Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

2 мин оқу 537 оқылым

Ибраева Куралай Серикжановна

Қазақ    тілі
Сыныбы: 2 «Ә»
Сабақтың тақырыбы:Хабарлы сөйлем

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға хабарлы сөйлем туралы түсінік беріп, хабарлы
сөйлем жайындағы білімдерін, байқағыштық қабілеттерін  каллиграфиясын жетілдіру, сөздік қорларын, сөйлеу тілдерін дамыту, сонымен қатар ұқыпты болуға,әдемі, таза жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сабақтың тақырыбына байланысты суреттер, кестелер,интербелсенді тақта.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап әдісі, топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі

- Сабаққа қажетті құралдарын әзірлеу

а)Психологиялық дайындық.

Мұғалім: Екі көз не үшін керек? Оқушылар: Бар жақсылықты көру үшін  Мұғалім: Екі құлақ не үшін керек? Оқушы: Ақыл­кеңесті тыңдау үшін  Мұғалім: Екі қол не үшін керек? Оқушы: Елге көмек беру үшін Мұғалім: Екі аяқ не үшін керек? Оқушы: Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін   ә) Оқушыларды топқа бөлу,топ жетекшілерін сайлау.
- «Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған өмірдің кез - келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байрағы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілімнен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен»?- деп Президентіміз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, қазақ үшін қымбат қазақ тілі сабағы басталды.

*   Бәсең    дауыспен   сөйлеу.
*   Кезек   сақтау .
*   Дау  -   дамайға     айналдырмау
* Тақырып төңірегінен  ауытқымау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Менің балаларым сабаққа әзір ме екен?
    2. Мен мұғалімнің көңілінен шыға аламын ба?
    3. Сабақ басталды.
    4. Мұғалімдер сабаққа қатысты.
    5. Алақай, мен «5» алдым?
    6. Менің балаларым неткен ақылды!

ІІІ. Жаңа сабақ

- Балалар, бүгінгі сабағымызды қандай тақырыппен танысатынымызды білу үшін сөзжұмбақты шешеміз.

1. Х - дан егер бастасаң, сәлемін досқа жолдаған.
2. Қолы жоқ, сурет салады. Тісі жоқ тістеп алады.
3. Сырттай ұқсас малтаға, қаламның бұл ғажабы жылтыр қара тақтаға. Аппақ сүтпен жазады.
4. Күнде оған қараймын. Қара шашты тараймын.
5. Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші, әр үйде бар, тапқышым, кәне, тапшы!
6. Ешкінің төлін қалай атайды?
7. Күнделікті тамақ дайындауға қолданатын нәрсені ата.
1. хат
2. аяз
3. бор
4. айна
5. радио
6. лақ
7. ыдыс

- Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыз «Хабарлы сөйлем» деп аталады.
- Мен қазір сендерге өз сыныбым туралы мынадай сөйлемдер айта аламын.
Менің сыныбымда 23 оқушы бар. Оның 7- і ұл, 16 - ы қыз. Балалардың бәрі ақылды. Сабақтан қалмайды. Мұғалімді сыйлайды. Сабақта тыныш отырады...
- Мен қандай тыныс белгісімен аяқталатын сөйлемдер айттым? (нүкте)
- Мен бұл сөйлемдерде не туралы айттым? (сынып)
- Ендеше осы сөйлемдерді хабарлы сөйлем дейміз. Сонда хабарлы сөйлем дегенді қалай түсіндіруге болады? (ережені қорытып шығару)

Топтарға тапсырма беру.

ІV. Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс.

  1. Сабақты бекіту
    - Сөйлем дегеніміз не?
    - Хабарлы сөйлем дегеніміз не екен?
    - Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
    - Хабарлы сөйлемге мысал келтіру.
    - Сөйлемнің түрлерін ата?

    VІ. Үйге тапсырма (Күнделікке жазу)
    5 - жаттығу Ережені жаттау
    VІІ. Сабақты қорытындылау. Бағалау.

Авторы
Ибраева Куралай Серикжановна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

«Ертегілер әлеміне саяхат» әдеби викторина

«Ертегілер әлеміне саяхат» әдеби викторина Өткізу түрі: сайыс сабақ, топтық ойын Ұзақтығы: 45 минут Мұғалім: Бекишева А.М. Сынып: 3А Күні: 21.10.2026ж. Мақсаты мен күтілетін нәтижелер Мақсаты: ертегілер туралы білімді…

Бекишева Айжан 7 мин
Бастауыш сынып

Жасанды интеллект және бастауыш сынып: оқушының шығармашылығын дамыту МА, әлде дайын білімге тәуелділік ПЕ?

Қабылбек Мадина [email protected] «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ, Алматы, Қазақстан 6B01302 Бастауыш білім беру IP мамандығының 1 курс студенті Данабаева Маржан Айкыновна…

Қабылбек Мадина 14 мин 13 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы мен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру әдістері

Заманбек Айсулу «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының түлегі Ақмола облысы, Шортанды ауданы Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы мен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру әдістері Аңдатпа Бұл…

Заманбек Айсулу 4 мин 12 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып Оқушыларының сөздік қорын байытудың тиімді әдістері

Битуганова Әсем Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің “Бастауышта оқыту әдістемесі” кафедрасының 4-курс студенті Аңдатпа Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын…

Asem Bituganova 13 мин 15 оқылым