Орынды қалжың
1 мин оқу
Қоңыров Әміре қарт ойын-күлкісі жарасқан замандастардың өзара қалжыңы жайында бір естелік айтты.
—Біздің елде Жаңқабай дейтін қалжың сөзге шебер адам болды. Ол әзіл сөздерін қарасөзбен ғана емес, тақпақтатып та айтатын еді,—деп бастады Әбекең (Әміре).—Оның көбірек ойнап, қалжыңдайтын Көсе атты замандасы болды. Атына лайық, сақал-мұрты жоқ көсе еді. Бірде соған Жаңқабай ағай былай деді:
—Дария білмес иттің сарығанын,
Надан білмес атының арығанын.
Әлі күнге он бестегі бозбаладай,
Көсе шіркін білмейді қарығанын (қартайғанын).