Мазмұнға өту

Кітапханашы- мәртебелі мамандық.

Сембигалиева Жанылсын Мубиновна 2 мин оқу 561 оқылым

Кітапханашы- мәртебелі мамандық.

Кітапхана- мәңгілік парасаттың ең киелі ғимараты.

Әбіш Кекілбаев

Кітапхана -  дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі, ғасырдан-ғасырға адамзат тарихының керуені сүріндірмей әкеле жатқан биік,парасаттылық пен біліктіліктің киелі ордасы. Кітапхана - оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтың жауабын табуға болатын сиқырлы орда.

Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес. Дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт - бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан - теңіз. Солардың бірі -Малаева Гүлдана Сәрсенғалиқызы. Ол бала кезінен кітап оқуға құмартып, ауыл кітапханасына күнімен отыруға дайын. Сол кезден бастап арманы кітапханада, кітапханашы болып қызмет ету еді. Өмірдің жетегіне еріп түрлі салада жұмыс істесе де, сол баяғы бала арманы орындалып. Маңғыстау гуманитарлық колледжінде  «Кітапхана ісі мамандығы» бойынша оқып, Абай атындағы орта мектепте кітапханашы болып жұмысқа орналасты. Ұстазындай болған зейнеткер кітапханашылар: Шолпан Нұрмағанбетова, Жеміс Назарханова апайлардың үйреткен сара жолымен жүріп, әр күні жұмысқа бар ынта жігерімен асыға келеді. Гүлдана Сәрсенғалиқызы кітапханаға келген әрбір оқырманға жылы қабақпен, жақсы көңіл күй сыйлайтын жан десем артық емес.

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан ахуалға қарамастан мектеп оқушылары мен мектеп қызметкерлерін оқулықпен қамтамассыз ете отырып, оқырман сұранысы бойынша түрлі көркем әдебиеттер, оқулықтар керек мәліметтердің бәрін дер кезінде тауып беріп отырады.Техниканың дамыған заманында кітапқа деген қызығушылық жастар арасында төмендеп кетті. Сол үшін жастарымызды телефонға тәуелді етпей, түрлі әдеби кітаптарды  оқуға шақырады. Жиырма жылға жуық  қызмет еткен жылдарында мектеп ұстаздарымен етене араласып, сынып оқушыларын түрлі шараларға қатыстырып облыстық, аудандық және алғыс хаттармен бірге   дипломдармен марапатталып жүр. Эстетикалық талғамы бай, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған, оқырмандарына қажетті ақпаратпен сусындатып отырған осындай кітапханашының орны бір бөлек. Сан түрлі мамандық бар, бірақ, осы кітапханашының жұмысы қызықты да, тартымдылығымен ерекше. Кітапханашының жұмысы жаңалыққа құмардан басталады. Күн сайын келетін газет, журналдар, жаңа  кітаптар және де, күн сайын келетін оқырмандар мен оқытушылар легі толастамайды.Мен осы кітапханашы туралы сөзімді Жүсіпбек Аймауытовтың сөзімен аяқтағым келеді. «Мамандықтың бәрі жаманы жоқ, бірақ мұны кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» -дейді. Кітапханашының еңбегі қоғам мен мемлекеттің дамып, өркендеуіне үлес қосатын өте қажетті мамандық.

«Абай атындағы орта мектебі» КММ

Сембигалиева Жанылсын Мубиновна

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Сембигалиева Жанылсын Мубиновна

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

Шымкент қаласы. Қазақстан Зиятркелік "Бәйтерек мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Тельмаева Назерке Жаскыранкызы 116 оқылым 3 мин
Қазақ әдебиеті

Жазылым академиясы: эссенің толық бағыты» – оқушылардың жазылым құзыреттілігін дамытудың тиімді құралы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Абай атындағы негізгі мектебі» КММ Жамбыл облысы, Талас ауданы Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, сыни ойлау қабілетін қалыптастыру және…

Казакбаева Жанар Меирбековна 62 оқылым 2 мин
Қазақ әдебиеті

Әдеби мәтінді сахналау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

«Сарыжар жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қазақстан, Ақтөбе Аннотация: Мақалада әдеби мәтінді сахналау әдісінің оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы педагогикалық…

Аблашимова Жазира Бекмуратовна 96 оқылым 6 мин
Қазақ әдебиеті

Медиаэтика: медиа саласында жиі кететін қателіктер.

Бальзакова Арайлым, 3 курс Мәтіндегі қате медиа этикасын бұзады Қазіргі таңда медиа әлемінде ақпараттың дәлдігі маңызды рөл атқарады. Мәтіндегі қателіктер мен жалған ақпараттардың таралуы медиа этикасының бұзылуына…

Арайлым Бальзакова 31 оқылым 2 мин