Мазмұнға өту

Ежелгі ата-бабаларымыз 1 сынып

Bilimger Media 3 мин оқу 1 650 оқылым

Пән:ДүниетануМектеп:№6орта мектеп

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:3.1.Мұғалімнің аты-жөні:

Күні: 01.02.2018             Қатысқандар саны:

Сынып: 1 «Г»Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ежелгі  ата-бабаларымыз

Осы сабақта қол жеткізілетен оқу мақсаттары:

1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу

1.3.2.1 Көрнекі материалдар негізінде сақтардың өмір салтын сипаттау

1.3.3.1 Әртүрлі уақыттағы адамдардың өмірі туралы түсінік болу

Сабақ мақсаттары:

Кейбір оқушылар: қазіргі және ежелгі тіршілікті салыстыруды үйренy.

Оқушылардың басым бөлігі: сақ ханшайымы Томириспен танысy;

Барлық оқушылар: ежелгі ата-бабаларымыз сақтар, олардың мәдениеті, тұрмысы туралы мағлұмат алу;

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері:

·         Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындалса, оқушы оқу мақсатына жетеді.

  • Әр уақыттағы адамдардың өмірі туралы біледі.

Тілдік мақсаттар:

көшпенді ел – кочевник – nomadic people;

көлік – транспорт – transport;

бостандық – свобода – freedom

Бастапқы білім:

Алғашқы адамдар

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Амандасу

Сыныпты қалыпқа келтіру, түгендеу

Психологиялық дайындық

•      Дөңгеленіп тұрайық,

•      Бірге шеңбер жасайық.

•      Ағаш үйді биік қып,

•      Қолға уық алайық.

•      Керегесін тік ұстап,

•      Қанаттарын жазайық.

Бір-біріне сәттілік тілеу.

Міне, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын дегім келеді.

Топтарға бөлу.

1-топ – ежелгі

2-топ – қазіргі

3-топ – болашақ

Топ ережесін қайталау

Ширату жаттығуы:

·         Алғашқы адамдар қайда пайда болды?

Алғашқы адамдар қалай өмір сүрді?

Алғашқы адамдардың қазіргі адамдардан айырмашылығы қандай болды?

Отты қалай алды?

Олар қайда тұрды?

Қандай азықпен тамақтанды?

Слайд

Видео

Сабақтың ортасы

Білу.

Ой қозғау.

«Тапқыр болсаң, тауып көр»

Бүгінгі сабақта тарихқа саяхатымызды жалғастырып, ежелгі ата- бабаларымыз туралы білетін боласыңдар.Балалар, ендеше алдарыңызда трған эранға қараңыздаршы.

hello_html_37fe078c.jpg

hello_html_m1c4b6131.jpg

Ол, не? Балалар, қазақта мынадай мақал бар. «Жеті атасын білмеген ер жетім»

-бұл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Қане, кім жеті атасын біледі? Айтайықшы...

-Қане ,кім өзінің атасын айтып бере алады?

-Жарайсыңдар! Жеті атаны білу-біздің парызымыз.

«Жеті атасын білмеген ер жетім»

1.Бала

2.Әке

3.Ата

4.Арғы ата

5.Тек ата

6.Түп ата

7.Баба

-Балалар, бұл біздің ата-бабаларымыз. Ал, осы уақытқа дейін, ертедегі ата-бабаларымыз кімдер?

Олар кімдер болған екен?

Түсіну

(Ұ) сөзжұмбақ шешу:

http://www.oner.kz/media/uploads/2017/02/Ajbalta.png,https://go2.imgsmail.ru/imgpreview?key=2349daa2bddb217&mb=imgdb_preview_1991,http://e-history.kz/media/upload/1467/2014/05/20/cb445c8ae0544a38efc839eaae706154.jpg

Алдынғы әріптерден шыққан сөз. Сақ.

Бүгін сабақта сақтар туралы айтатын боламыз.

