Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

2 мин оқу 952 оқылым

Айтжанова  Ақмарал   Бастырбаевна

Мақсаты: Тренинг ережелерімен танысу, қатысушылар арасында жақсы қарым-қатынас орнату, достық пен сыйластыққа баулу.

Қолданылатын құралдар:

  1. Баяу музыка;
  2. Үлестірме қағаздар;
  3. Арқан немесе жіп;
  4. Ағаштың суреті;
  5. Жеміс – жидектердің суреті;
  6. Қағаздан қиылған жүректер;

І. Ұйымдастыру кезеңі /Кіріспе бөлім/

  • Тренингтің қатысушыларын шеңбер жасап тұрғызу;
  • Баяу музыка қойып, қатысушылар қол ұстасып 1 минут алақандар арқылы жылы ипульстер жібереді;

ІІ. Негізгі кезең

1 – ойын: “Адам есімі және қасиеттері”

Оқушылар шеңберде тұрып бір-біріне доп лақтыру арқылы өздерінің есімін атап және сол есімінің бірінші әріпіне сәкес өзінің бойындағы жақсы қасиетін айтады.

Мысалы:

-- Жанерке – жайлы;

-- Заңғар – зерек;

-- Гүлжаз – гүлдей көңілді;

-- Дильназ – достыққа берік;

-- Таңнұры – тапқыр;

2 – ойын: “Кәне, ары қарай танысайық !”

Бұл ойында қатысушыларға жеке – жеке үлестірме қағаздар таратылады. Берілген үлестірме қағаздағы тапсырманы жылдам орындап беру керек.

  1. Өзін-өзі мақтау;
  2. Өзіне-өзі сын айту;
  3. Өзін-өзі өсімдікке теңестіру;
  4. Өзін-өзі көлікке теңестіру;
  5. Өзін-өзі тағамға теңестіру;
  6. Өзін-өзі сусынға теңестіру;
  7. Ең әдемі қатысушы туралы пікірін айту;
  8. Ең пысық қатысушы туралы пікірін айту;

3 – ойын: “Сиқырлы шеңбер”

Ортаға арқаннан шеңбер жасалып, қатысушылар орындарына отырады. Жүргізуші психолог қатысушыларға көбірек кездесетін заттарды немесе қасиеттерді айтады. Кімге сол аталған заттардың және қасиеттердің қатысы болса жылдам ортадағы шеңберге тұра қалады.

Енді осы шеңберде тұрған қатысушыларға берілген сөздерді іс – қимылмен көрсету ұсынылады.

  • Кімнің сағаты бар ?
  • Кімнің сақинасы бар ?
  • Кім шалбар киген ?
  • Көлікті қалай жүргіземіз ?
  • Жел тұрғанда талдар қалай қимылдайды ?
  • Суда балықтар қалай жүзеді ?

4 – ойын: “Сізге қандай жеміс – жидек ұнайды ? ”

Қатысушыларға 7 түрлі жеміс – жидектер ұсынылады. Солардың ішінен өзіне ұнайтын біреуін таңдайды. Таңдаған жеміс – жидектеріне қарай қатысушылардың мінездерінің ерекшеліктері айтылады. Қатысушылар мінездерінің ерекшеліктерін тыңдаған соң берілген ағаш суретіне жемістерін орналастырады. /интерактивті тақтада жұмыс жасайды/

5 – ойын: “Жылы тілектер”

Әр қатысушыға қағаздан қиылған “жүректер” беріледі. Сол жүректерге бір-бір жылы тілектер жазып, интерактивті тақтаның ортасындағы салынған үлкен жүрекке сол жазған тілектерін жазады.

ІІІ. Қорытынды кезең. Тренингті аяқтау жұмысы.

Қатысушыларды шеңберге жинап, естелікке сол “жүректерді” қалдырып, жалпы алғыс айтылады.

Авторы
Айтжанова Ақмарал Бастырбаевна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

«Ертегілер әлеміне саяхат» әдеби викторина

«Ертегілер әлеміне саяхат» әдеби викторина Өткізу түрі: сайыс сабақ, топтық ойын Ұзақтығы: 45 минут Мұғалім: Бекишева А.М. Сынып: 3А Күні: 21.10.2026ж. Мақсаты мен күтілетін нәтижелер Мақсаты: ертегілер туралы білімді…

Бекишева Айжан 7 мин
Бастауыш сынып

Жасанды интеллект және бастауыш сынып: оқушының шығармашылығын дамыту МА, әлде дайын білімге тәуелділік ПЕ?

Қабылбек Мадина [email protected] «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ, Алматы, Қазақстан 6B01302 Бастауыш білім беру IP мамандығының 1 курс студенті Данабаева Маржан Айкыновна…

Қабылбек Мадина 14 мин 13 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы мен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру әдістері

Заманбек Айсулу «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының түлегі Ақмола облысы, Шортанды ауданы Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы мен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру әдістері Аңдатпа Бұл…

Заманбек Айсулу 4 мин 12 оқылым
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып Оқушыларының сөздік қорын байытудың тиімді әдістері

Битуганова Әсем Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің “Бастауышта оқыту әдістемесі” кафедрасының 4-курс студенті Аңдатпа Қазіргі таңда бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын…

Asem Bituganova 13 мин 15 оқылым