс.

10. Әңгімеде «Жетім көрсең, жебей жүр» мақалы кездеседі. – бұрыс.

.«Бұрыс, дұрыс» әдісі

Ортасы

10 минут

Оқушыларға «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сұрақтары» қойылады.

1-тапсырма.

1. Манап балалар үйіне не үшін келді?

2.Балалар үйі туралы естулерің бар ма?
3. Қалиды көргенде Манаптың бойын қандай сезім биледі?

4. Балалар үйінің директоры Манапты қалай қарсы алды?

5. Балалар үйіндегі тәрбие жұмысы қалай ұйымдастырылған?

6. Қалидың тәлім-тәрбиесі қандай, ол немен әуестенеді?

7. Көптен көріспеген ағалы-інілі екеуінің кездесуі сендерге қалай әсер етті? Кездесулерінің салқындығының сыры неде?

8. Манап ел жайында, әкесінің қазасы туралы айтқанда Қали неге жайбарақат қабылдады?

9.Қалидың мінез-құлқы, іс-әрекеттері, арман-қиялдары қандай? 10. Ағалы-інілі екеуінің түбінде түсінісетініне сенесіңдер ме?

Бағалау критерийлері:

- Сұрақтарға толық әрі нақты жауап береді;

- Шығарма желісімен байланыстыра алады.

2-тапсырма. «Аялдама» әдісі.

Шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау.

1-аялдама. Оқиғаның басталуы – Манаптың балалар үйіне келуі.

2-аялдама.Оқиғаның дамуы – Манап пен Қалидың кездесуі.

3-аялдама.Оқиғадағы шиеленіс – бауырлар арасындағы салқындық. Манаптың ішкі жан күйзелісі.

4-аялдама. Шарықтау шегі - Қалидың әңгімесі, жаттығуға асығуы.

5-аялдама. Оқиғаның шешімі – көңілі алабұртқан Манаптың кейін қайтуы.

Бағалау критерийлері:

Аялдама бойынша әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасай алады.

2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Оқушылар кейіпкерлерге портреттік мінездеме береді.

Кейіпкер

Тура мінездеме

Жанама

мінездеме

Манап

Қали

Эльжбета Сергеевна

Бағалау критерийлері:

·         Кейіпкерлерге портреттік мінездеме бере алады.

·         Тура мінездеме мен жанама мінездемені ажырата алады.

Оқушылар сурет қиындыларын құрастыру арқылы төрт топқа бөлінеді.

Сұрақ-жауап

«Аялдама» әдісі.

Жұптық жұмыс

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті. «Меломен» тобының орындауындағы «Перзент арманы» әнінің бейнебаянын тамашалайды.
Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут

3-тапсырма. Топтық жұмыс. «FILA толтыру» әдісі көркем шығармадағы кейіпкердің образдық тұлғасын ашуға бағытталады. Топ құрамында төрт адам болады. Әрқайсысы «FILA толтыру» әдісі бойынша тапсырма түрлерін бөліп алады, қорытындысында жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.

F /Дерек/ – шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау.

I /Пікір / – кейіпкер туралы өзінің ой, пікірі.

L /Сұрақ/ – кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар.

A /Іс-әрекет/ – автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі.

«FILA толтыру» әдісімен жұмыстанады
Бағалау

5 минут

Кері байланыс

3 минут

Кері байланыс кемесі
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

· · ·
Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

 

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Мейрамкул

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақ тілі

Бабамның киген киімі

5-сыныпқа арналған сабақ жоспарында ұлттық киім тақырыбы бойынша тыңдалым, оқылым және жазылым тапсырмалары берілген. Оқушылар зат есімдерді жалғаулар арқылы түрлендіреді.

Мейрамкул 5 мин 209 оқылым
Ашық сабақтар

Сандар қатары

Сабақта оқушылар тура және кері санап, сандар құрамын қайталайды, өрнектерді салыстырады және қосу мен азайтуға арналған тапсырмалар орындайды.

Мейрамкул 3 мин 403 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл: білімнің шамын жаққан ұлы тұлға

Мақалада Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, қазақ балаларына білім беру жолындағы еңбегі мен әдеби мұрасы сөз болады. Оның шығармаларындағы білімге құштарлық, еңбекқорлық және адамгершілік идеяларының бүгінгі маңызы көрсетіледі.

Қожабек Амина 2 мин 12 оқылым
Қазақ әдебиеті

Асқар Алтайдың «Сират көпірі» шығармасы: тарихи романның көркем жүйесі мен рухани ұстанымдары

Мақалада Асқар Алтайдың «Сират» романы тарихи-философиялық қырынан талданып, кейіпкерлер жүйесі, көркемдік құрылымы және ұлттық рух мәселелері қарастырылады.

Жазит Алтынай 12 мин
Қазақ әдебиеті

Аңыз әңгімелердегі ұлттық құндылықтар

Ғылыми мақалада қазақ аңыздарының тарихи жадты сақтаудағы және ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне жеткізудегі маңызы қарастырылады.

Сейтхан Ернұр 4 мин 30 оқылым
Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

Шымкент қаласы. Қазақстан Зиятркелік "Бәйтерек мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Тельмаева Назерке Жаскыранкызы 3 мин 124 оқылым