Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Lesson study — зерттеу сабағы

Автор

Bilimger Media
1 мин оқу 410 оқылым

Lesson study — зерттеу сабағы оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігінен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімді пайдалануымен өлшенеді. Әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр.
Мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыратын Қаласова Г.Д (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), Әбдіғали А.Н. (орыс тілі пәні мұғалімі, бастауыш сынып әдіскері), Байманова С.Ж. (бастауыш сынып пәні мұғалімі), Издибаева Г.А. (бастауыш сынып пәні мұғалімі) мұғалімдерден сарапшы топ құрдық. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Негізгі және туынды зат есім» тақырыбы бойынша 3 - сыныбында өткізуді жоспарладық. Жалпы сыныпта 16 оқушы білім алады. Сынып жетекшісі жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Абеуова Қымбат Қойшыманқызы. Зерттеу барысында бекітілген сарапшылар әр пән сабақтарына кіріп, талдаулар жүргізді. Талдау барысында 3 – сынып оқушыларын зерттей отырып, сабақтағы әдіс- тәсілдер мен бағалауды меңгергенің, жекелей, жұптық, топтық жұмыс формаларында жұмыс жасай алатындығын бақыладық. Сонымен қатар, Әбеуова Қымбат Қойшыманқызы осы сыныбына «Негізгі және туынды зат есім» тақырыбында қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа барлық оқушылар бір адамдай қатысып, өз деңгейлерін көрсетті. Ашық сабаққа мектеп ұжымының әріптестері қатысып , өз пікірлерін ортаға салды. Өзінің іс – тәжірибесін мұғалім әріптестеріне бөлісті.
Сараптай келе, сынып оқушыларының оқу мен оқыту іс – әрекетіне қорытынды жасалып, оң баға берілді. Мектебімізде жүргізілген кезекті Lesson Study үрдісінің тиімді екеніне тағы да бір мәрте көз жеткіздік.

Әбдіғали Ардақ Нұрсұлтанқызы
А.Нұрманов атындағы ЖББОМ
бастауыш сынып әдіскері
Аманкелді ауданы, Байғабыл ауылы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 36 оқылым 2 мин
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 518 оқылым 4 мин
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 69 оқылым 6 мин
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 277 оқылым 5 мин