Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 35 оқылым

Бақ қонған бас киім

Ертеде бір Жұман деген жарлы болыпты.Бірде ол  балаларына тамақ табу үшін аңға шығады.Көп ұзамай бір елік атып алады.

Үйіне алып келе сала соя бастайды.Қарынын жарып калса.  ішінен бір алтын жүзік жатыр екен. Сол жүзікті қолына алғаны сола екен жан-жағы қап-қараңғы болып кетеді.  Бір кезде алдынан  бір жас жігіт көрініп:

-Уа,Жұман,  Қош келдің!- деп дауыстайды.

Түк тұсінбей қалған Жұман көзін қайта-қайта уқалап,түсім екен деп ойлап қалады.Қайта-қайта өз бетін өзі ұрғыштап: -Түсім бе, өңім бе?- деп  абдырап қалды.

-Сенің алдыңда үш зат тұр.Соның бірін таңдап ал,  -деп жігіт алдына  жаңа етік, тамақ тола қазан және оюлы бас киімді ұсынып:-Етікті таңдасаң-тек жақсы жерлерге барасың, тамақ толы қазанның тамағы ешқашан таусылмайды,баскиім- жай ғана баскиім,- дейді.

  Жұман көзін ашып қарады. Еш ойланбастан оюлы бас киімді таңдады.  Басына киіп алды.Жан-жағына қараса өз төсегінде жатыр екен.

-Мұны қайдан алдың?!-деген бәйбішесінің даусы саңқ ете қалды.

-Оййй,бәйбіше,саған өтірік,маған шын.кешегі атып алған елігімнің ішінен алтын жүзік шықты.Соны қолыма ала бергенде,-деп басынан өткенді айтып берді.Бәйбіше;-Неге аяқ киімді таңдамадың?-деп сұрайды.

-Тек жақсы жерге барсам,жаманның қандай боларын ұмытамын ғой-дейді.

-Неге тамақ толы қазанды таңдамадың?Ең болмаса балаларға тамақ іздеп әуре болмас едің.Үйде жатып тамақ іше беретін едік.Мына бас киімнің не керегі бар саған?-дейді.

-Өй,бәйбішем-ай!Бәрі дайын болып тұрса,тамақ өзі ауызға түсе берсе, менің

жатып ішер жалқаудан қай жерім артық болғаны? Менде жөні түзу бас киім жоқ өзің білесің.Аяғымда әкемнен қалған ескі етігім бар.Сен тамақ істейтін қазанымыз бар емес пе? «Бұйырған кетпейді»-демекші  аузымызға бұйырған ас кетпес,-дей бергенде әлгі жас жігіт Жұманның көзіне көрініп:

-Әй,Жұман, сен дұрыс жасадың. Бұл негізінде Бақ қонған бас киім еді. Сенің қанағатшылдығың мен ақылдылығың  сенің бағың болды. Бұдан былай басыңа тек бақ қонсын,-деп ғайып болды.

             Қанғатшыл Жұманның  өмірі тек қуаныш пен жақсылыққа толы болды.

Авторы
Ғафуржанқызы Айгерім

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл: білімнің шамын жаққан ұлы тұлға

Мақалада Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, қазақ балаларына білім беру жолындағы еңбегі мен әдеби мұрасы сөз болады. Оның шығармаларындағы білімге құштарлық, еңбекқорлық және адамгершілік идеяларының бүгінгі маңызы көрсетіледі.

Қожабек Амина 2 мин 45 оқылым
Қазақ әдебиеті

Асқар Алтайдың «Сират көпірі» шығармасы: тарихи романның көркем жүйесі мен рухани ұстанымдары

Мақалада Асқар Алтайдың «Сират» романы тарихи-философиялық қырынан талданып, кейіпкерлер жүйесі, көркемдік құрылымы және ұлттық рух мәселелері қарастырылады.

Жазит Алтынай 12 мин 10 оқылым
Қазақ әдебиеті

Аңыз әңгімелердегі ұлттық құндылықтар

Ғылыми мақалада қазақ аңыздарының тарихи жадты сақтаудағы және ұлттық құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне жеткізудегі маңызы қарастырылады.

Сейтхан Ернұр 4 мин 36 оқылым
Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

Шымкент қаласы. Қазақстан Зиятркелік "Бәйтерек мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Тельмаева Назерке Жаскыранкызы 3 мин 126 оқылым