Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Көкөністер

Автор

Козиева Махаббат Джармаханқызы
3 мин оқу 1 945 оқылым

Козиева Махаббат Джармаханқызы

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Көкөністер түрін ажырата білу және олардың көбею жолдарын анықтау. Түйнек, пиязшық, орамжапырақ, жемтамырлар туралы мәлімет алу.
Дамытушылығы: Оқушылардың тілін дамыту, сөз қорын молайту, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, айналадағы дүниені тани біліп, өмірмен ұштастыра білуге баулу.
Тәрбиелілігі: Табиғатты сүюге, өсімдіктерді қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, еңбексүйгіштікке, өзгенің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, сайыс.
Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу,дүниетану
Қолданылған технология: сын тұрғысынан ойлау
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кубиктар, қима қағаздар, суреттер.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Қанеки, дәстүрлі «Шаттық шеңберін» құрып, қол ұстасып мына келген қонақтарымызбен амандасайық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Барша жанды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

-    Бір сәт тақтаға көңіл аударайықшы
Нені көріп отырсыздар ?
-    Күнді
-    Дұрыс айтасыңдар
-    Осы күннің әр шапағында жұмбақ жасырынған.
Егер кім-кім жұмбақтың шешуін тауып, жауабын айтса, бүгінгі сабақта қандай тақырып төңірегінде мағлұмат алатынымыз белгілі болады.

- Ол үшін ойын ойнайық.

Ал, балалар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.

  1. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе, жыладық.   (Пияз)

  1. Жер астында жез қазық,

Жеуге болар ас қазық. (Сәбіз)

  1. Аласа ғана бойы бар,

Қабат-қабат тоны бар.(Орамжапырақ)

  1. Үстіне тігіп көк шатыр ,

Астында қызғылт дәу жатыр .(Қызылша)

  1. Әр желінің асты толған көк қоян,
    Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. (Қияр)

ІІ. Жаңа сабақ

Балалар, сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көкөніс». Көкөністер күннің сәулесінен қуат алып, жылуынан құнарланып, гүлдеп, түйнек салады, жеміс береді. 1- слайд

-    Балалар, сендер көкөністің жансыз бейнесін көріп отырсыңдар.

Енді, көкөністің табиғи түрін көргілерің келе ма?
-    Иә
-    Олай болса маған назар аударыңдар.

Көкөністер – бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы өте сіңімді заттардың, ішінара көмір сулардың болуына байланысты. Көкөністерде адам орнанизміне қажетті дәрумендер мен минералды тұздар көп

ІІІ. Топтық жұмыс

  1. Үстелдің үстінде жатқан қағаз қиындыларын құрастыру. (әр үстелде көкөністердің суреттері құрылады. Сол құрылған сурет топтың аты болады.)
    Ұпайларын санап отыру.
    1 – тапсырма.Әр топқа тапсырма беру.

2-слайд

1 – топ қызанақ туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).
2 – топ орамжапырақ туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).
3 – топ сәбіз туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).

4 – топ картоп туралы сипаттама беру. (түсі, пішіні, дәмі, салмағы, сапасы т.б.).

2 – тапсырма. Жұмбақтар сайысы. Әр топ бір-біріне жұмбақ жасырады.
3 – тапсырма. Көкөністер мен жемістерді ажырату. Флипчартта орындау.

3-слайд                                                              4-слайд

4 – тапсырма. Графикалық тақпақ жаттау.

Бақшасында атамның

Көкөністер көп екен
Теріп, жинап аламыз
Себеттерге саламыз
Пияз, картоп, қызылша
Түйнек, сәбіз, қызанақ
Орамжапырақ қиярлар
Жалқан болса тағы бар.

5- слайд

ІV.  Шығармашылық тапсырмалар.

1 –топ мақалды жалғастыр «Ағашы аласа болса да? Алмасы тамаша» Адам көркі – шүберек, ағаш көркі – жапырақ,

2 – топ ребус шешу (орамжапырақ),

3 – топ көкөністерді геометриялық фигуралар арқылы сәйкестендіру. Қияр-сопақ, қызанақ-домалақ, пияз-үшбұршақ.

4 – топ жасыл, қызыл, тоқ сары, күлгін түстерді көргенде қай көкөністер елестейді, соны қайшымен қиып беріңдер.

6-слайд

  1. V. Ой шақыру:
    Вени диаграммасын салу. Көкөніс – адам денсаулығына пайдалы – дәрумен-тағам-мәдени өсімдік-бақша көркі-көмірсу.

VІ. Үй тапсырмасы: Көкөністер туралы ертегілер оқып келу.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Козиева Махаббат Джармаханқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Ғылыми мақалада бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыруға арналған нейрогимнастика жаттығулары мен нейроойындарды сабақта қолдану жолдары сипатталған.

Bilimger Media 36 оқылым 2 мин
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 518 оқылым 4 мин
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 69 оқылым 6 мин
Бастауыш сынып

Бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолдану

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебі Аннотация Бұл мақалада бастауыш сыныпта цифрлық технологияларды қолданудың маңызы мен тиімділігі қарастырылады.…

Қуатқызы Зина 277 оқылым 5 мин