Малтаева Лаззат Арапбаевна Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Амангелді атындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі 107-сабақ
| Білім беру ұйымының атауы | Амангелді атындағы жббм | |
| Пәні: | Қазақ тілі | |
| Бөлім: | Ғарышқа саяхат | |
| Педагогтің аты-жөні: | Малтаева Л | |
| Күні: | 01.04.24ж | |
| Сынып: 4 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
| Сабақтың тақырыбы | Етістіктің шақтары | |
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 4.1.1.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту | |
| Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алады және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айтады..Оқушылардың басым бөлі мі: тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алады және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айтады..мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдейді Кейбір оқушылар: тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп алады және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айтады. | |
Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Ұйымдастыру,
өзін – өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру 10 мин |
Ынтымақтастық атмосферасын және өздеріне сенімділік қалыптастыру ширату жаттығулары арқылы жүреді.
1. Өткен сабаққа шолу: А)Үй тапсырмасын тексеру. «Керме жіп» әдісімен жаңа сабаққа кіріспе жүреді. -Жіпте ілінген парақтардағы сұрақтарға жауап беріп, жасырын сөзді ашыңдар. (етістік) - Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (е) - Заттың атын білдіретін сөздерді қалай атайды? (т) - Сын есімнің анықтамасы? (і) - Заттың санын, ретін білдіретін сөздер қай сөз табына жатады? (с) - Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөздерге мысал келтір. (т) - Етістіктің анықтамасын айт. (і) - Негізгі және туынды етістікке мысал келтір. (к) -Бүгінгі сабақта етістіктің шақтарын анықтауға арналған тапсырмалар орындайтын боламыз. Сабақ мақсатын хабарлау. Білімленд платформасынан видео сабақпен таныстыру |
Жаттығу жасайды.
Саналады. Топқа бірігеді. Топ басшысын сайлайды. Топ ережесін еске түсіреді. Тапсырма тексертеді. Тақырыпты, сабақ мақсатын анықтайды. |
«Ауызша мадақтау» әдісі: Жарайсың! Тамаша! Жақсы! Оқушылар жауабын толықтырып, әр қайсысына тиімді кері байланыс беріп отыру. |
Білімленд платформасынан видео сабақ |
| Жаңа білім
15 мин 2 мин 15 мин |
Жаңа сабақ
(Ұ) 1-тапсырма - «Ашық микрофон» әдісі. 1-жаттығу. Мәтінді тыңдап, негізгі тұстарын белгілеңдер. Мәтіннен белгілеген тірек сөздерің бойынша мәтінді мазмұндаңдар. Мәтіндегі таралады, жетеді, тұрады, жатады етістіктерінің қай мезгілде болған әрекетті білдіретінін айтыңдар. 2-жаттығу. Сөйлемдерді қатесіз жазып, етістіктерді табыңдар. Ж: аталады, зерттеп отырды, ұшыра бастады. Етістіктердің қандай мезгілдік ұғымда жұмсалғанын анықтаңдар. IMektep видеосымен танысу Анықтамамен жұмыс. Сергіту сәті: «Қаражорға» биі. (Т) 2-тапсырма - «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі. 4-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазыңдар.Етістіктің астын сызып, қай шақта тұрғанын табыңдар. Ж: ұшты-осы шақ. 5-жаттығу. Төмендегі жұрнақтар мен көмекші сөздердің қай шаққа қатысты екенін табыңдар. 6-жаттығу. Тірек сөздерді пайдаланып, «Қазақ ғарышкерлері» тақырыбында мақала жазыңдар. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер-Тоқтар Әубәкіров. Ол «Союз ТМ-13» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшқан. Талғат Мұсабаев ғарышта 3 рет болды. Одан кейін Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты. Білімленд платформасының тапсырмаларын сынып болып орындау және тексеру |
Тапсырмамен жұмыс жасайды.
Билеп сергиді. Тапсырма орындайды. Пікірін дәлелдейді. |
Дескриптор:
Мәтіннен неізгі тұстарды белгілейді-1балл. Тірек сөздер бойынша мәтінді мазмұндайды-1балл. Етістіктердің қай мезгілде болған әрекетті білдіретінін айтады-1балл. Сөйлемдерді қатесіз жазып, етістіктерді табады-1балл. Жаңылтпашты жатқа жазады-1балл. Етістіктің астын сызып, қай шақта тұрғанын табады-1балл. Жұрнақтар мен көмекші сөздердің қай шаққа қатысты екенін анықтайды-1балл. «Қазақ ғарышкерлері» тақырыбында мақала жазады-3балл. |
Қазақ тілі 4 сынып оқулығы
2-бөлім Интерактивті тақта |
| Қорытынды
5 мин |
Үй тапсырмасы: 3-жаттығу. | . | Интербел-сенді тақта |
Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз
Мақаланы телефонда ашыңыз
Осы материал бойынша
AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.
Автор
Bilimger Media