Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 157 оқылым

Ереже түзуде ұлттық тілдің ерекшеліктері мен заңдылықтарына сəйкес болуы, дəстүрге айналған базалық нормалардың сақталуы, техникалық жақтан қолдануға оңтайлы, жинақы болуы, халық тілінің дыбыстық қор əлеуетінің кеңірек қамтылуы, жаһандану үрдісінде жазу-сызудың ұлттық сипатының сақталуы ерекше назарға алынды. Сонымен бірге бұған дейінгі жазу тəжірибесі, тұрақталған нормалары, латын негізді əліпбиді қолданған жəне қолдана бастаған түркітектес халықтардың емле тəжірибелері ескерілді Қосымшалар түбірдің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың үндесіміне қарай не жуан, не жіңішке жалғанады.

Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, қосымшалар қатаңнан, ал дауысты, ұяң немесе үнді болса, қосымшалар ұяң не үндіден басталып жалғанады.

Түбірдің соңғы буынында үнді дауыссыз дыбыстан кейін тұрған y, i əріптері тəуелдік қосымшасы жалғанғанда түсіріліп жазылады.

Е с к е р т у. Мағынасына нұқсан келетін сөздерде y, i түсірілмей жазылады.

Соңғы буынында á əрпі жазылатын түбір сөздерге ашық дауыстылармен келетін қосымшалар ғана жуан жалғанады.

s, z, j дыбыстарына аяқталатын сөздерге s, sh дауыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбір сақталып жазылады.

n дыбысына аяқталатын сөздерге b, g, ǵ , m дауыссыздарынан басталатын қосымша жалғанғанда, түбірдің негізгі тұлғасы сақталып жазылады.

Сөз соңындағы k, q, p əріптері тəуелдік жалғауы немесе көсемшенің -а, -е, -ı жұрнағы жалғанғанда, g, ǵ , b ( ý) болып жазылады. Бірақ sap – sapy, sapynda, tarap – tarapy тəрізді сөздердің түбір тұлғасы сақталып жазылады.

Екінші сыңары basy, asy, aǵ asy, anasy тұлғаларымен келген біріккен сөздерде қосымша сөздің тəуелдік формасына жалғанады. Тəуелдік жалғауының ІІІ жағы жалғанбайды.

Түбір сөзге -hana, nama, -góı, -qoı, -kez, -kesh, -paz, -ger, -ker, -tal, -dar, -qor тəрізді араб, парсы тілінен енген жəне -kúnem, -niki (-diki, -tiki), -men (-ben, -pen) тəрізді төл қосымшалар сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай жалғанады.

Қысқарған сөздер емлесі.

Басқы əріптерінен қысқарған күрделі атаулар бас əріппен жазылады: EQYU (Eýropadaǵy qaýipsizdik jáne yntymaqtastyq uıymy); AQ (Aksıonerlik qoǵam); AAQ (Ashyq aksıonerlik qoǵam); JShS (Jaýapkershiligi shekteýli seriktestik); DDSU (Dúnıejúzilik densaýlyq saqtaý uıymy). Қосымшалар қысқарған сөздің айтылу заңдылықтарына сəйкес дефис арқылы жазылады: EQYU-ǵa; ЕO-ǵa; JShS-nyń , JShS-ǵa; AQ-nyń ; DDSU-ǵa; TMD-ǵa, MKK-ge. Бірақ AQSh-qa деп жазылады.

Ағылшын тіліндегі атауы бойынша қысқарған əлемдік мəртебесі жоғары халықаралық ұйым атаулары түпнұсқа тіліндегідей жазылады: UNESСO, USAID, NATO, EXPO. Қосымшалар қысқарған сөздің айтылуына қарай дефис арқылы жалғанады: UNESСO-nyń , -ǵa; USAID-tyń, -qa; NATO-nyń, -ǵa; EXPO-nyń, -ǵa.

Аралас қысқарған сөздер төмендегідей жазылады: QazUÝ (Qazaq ulttyq ýnıversıteti); Eýroodaq (Eýropalyq odaq). Қосымшалар соңғы буынға үндесіп жалғанады: QazUÝ -dyń, -ǵa; Eýroodaq-tyń,-qa.

Авторы
Зайда Шаукенова

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

ҚазҰУ имиджі магистрант көзімен: ғылыми орта және зерттеу бағыты

ҚазҰУ магистранты университеттің ғылыми ортасы мен зерттеу дағдылары туралы ой бөлісіп, қазақ тіліндегі бьюти-дискурста қолданылатын англицизмдерді зерттеу бағытын таныстырады.

Нұршат Айзат 3 мин 19 оқылым
Қазақ тілі

Жастар слэнгінің тіл экологиясына әсері

Мақалада жастар слэнгінің қазақ тілінің экологиясына әсері, оның оң және теріс қырлары, интернеттегі тілдік қолданыстар мен зерттеу әдістері қарастырылады.

Жалғасбекқызы Аяулым 10 мин 10 оқылым
Қазақ тілі

Тіл — ұлттың жаны, ұрпақтың аманаты

Қазақ тілінде сөйлеудің маңызы, ана тілін құрметтеу мен оны күнделікті өмірде қолдану қажеттігі туралы ой-толғау.

Сайлаухан Ақерке 3 мин 18 оқылым
Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 6 мин 197 оқылым