Мазмұнға өту

М. Әбсембет «Ақжолтай Ағыбай батыр»

Алагозова Камар Тыныштыковна 2 мин оқу 1 025 оқылым

Алагозова Камар Тыныштыковна

Сабақтың   тақырыбы: М. Әбсембет «Ақжолтай  Ағыбай  батыр»

Сабақтың   мақсаты: Мәтіннің  мазмұнымен,идеясымен  таныстыру.

Автор   туралы  мағлұмат  беру. Шығармашылық        қиялын ,  жүйелі  ойлау  қабілетін,сөздік қорын  молайтып, тіл  байлығын  дамыту. Отансүйгіштікке,

Елжандылыққа,патриотизмге  тәрбиелеу. Оқушы  бойына  адалдық,шыншылдық,батырлық сынды  ізгі  қасиеттерді  сіңіру.

Сабақтың    әдісі: СТО  технологиясының  элементтері

Сабақтың   көрнекі  құралдары: интербелсенді  тақта,бейнефильм,жеке суреттер.

Сабақтың  барысы:

1.Қызығушылығын  ояту

Психологиялық  дайындық.  Шаттық  шеңбері

(Оқушылар  шеңбер құрады)

-Балалар, алда  қандай  мерекелер  келе жатыр?

-1 желтоқсан  Қазақстанның  тұңғыш  президент күні

16 желтоқсан  Тәуелсіздік  мерекесі. Биыл  Тәуелсіздігімізге 25 жыл

-Олай болса, көк  жалаушамызды бір –бірімізге  жақсы тілек айтып жалғастырайық.

  1. Үй тапсырмасын пысықтау

-Осы   мереке  қарсаңында  оқулықтан «Ата-бабам  тарихы-менің  тарихым»атты  үлкен  тарауды  бастадық.

Бұл  тараудан  осы тәуелсіздікті  аңсаған  ,соның  жолында  күрескен батырларымыз  туралы  оқып-біліп  жатырмыз.

Үйге  қандай  тапсырма  берілді?

-«Алмас  қылышты  ардагер»  мәтінін  оқып  мазмұндап келу

-Осы тақырып   төңірегінде  бір –біріңе  сұрақ  қоясыңдар.Дұрыс  жауап  берген  бала Көк  жалаушаны  ұстап  сұрақ қою құметіне ие болады.

- Жоңғар  шапқыншылығында   ел  қорғаған  батырлардың  есімін  тағы бір  қайталап  өтейік.

-Қанжығалы  Бөгенбай,Шапырашты  Наурызбай,Қаракерей  Қабанбай

Осы  батырлардың   аттарымен  топқа  бөліне қояйық.

1-топ  Қанжығалы  Бөгенбай

2-топ Шапырашты  Наурызбай

3-топ  Қаракерей  Қабанбай

  1. Бейнефильм тамашалау «Кененсары  хан»

-Фильм  кім  туралы?  Кенесары  хан  туралы

- Кененсары  хан  кімдерге  қарсы  көтеріліске  шықты?

-Патша  үкіметіне қарсы  шықты?

-Кенесарының  арман-мақсаты  қандай  еді?

-Елдің тыныштығын  қорғап,елдің  егемендігін  армандады.

-Осындай  көтерілістерде    жеңіске  жету  жолында,қиын  кезеңдерден  жол  таба  білетін  кеңесші,ақылшы  батырлары мен ақылдасып  отырған.

-Бүгінгі  сабағымызда  Кененсарының   бірінші  әскери кеңесшісі болған  Ағыбай  батыр  туралы  мәтінмен  танысамыз.

Мәтіннің  авторы  Марат Әбсемет.

-Автор  туралы  қысқаша  мағлұмат  беру

-«Ақжолтай  Ағыбай  батыр»  мәтіні

-Мәтінді  үш топ  бөліктерге  бөліп  оқиды.

Оқыған  бөліктер  бойынша  басқа  топтармен  бөліседі.

  1. Сөздік жұмыс

Жасақ-әскер       Кеңесші-ақылшы             жәбір-қиындық,қорлық

5.Топтық   жұмыс

1-  Мәтін  бойынша   жоспар  құрайды.

2-  Мәтін    кестесін   құрайды.

3-   5   жолды  өлең  жазу  Ағыбай

  1. Сергіту сәті «Мен Қазақпын»
  2. Дәптермен жұмыс

Ағыбайды   сипатта  «Кластер»әдісі

  1. Бекіту сұрақтары

1Мәтінде   ел  басынан   өткен   қандай  кезең   туралы   айтылған?

2.Кененсары  кім?  Мәтінде  ол туралы  не айтылған?

  1. Неліктен Ағыбай  батырдың   есімі   Кенесары  ханмен  қатар  айтылады?

4.Ағыбай  батырды  халық  қалай  бағалады?  Оны   неліктен  «Ақжолтай батыр»  деп  атаған?

-  Міне  ,балалар, талай жылдар  бой  ата-бабаларымыз аңсаған  Тәуелсіздігімізге    25 жыл.

Найзаның  ұшымен,білектің күшімен, бір жағадан бас,бір  жеңнен қол шығарып  бірліктің  арқасында  қол жеткізген   тәуесіздігіміздің  туын  сендер  болашақ  білімді  ұрпақ  биікке  желбіретіңдер!

9.Бағалау   Топ  басшылары   бағалайды , өзін - өзі  бағалайды.

10.  Рефлексия   Тілек  ағашы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Алагозова Камар Тыныштыковна

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Адилжан Аякоз Бастауыш білім беру Аңдатпа: Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының зейінін, есте сақтауын, ойлау қабілетін дамытуда нейрогимнастикалық жаттығулар мен нейроойындарды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Bilimger Media 28 оқылым 2 мин
Бастауыш сынып

Қош келдің, Наурыз!

№50 жалпы білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі DOCXӘДЕБ-ОКУ-АШЫҚ-САБАҚ.docxҚұжатты ашу

Жанахметова Жансая Бектасовна 48 оқылым 1 мин
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 518 оқылым 4 мин
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 69 оқылым 6 мин