Видеокөрсетілім:

«Сақ тайпасы»

-Біздің ежелгі ата-бабаларымыз - сақтар. Олар көшпенді халық болған.Олар өмір үшін қолайлы, әрі мал үшін шөбі шүйгін жерлерге көшіп отырған. Жау келгенде, тіпті , әйелдері де қорған бола білген. Олардың басшысы- Томирис ханшайым. Ол –ержүрек, ер мінезді , ақылдылығымен көзге түскен. Сол заманда Томирис ханшайымы еліне парсы патшасы Кир шапқанда , елін жаудан қорғап, парсы патшасын өлтіреді. Сол кезден бастап сақтар әйел адамға үлкен сыйластықпен қараған. Сақ қоғамы үшке бөлінген. Жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер

Сергіту сәті «Көш қозғалды»

Қолдану

Сен білесің бе? «Томирис патшайым»

(Ұ; Ө) Таныс емес сөздермен жұмыс

Көшпенді халық– мал бағу үшін дәстүрлі бағыт бойынша бір жерден екінші жерге тұрақты түрде көшіп отыратын адамдар тобы.

Бостандық – еркіндік.

Томирис – сақ тайпасының патшайымы.

Кир – парсы елінің патшасы.

Жеті ата-қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан  тегінің таратылуының нақтылы жүйесі.

Талдау

(Т) Мәтінмен жұмыс

1-топ: Сақтар-біздің ежелгі ата-бабаларымыз. Олар көшпенді халық болған. Елінің бостандығын қалаған. Жерін жаудан қорғаған.

2-топ: Олардың басшысы- Томирис ханшайым. Ол –ержүрек, ер мінезді , ақылдылығымен көзге түскен. Сол заманда Томирис ханшайымы еліне парсы патшасы Кир шапқанда , елін жаудан қорғап, парсы патшасын өлтіреді.

3-топ: Олар өмір үшін қолайлы, әрі мал үшін шөбі шүйгін жерлерге көшіп отырған. Қазақтың көшпелі мал шаруашылығының өріс, қоныстары жылдың төрт маусымына қарай: жайлау-жазда,. күздеу-күзде, қыстау- қыста, көктеу-көктемде мал жаятын болған.

Мәтінді топта талқылау.

(Ұ, Ө) «Автор орындығы»

Мәтінді жариялау

Жинақтау

(Т) Постермен жұмыс

Ежелгі, қазіргі және болашақтағы көлік түрлерін ажырату.

1-топ: Ежелгі көліктер

2-топ: Қазіргі көліктер;

3-топ: Болашақтығы.

Қорғау

Слайд, суреттер

Слайд

Ребус

Видео

Видео

Слайд, тірек сөздер

Мәтін

Орындық

Суреттер, плакаттар, желім

Сабақтың  соңы

Үйге:51-52 беттегі «Ежелгі ата-бабаларымыз» тақырыбын оқып, мазмұндау.

Бағалау

Кері байланыс:  ауызша оқушыларға кері байланыс беру.

Рефлексия (ой қорыту):

https://lh5.googleusercontent.com/O-Xbk7Ky51pY1wRo8eTZ4QQjaSbxPprmYbjHWydS7cP7jyGMiDjcLvYZdMpK1xGF-YMvA2dOdpOf41eChct6zDmgggXjj3qnJY4rAfOOG-MQdhvAMmGIFZPHTPB2V2DTSY2ibmeSB0o

Оқулық

Білім кемесі

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін нейрогимнастика арқылы арттыру

Адилжан Аякоз Бастауыш білім беру Аңдатпа: Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының зейінін, есте сақтауын, ойлау қабілетін дамытуда нейрогимнастикалық жаттығулар мен нейроойындарды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Bilimger Media 28 оқылым 2 мин
Бастауыш сынып

Қош келдің, Наурыз!

№50 жалпы білім беретін мектебі КММ Бастауыш сынып мұғалімі DOCXӘДЕБ-ОКУ-АШЫҚ-САБАҚ.docxҚұжатты ашу

Жанахметова Жансая Бектасовна 48 оқылым 1 мин
Бастауыш сынып

Бастауышпен қоштасу сценарийі

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті бастауышым!» Қатысушылар: Жүргізушілер, 4-сынып оқушылары, бастауыш сынып мұғалімі, ата-аналар, мектеп әкімшілігі. Безендіру: Шарлар, гүлдер, «Қош бол, бастауыш мектебім!», «Алға, 5-сынып!»…

Bilimger Media 518 оқылым 4 мин
Бастауыш сынып

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін реинтеграциялау: нейропедагогикалық және цифрлық тәсілдер

№50 жалпы орта білім беретін мектеп Өскемен қаласы Аңдатпа Бастауыш білім беру деңгейіндегі білім алушылардың, соның ішінде екінші оқу жылындағы субъектілердің танымдық уәждемесінің деструкциялануы – «бейімделуден…

Қалиқатбек Жансая Мұқаметбекқызы 69 оқылым 6 мин