Интернет – бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлер мен ұялы сымтетіктерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор желі. Бұл байланыс түрі ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, әлемде зор қарқынмен дамып келеді. Қазіргі заманда қажеттілікті тудырып отырған бүкіл ғаламдық күш ретінде ғаламтор желісі Қазақстандық ересек адамдар мен жасөспірімдердің өміріне әсер етуде. Оның адам баласына берер пайдасы мен зияны да жетерлік. Адам ұялы сымтетіктер мен компьютерлерге отырған кезде міндетті түрде интернетті пайдаланады VK, YouTube, Google, Instagram, WhatsApp, Facebook сынды санмың желілер алысты жақындатып, осы шақтағы уақытта адамдардың бір-бірімен байланысуына және түрлі мағлұматтар алуына, тіпті бейнебайланыс орнатуға септігін тигізуде.
Қазіргі уақытта интернет арқылы Үйде немесе жолда сүйікті фильмдеріңізді немесе мультфильмдеріңізді көруге, кітаптарды оқуға немесе тыңдауға болады. Мектепте оқу уақыты келгенде, тіпті мектептегі үй тапсырмалары Интернет арқылы беріледі, үй тапсырмасы да Интернет арқылы орындалады. Мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түскенде біз де интернетке толықтай байланып қаламыз. Мектеп бітіру және қабылдау нәтижелері интернет арқылы жарияланады.
Университеттерде оқу, жұмыс іздеу және жұмыстың өзі – мұның барлығын интернетсіз елестету мүмкін емес. Медицина, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, армия, тұрмыстық қызмет көрсету, құрал-жабдықтарды сату, киім-кешек, өнімдер, автокөліктер және сіз елестете алатын барлық нәрсе - мұның бәрі интернетпен байланысты. Қызметтің барлық салаларында адамзат дүниежүзілік желіні пайдаланады. Ғалымдар Интернеттің мүмкіндіктерін одан әрі дамытуда.
Барлығына Интернет қызметін ұсынатын көптеген әртүрлі компаниялар пайда болды. Интернет әрбір адамның, әрбір компанияның және әрбір елдің өмірінде маңызды орын алды.
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Осы материал бойынша
AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.
samira assylbekova
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.